Қосымша әлеуметтік көмек көрсету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы
05.05.2021
Қалалық мәслихатта Алтыншаш Табулдинаның төрағалығымен етуімен ZOOM сервисінің бейнеконференцбайланыс платформасында әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Жеңіс мерекесі қарсаңында тұрақты комиссия отырысының күн тәртібіне «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 28 сәуірдегі «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге байланысты Нұр-Сұлтан қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету қағидалары туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» мәселе енгізілді.
Қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина депутаттарға шешімде көзделген іс-шаралардың орындалуына байланысты күші жойылған нормативтік құқықтық актіні ұсынды.
«Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» екінші мәселе бойынша Сәуле Нұрғожина сөз сөйледі. Ол депутаттарға өзгерістердің енгізу жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге 35 АЕК-тен, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне 20 АЕК, басқа адамдарға, еңбек ардагерлеріне 11 АЕК әлеуметтік көмекті ұлғайтуды көздейтінін хабарлады.
Әлеуметтік көмекті жүзеге асырған жағдайда қала бюджетінен 127,5 млн. теңге қажет болады.
Сондай-ақ жүріп-тұруы қиын 1-топтағы мүгедектерді және шипажайлық-курорттық емдеу қызметін алатын мүгедек балаларды алып жүретін адамдарға шығындарды өтеуді белгілеу ұсынылады.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов отырыс қатысушыларына Қағидада басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері туралы айтылатыны, бұл санатқа Ауғанстандағы шекараны күзеткендер кіретінін еске салды. Ауған жауынгерлері осы шешімнің күші қолданылатын ардагерлер қатарына неліктен кірмейді деген сұрақ туындайды. Оларға жыл басында әлеуметтік көмек төленеді және бұл көмек осы шешімнің тізіміне кіргендерге қарағанда әлдеқайда аз. Болашақта мерекелік күндерде бұл санатты әлеуметтік көмексіз қалдырмау керек.
Депутат Серік Түсіпов ардагерлердің жесірлеріне көмек көрсету мәселесін көтерді. Оларға әлеуметтік көмек үшін қарастырылған сома толық төленген жоқ.
Тұрақты комиссияның төрайымы Алтыншаш Табулдина депутаттарға мәслихатқа «Марцана» қоғамдық қорынан өтініш түскенін хабарлады. Бұл мәселе қарастырылып отырған мәселелер тізіміне енгізілді. Тұрақты комиссияның отырысына ҚҚ және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылды.
«Марцана» қоғамдық қорының құрылтайшысы Сәуле Сырланова Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған интернаттары мен түзету мектептерінде «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды зияткерлік дамыту» әлеуметтік жобасын іске асыруға жәрдемдесуге қатысты сөз сөйледі. Ол 2015 жылы елімізде білім беру жүйесіне бейімделген дәстүрлі емес әдістеме – ментальді арифметика көмегімен балалардың дамуы мәселесіне арналған презентацияны ұсынды.
Қазіргі уақытта «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды зияткерлік дамыту» жобасы Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Семей қалаларының мамандандырылған интернаттарында және түзету мектептерінде іске асырылуда. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар халықаралық жарыстарға қатысады.
С. Сырланова мемлекет білім берудің маңызды сегменттерінің біріне – қосымша білім беруге, атап айтқанда, балалардың психологиялық жағдайын тұрақтандыруға ықпал ететін ментальді арифметикаға назар аударғанын, оларда әлемнің жағымды бейнесі өзгергенін, көру, есту қабілеті жақсарғанын, нәтижесінде оларға жан-жақты және бәсекеге қабілетті болуға көмектесетінін атап өтті. Бөлімдер оқытудың әр кезеңі аяқталғаннан кейін жүргізілді.
«Марцана» ҚҚ құрылтайшысы депутаттардан әлеуметтік жобаны қолдауды сұрады, ал ұйым ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен ментальді арифметика бойынша сабақтарға педагогтердің тифло сурдо әдістемелік дайындығын өз мойнына алуға дайын.
Депутаттар Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Шәкәрім Сейсенбайға сөз сөйлеуді ұсынды. Ол ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы №604 «Білім берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес ментальді арифметика оқу бағдарламасына кірмейді, алайда қосымша білім беру ретінде ұсынуға болатынын айтты. Білім басқармасы уәкілетті орган үшін осы мәселе бойынша ұсыныс дайындайды.
Депутат Алмагүл Сегізбай сөз сөйледі, ол ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған балабақшаға барған кезде оң динамика бар екеніне көз жеткізгенін хабарлады. Нәтижесінде балалар норма типтік, яғни кәдімгі мектепке баруға дайын. Бұл, ең қалаулы нәтиже деп есептейді депутат.
№10 мектеп-гимназиясының директоры Мәрзия Тәшенова бұл әдістеме Брайль тілін меңгерген балаларға жарамды екенін атап өтті. Ол мұндай техниканы тым кішкентай балаларға берудің мағынасы жоқ деп санайды, оны бесінші сыныптан бастап қолдану керек, өйткені алдымен балаларға математика туралы түсінік беріледі, пәннің басқа да негізгі категориялары көп/аз. Түркиядағы ерекше балалар арасында жақсы нәтижелер мысалдары бар, бірақ абакус соқыр балалардың ерекшеліктеріне сәйкес өзгертілген. Баланың жетістігінің маңызды шарты - ата-аналардың үздіксіз қолдау көрсетуі.
Елорданың №1 мектеп-интернатының басшысы бұл жобаны Нұр-Сұлтанда енгізу проблемалы болатынын атап өтті, өйткені, мысалы, Алматыда зияты сақталған балалар оқиды.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов көтерілген тақырып өте маңызды екенін айтты, бірақ барлық ата-аналар қосымша білім ала алмайды, себебі ол ақылы. Сондықтан, жобаның қажеттілігі немесе пайдасыздығы туралы нақты шешім қабылдамас бұрын, қалада қанша бала бар екенін түсіну керек, өйткені мұндай балалардың бір бөлігі үйде оқытылады. Ата-анасымен бірге саяжайларда тұратын балалар бар. Білім басқармасы ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың саны бойынша статистикалық деректерді қоса алғанда, осы мәселе бойынша егжей-тегжейлі ақпарат дайындауы қажет.