ЖЭО-3 және нөсер кәрізін салу мәселелерін талқылау
16.06.2021
Қалалық мәслихатта Батыр Котыревтің төрағалығымен ZOOM сервисінің бейнеконференцбайланыс платформасында Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Отырыс барысында ЖЭО-3 салу және елорданың нөсерлік кәріз жүйесін әрі қарай дамыту мәселесі талқыланды.
Негізгі мәселе бойынша «Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысы Төлеген Құлышев сөз сөйледі.
Жылу энергиясына деген қажеттіліктің артуын қамтамасыз ету мақсатында ЖЭО-3 іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде, ол энергия өсімін қамтамасыз етеді. Мердігер «Центрказэнергомонтаж» АҚ болып табылады және ағымдағы кезеңде ЖСҚ түзетіліп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. РБ қаражатынан құрылыстың бірінші кезегінің құрамы, қуаты 480 Гкал/сағ су жылыту қазандығын орнату бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
Төлеген Құлышев ҚР Энергетика министрлігіне өтінім жіберілгенін, РБК-да 5 млрд. теңге мақұлданғанын айтып өтті. Осы қаражат есебінен су жылыту қазандығын, трансформаторларды, инженерлік желілерді орнату бойынша жұмыстар жалғасатын болады. 2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымына дейін бірінші кезекті іске қосу үшін 30 млрд. теңге мөлшерінде қосымша қаржыландыру қажет.
Т. Кұлышев 17 тазарту қондырғысы мен 12 су жинағыш тоғаннан тұратын нөсерлік кәріз жүйесін дамытуға қатысты айтқандай, ол 15 мың гектардан астам аумақтан нөсерлік ағындарды бұруды қамтамасыз ететінін айтты.
2021 жылы Желілік кәрізді дамыту бойынша жобаны іске асыруға 5,7 млрд. теңге бөлінді. Бөлінген қаражат шеңберінде Солтүстік тас жолы ауданында, Жастар ауданында тазарту құрылыстары бойынша жұмыстар жүргізілуде. Нұрлы Жол вокзалы ауданында қаржыландыру қолдау таппады және басқа да қаржыландыру тапшылығы 8,3 млрд. теңгені құрайды. Материалдардың қымбаттауына байланысты жобаны қаржыландыруды түзету қажет.
Объектілерді коммуналдық меншікке беруге қатысты Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы жалпы ұзындығы 610 км болатын иесіз объектілерді коммуналдық меншікке беру белсенді жүргізіліп жатқанын айтты.
Басқарма 9,8 млрд. теңге сомасына 6 объект тапсырды, ағымдағы жылы 1 объект тапсырылды және жол картасы шеңберінде 2 объектіні тапсыру жоспарлануда. Тұрғын үй алаптарына қатысты Т. Кұлышев 37 проблемалық учаске бар екенін, олардың саны 29-ға дейін төмендегенін атап өтті. Нөсер кәрізінің 5-ші кезегін салу жоспарлануда.
Депутаттар қалалық құрылыс басқармасының басшысына 2018 жылы ЖЭО-3 құрылысы тоқтатылған кезде объектіні консервациялау ережелерін ескермей тоқтату жүргізілгені жайлы сұрақпен жүгінді. МЖӘ аясындағы жобаларды аралау барысында депутаттар су төгілмегенін, екі қыс бойы ғимараттың шатыры тазаланбағанын анықтады.
Сондай-ақ, депутаттар жоба құнының 35 млрд. теңгеге өсуіне байланысты сұрақтар қойды, қазір жалпы құны 122 млрд. теңге, бастапқы құны 87 млрд. теңге болды, оның 80 млрд. теңгесі игерілді. ЖЭО-3 мерзімі бойынша салынып бітуі тиіс, 5-10 млрд. теңге іске қосу-реттеу жұмыстарына қалады. Ақша жұмсалды, ал ЖЭО-3 дайын емес.
