Кезектен тыс сессия: елорда бюджетін нақтылау
04.06.2021
Қалалық мәслихатта Нұрлан Купешовтың төрағалығымен Zoom сервисінің бейнеконференцбайланыс платформасында мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.
Мәслихаттың кезектен тыс сессиясының жұмысына қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен, Nur Otan партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сақтаған Сәдуақасов, аудан әкімдерінің орынбасарлары, мемлекеттік құрылымдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар мен БАҚ басшылары қатысты.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай, мәслихат сессиясы ашылғаннан кейін Қазақстан Республикасының әнұраны шырқалды.
Одан кейін Н. Купешов Мәслихаттың регламентіне сәйкес «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы № 418/54-VI «Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселені талқылау кезінде, мәселесін сапалы пысықтау үшін оны дауыс берудің күн тәртібіне енгізбеу туралы ұсыныс түскенін айтты. Бұл мәселе күн тәртібінен алынып тасталды.
«Нұр-Сұлтан қаласының Қаржы басқармасы» ММ басшысы Әліби Жұмаев елорданың 2020 жылға арналған бюджетінің іске асырылуы туралы баяндады.
А. Жұмаев өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласының бюджетіне жоспар бойынша 696 940,6 млн. теңге түскенін (661 040,8 млн. теңге), жоспар 35 899,7 млн. теңгеге (105,4%) асыра орындалғанын атап өтті. Бұл ретте бюджеттің кіріс бөлігінің негізгі асыра орындалуы (31 751,8 млн.теңге) салық түсімдері есебінен қамтамасыз етілді. Негізгі асыра орындаудың бірі корпоративтік табыс салығының түсімдері бойынша – 13 604,0 млн. теңгені құрады (жоспар 62 550,1 млн. теңге болғанда, 76 154,0 млн. теңге түсті).
Нұр-Сұлтан қаласы бюджетінің 2020 жылғы шығыстары 658 708,6 млн. теңгені құрады немесе 98,9%-ға орындалды (жоспар 665 934,3 млн. теңге сомасында).
Шығыстардың жалпы сомасындағы игерілмеген қалдықтың үлесі 1,1% немесе 7 225,8 млн. теңгені құрады. Сондай-ақ, ол бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатын игермеуі бойынша ақпарат ұсынды.
Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит қорытындылары туралы «Нұр-Сұлтан қаласының Тексеру комиссиясы» ММ төрағасы Иманжүсіп Ақпомбаев хабардар етті. Оның айтуынша, жалпы Тексеру комиссиясы әкімдіктің 2020 жылға арналған бюджеттің көптеген параметрлеріне тұрақты макроэкономикалық жағдай кезінде қол жеткізгені анықталды.
И. Ақпомбаев жалпы өңірлік өнім 2020 жылдың 9 айында 2019 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда төмендегенін атап өтті. Бюджетке нақты түсім 39,6%-ға артты. Бюджет қаражатының игерілмеуі 7,2 млрд. теңгені құрады.
Елорданың даму бюджеті - 225,8 млрд. теңге, игерілмегені - 5,6 млрд. теңге. Ең көп игерілмегені мынадай әкімшілерде болды: құрылыс басқармасы 5,4 млрд. теңге; отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы 159,9 млн. теңге; көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 22,4 млн. теңге игермеген.
Бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес бюджетті жоспарлау және нақты пайдалану тікелей түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағытталуы керек. Алайда жыл қорытындысы бойынша бюджеттік бағдарламалардың 30 әкімшісі бойынша 38 көрсеткішке қол жеткізілмеген, 100 көрсеткішке ішінара қол жеткізілген, сондай-ақ тікелей көрсеткіштердің болмау жағдайлары бар, 23 көрсеткіш бойынша түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуді анықтау мүмкін емес. Бұл жағдай көрсеткіштерді сапасыз жоспарлауды көрсетеді. Жылдан жылға бюджеттік жоспарлау бойынша рәсімдік іс-шаралардың бұзылуы қайталанады. РБ-дан трансферттер жіберілді, 14,2 млрд. теңге РБ-ға қайтарылды, бұл РБ қаражатының ұтымсыз пайдаланылғанын білдіреді.
2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласын дамыту бағдарламасын іске асыруды бағалау нысаналы индикаторлардың 47,6%-ға қол жеткізілгенін көрсетті. Елеулі кемшіліктер қаржылық тәртіпті бұзумен және бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне ведомстволық бағынысты ұйымдарға тиісті бақылаудың болмауымен байланысты.
Бюджетті атқару бойынша қорытындымен бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Нұрлан Купешов сөз сөйледі.
2020 жылы қала бюджетіне нақты түсім 696 940,6 млн. теңгені құрады. Түсімнің ең ірі көзі 332 млрд. теңге салықтық түсімдер болды. 2020 жылға арналған бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті талқылау барысында бюджет ұтымсыз жоспарланғаны туралы айтылды, бұл кейіннен дебиторлық берешектің өсуіне әсер етті, неғұрлым ұтымды жоспарлау кезінде бұл қаражатты әлеуметтік сипаттағы өткір мәселелерді шешуге бағыттауға болады. Ол Бюджет кодексінің жыл сайын бұзылуы бір бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінде байқалатынын атап өтті.
Ағымдағы жылдың бюджетін нақтылау бойынша «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысы Қайсар Манқараев сөз сөйледі.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында қалалық орта сапасын жақсартуға және әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге қосымша қаржыландыру қарастырылған. Жоспарды 380,2 млрд. теңгеге дейін жеткізе отырып, 36,6 млрд. теңгеге, оның ішінде салықтық түсімдер бойынша 30 млрд. теңгеге, салықтық емес түсімдер бойынша 4 млрд. 228 млн. теңгеге ұлғайту жағына қарай қайта қарау ұсынылады.
