Елордада жолдарды жөндеу мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы
12.05.2021
Қалалық мәслихатта Батыр Котыревтің төрағалығымен ZOOM сервисінің бейнеконференцбайланыс платформасында Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Тұрақты комиссия отырысының жұмысына «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК, «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Астана Су Арнасы» МКК, «Астана-Теплотранзит» АҚ, Қалалық полиция департаментінің Жол полициясы басқармасының басшылары, мемлекеттік құрылымдардың басшылары және БАҚ қатысты.
Тұрақты комиссия отырысының алдында депутаттар барлық мүдделі органдар мен ұйымдардың қатысуымен елорданың автомобиль жолдарын жөндеу, күтіп ұстау бойынша ағымдағы жағдайды зерделеу үшін көшпелі іс-шара өткізді.
Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Жанболат Сапарбаев елордада автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы баяндады.
Ж. Сапарбаев депутаттарға 18 жоба бойынша жаңа көшелер мен инженерлік желілердің құрылысы туралы ақпарат берді. Ол 2021 жылы магистральдық инженерлік желілерді жүргізу жоспарланғанын атап өтті: су құбыры желісін орнату - 10,7 км; нөсерлік кәріз желісі - 11,6 км; тұрмыстық кәріз желісі - 10,9 км; жылу желісі - 5 км. Тәуелсіздік даңғылы бойында Есіл өзені арқылы өтетін автожол көпірін жобалау аяқталды. Қазіргі уақытта бұл жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде. Оң қорытындыдан кейін құрылыс-монтаж жұмыстарына конкурс жарияланатын болады.
Республикалық бюджеттен 3160 млн. теңге қаражат бөлінді, оларды 6 жобаны іске асыруға пайдалану жоспарлануда.
Депутат Алмат Жүнісов Чугунка шағын ауданы бойынша мәселе көтерді, онда жақында ғана жол салынған, бірақ нөсер кәрізі жоқ, сондай-ақ кентте орталық сумен жабдықтау жұмыс істейді, ал кәріз жүйесі жоқ.
Комиссия төрағасы Батыр Котырев баяндамашыдан ағымдағы жағдайды талдай отырып, осындай ақпараттың тұрақты комиссияның атына жолдануын сұрады.
Депутат Ғабит Сатмағамбетов 305 көшенің қашан ашылатыны, ашылу жоспарлары туралы сұрақ қойды, бұған дейін Қала күніне дейін ашылады деген ақпарат болған. Бұл мәселе қала тұрғындарын осы бағыттағы тұрақты кептелістерге байланысты, әсіресе қарбалас уақытта алаңдатады. Мердігерлерге жүгіну оң нәтиже бермейді. Қосымша барып көру туралы ойлану қажет шығар.
Қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов депутаттар IKomek қызметінің деректері бойынша жағдайға талдау дайындағаны туралы ақпарат берді. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан 29 сәуіріне дейін жолдар мен жол-көлік шаруашылығына қатысты 6600-ден астам өтініш, жолдар мен тротуарларды жабу сапасы бойынша 2262 өтініш келіп түсті. Авариялық жұмыстар аяқталғаннан кейін, әсіресе қысқы кезеңде учаскелерді жөнсіз күйінде қалдырған жағдайда, проблемалардың бір бөлігін қаланың коммуналдық қызметтері тудыратыны баршаға мәлім. Шағымдардың басым бөлігі Пушкин, Үш қоңыр, Қабанбай батыр, Бөкейхан, Қорғалжын тас жолы, Қордай, Тұран, Сығанақ, Бектұров көшелерінің тұрғындарынан келді. Шұңқырлардың, ойықтардың және т.б. фотосуреттері бар барлық материалдар зерттеу және шаралар қабылдау үшін Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына жіберілетін болады.
Жолдарды салу, реконструкциялау және жөндеу барысында Басқарма жұмыстардың орындалу сапасын бақылайтын ұйымды жалдайды, бұл ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті жанындағы «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы». Кеше аралау барысында анықталғандай, Басқарма жұмыстарды жүргізу үшін қажетті қаражат көлемінің 35% бөлігін қаржыландыруды қамтамасыз етеді екен. Ағымдағы жылғы жағдай қандай болмақ.
Депутаттар Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына барлық аяқталмаған жобаларға егжей-тегжейлі талдау жасауды тапсырды, өйткені 2014 жылдан, 2015 жылдан бастап аяқталмаған жобалар анықталды. Сондықтан жол құрылысының барлық аяқталмаған жобалары, барлық проблемалық объектілер, тұрғын үй алаптары бойынша жеке талдау қажет, өйткені жыл сайын қомақты қаражат салынады, бірақ проблемалар азаймайды. Сондай-ақ, ЖПБ ұйғарымына сәйкес шұңқырларды жөндеуге фототіркеумен берілетін уақытқа, жолдар мен аула аумақтары бойынша ұйғарым кімге жіберіледі және орындаушы кім болып табылады деген сұрақтар қойылды. ЖПБ мәліметтері бойынша, қалада 47 апаттық жол қиылысы болған, қазіргі уақытта олардың саны қанша екенін анықтау керек.
Отырыс барысында коммуналдық қызметтер депутаттарға жолдардағы ірі олқылықтарды Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы, ал ұсақ-түйектерді коммуналдық қызметтер жоятынын баяндады. Астана Су Арнасының шағын жөндеумен айналысатын өз бригадасы бар, «Астана-Теплотранзит» тендер өткізіп, шағын жөндеу бойынша екі мердігер анықталды.
Депутаттар жолдарды қолдау жүйесі пысықталғанын, тек жұмыстың сапалы орындалуына қол жеткізу керектігін атап өтті. Бұл мәселе маңызды, себебі жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төніп тұр. Жол жабынының, уақытша жол жұмыстарының зақымдануынан, жол белгілері, қоршаулар болмаған жағдайда ЖКО жағдайында кім жауапты болады деген сұрақ туындайды.
Сондай-ақ, депутаттар құрылысты жүргізіп жатқан мердігер белгіленген объектілердің көбінесе паспорттары болмайтынын, сондай-ақ жолдың жүру бөлігінен қорғалмаған жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі толық көлемде қамтамасыз етілмейтінін айта кетті. Осы мәселелердің барлығын Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына жіберу қажет. Басқарма аталған кемшіліктерді жою бойынша қандай жоспарлар әзірленгенін хабарлауы тиіс.
ЖПБ өкілі депутаттарға жылына екі рет, көктемде және күзде Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасымен бірлесіп, қалада жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша анықталған кемшіліктерге талдау жүргізілетінін, содан кейін жинақтау үшін қаржы қаражатын бөлуге бюджеттік өтінім қалыптастыру үшін Көлік басқармасына жіберілетінін айтты.