ЖЭО-3 бойынша жағдайға талдау жүргізген тұрақты комиссияның төрағасы Нұрлан Купешов мердігерге толық көлемде қаржыландыру бөлінбегенін түсіндірді.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов материалдардың қымбаттауы жаппай құбылыс екенін айтты, мысалы, құрылыс саласында баға 38%-ға өсті, осыған байланысты бөлінген қаражат ЖЭО-3 құрылысын аяқтауға тағы да жетпейді деген қауіп бар. Ол түсінікті болу үшін қандай жұмыс түрлері аяқсыз қалғаны туралы жалпы ақпарат беруді тапсырды. Бұл үшінші қымбаттау, ал баяғы жартас – сол жартас. Сондықтан ол басшыдан депутаттарға қандай проблемалар бар екенін, қалай шешіліп жатқаны, шешімі табылмай жатқан тұстары туралы ақпарат беруді сұрады, оның үстіне қазір 2030 жылға дейінгі Бас жоспар әзірленуде. Инженерлік желілер құрылысын қаржыландыруға қаражат РБ-дан бөлінеді. 15 жыл бұрын инженерлік желілермен мәселені шешпей объектілердің құрылысына рұқсат берілмеуі туралы тапсырма берілген еді.
Мердігер ұйымдармен мәселе туралы «Астана су арнасы» МКК басшысы баяндап берді, мердігерлер жұмысты бастап, оны жарты жолда тастап кететін жағдайлар жиі орын алады. Мәселен, 4 мердігердің екеуі жосықсыз болып шықты және оларды сотқа беруге тура келді. Нөсер кәрізін салу жөніндегі мердігерлермен де осындай проблема бар. «Астана су арнасы» мердігерлер бойынша барлық ақпаратты депутаттарға ұсынуға дайын.
Мәслихат хатшысы бір аптадан кейін «Нұрлы жол» инвестициялық жобасы аясында объектілерді аяқтау мәселелерін шешу үшін барлық мүдделі тұлғалардың қатысуымен көшпелі жұмыс кеңесін өткізуді ұсынды.
Депутаттар 2008 жылдан бастап 2019 жылға дейін жүргізілген және 31 млрд. 312 млн. теңге жұмсалған ЖЭО-1 объектісін қайта жаңғыртуды аяқтамаған «Центрказэнергомонтаж» АҚ бас мердігерінің атына сын-ескертпелер айтты, 2009 жылдан бастап 2020 жылға дейін ЖЭО-2 бойынша 105 млрд. теңгеден астам қаражат игерілді. Депутаттарға ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3 бойынша қаржылық аудит жұмысына қосылу ұсынылды.
Тұрақты комиссияның төрағасы Батыр Котырев қолданыстағы жылу жүйесі, проблемалық аймақтар туралы ақпарат беруді сұрады.
Бұдан әрі «BI Construction&Engineering» ЖШС Бас директорының МЖӘ жөніндегі орынбасары Олег Тен алаңнан тыс инженерлік желілер бойынша проблемалық мәселелер және МЖӘ шеңберінде 4 мектеп бойынша төлемнің болмауы туралы айтты.
Nova City мектебі бойынша шартқа сәйкес қарыз 2 266 млн. теңгені құрайды, болжам бойынша шілде айында қаражат бөлінеді, мектеп 2021 жылғы қыркүйекте тапсырылады. Capital Park мектебі бойынша қоса қаржыландыру сомасы 2 245 млн. теңге, мектепті 2021 жылдың желтоқсан айында тапсыру жоспарланған. Мектептерді бірлесіп қаржыландырусыз жеке серіктестің несие алуға мүмкіндігі жоқ, технологиялық жабдықтар мен ҚМЖ жеткізу шарттары төлемсіз қалды.
Депутаттар жаңа мектептерге жүргізілмеген инженерлік желілер бойынша Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысына сұрақтар қойып, аптаның соңына дейін Құрылыс басқармасының басшысынан Жағалау ауданындағы мектепке барлық инженерлік желілер бойынша анықтама дайындауды сұрады.