Табыстарға сүйене отырып, қала бюджетінің шығыс бөлігі қалыптастырылды, әлеуметтік саланы қаржыландыру көлемі 7,1 млн. теңгеге ұлғайтылады, оның ішінде ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне төлемдер, зейнеткерлерді санаторлық-курорттық емдеу, жеке көмекшілердің қызметтері, мүгедектерге такси және т.б. Білім басқармасына кезекші және аралас сынып мұғалімдеріне еңбекақы төлеуге, ТжКБ және ЖОО-да мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға, объектілерді күрделі жөндеуге бөлінді. Денсаулық сақтау басқармасы бойынша жаңа туған нәрестелерге арналған инкубаторларды сатып алуға (10), жаңа туған нәрестелерге арналған ӨЖЖ аппараттарын (3), ультрадыбыстық диагностикалық жүйені (3), жаңа туған нәрестелерді салқындатуға және жылытуға арналған аппараттарды (3), көп параметрлік мониторингтерді (34) сатып алуға, ведомстволық бағынысты ұйымдарды күрделі жөндеуге қаражат бөлінеді.
Сондай-ақ, жолаушылар тасымалын субсидиялау, көшелерге орташа жөндеу жүргізу, 210 бірлік көлемінде жаңа автобустар сатып алу бойынша «Жаңа көлік жүйесі» жобасын іске асыру, жаңа көшелер мен реттеудің техникалық құралдарын салу, нөсер кәрізін дамыту, ЖЭО-3 салу, Мыңжылдық аллеясы бойынша жаңа ТҚ, ТҚС, бульварлар мен скверлер салу және т.б. көзделген.
РБ-дан қосымша 79 млрд. теңге, Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде - 4 млрд. 3 53 млн. теңге бөлінеді. Инвестициялық жобалар бойынша жалпы сома 7 млрд. теңгеден асады.
Депутат Владислав Сергеев Жайық, Ертіс көшелері нашар жағдайда тұрған оңтүстік-шығыс тұрғын алабы бойынша ақпарат ұсынған басқармаларға сын айтты. Басқарма ақпаратында жөндеу жұмыстарына 8 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінгені айтылған, ал бүгін депутаттарға қаражат бөлінбегені туралы анықтама берілген. Көшелер қандай мерзімде жөнделеді және оларды жөндеуге қаражат қарастырылды ма? Бұл көшелерде инженерлік желілер бойынша жұмыстар аяқталуға жақын, мердігер өз есебінен аяқтауда. Екінші мәселе Кирпичный тұрғын алабына қатысты, сондай-ақ Байқоңыр ауданы әкімдігіне қаражат көзделгені туралы айтты. Кеше анықталғандай, қаражат көзделмеген, медициналық мекемені жөндеу бойынша конкурстық процедураға бір миллион теңге бөлінген.
Қайсар Манқараев аталған ОДА Денсаулық сақтау басқармасының теңгерімінде екенін, жөндеу жұмыстары бөлінген қаражат аясында жүргізілетінін айтты.
Оңтүстік-шығыстағы жолдарды жөндеу бойынша көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Жансұлтан Сапарбаев жауап берді. Ол қаражат тек инженерлік желілерге көзделгенін айтты.
Қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен бюджетті келесі нақтылау кезінде жөндеуге қаражат салу үшін бұл мәселені депутаттардың шақыруымен талқылауды және қалыптасқан жағдайдың барлық егжей-тегжейін анықтауды ұсынды.
Депутат Ғабит Тәжімұратов жұмыспен қамту жол картасын қаржыландыру жағдайы туралы сұрады.
Депутат Саят Батпенов №2 мектеп-гимназиясына қатысты тағы да сөз қозғады. Комиссия нәтижелері бойынша ғимарат бұзылуға жатады, ол қай мерзімге жоспарланып отыр.
Қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен бұл сұрақтың күрделі екенін, тамыз айында өтетін бюджетті келесі нақтылау барысында қайта оралуға болатынын айтты.
«Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ басшысы Тілеуғали Қышқашбаев Нұр-Сұлтан қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау және қаланың кейбір білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру туралы мәселе бойынша сөз сөйледі.
Тілеуғали Қышкашбаевтың айтуынша, жақында Ономастикалық комиссияның отырысы өтіп, онда есімдер беру мәселелері қаралды: №54 мектеп-лицейге Ақселеу Сейдімбектің, №86 мектеп-гимназияға Мұхтар Әуезовтің, Мемлекеттік академиялық филармонияға Еркеғали Рахмадиевтің есімін беру.
Депутаттар Ономастикалық комиссияның ұсынысын қолдады.
Қала әкімі аппараты басшысының орынбасары Нұрлыбек Балықбаев Терроризмге қарсы комиссияның және Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы бойынша сөз сөйледі.
Терроризмнің алдын алу және терроризмнің зардаптарын барынша азайту, жою бойынша мемлекеттік органдар мен өзін-өзі басқару органдарын үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанынан Терроризмге қарсы комиссия құрылды. Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға байланысты ұсыныстарды әзірлеу үшін Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді.
Кезектен тыс сессия соңында қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қатысушыларға алғысын білдіріп, биылғы жыл ерекше, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы екенін айтты. Алда мерейтой қарсаңында ауқымды жұмыстар күтіп тұр, бұл тек мерекелік іс-шаралар ғана емес, бұл білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет жүйесіндегі әлеуметтік маңызы бар жобалар, олар елорда халқының өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.
Мәслихаттың кезектен тыс сессиясының талқылауына шығарылған барлық мәселелер қаралып, олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.