Астананың мәдениет және спорт объектілерін сенімгерлік басқаруға беру туралы
24.02.2021
Мәслихатта ZOOM сервисінің бейнеконференцбайланыс платформасында Алтыншаш Табылдинаның төрағалық етуімен әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Күн тәртібінің «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын құру және іске асыру шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласының мәдени және спорттық нысындарын берудің тиімділігі мен орындылығы туралы» негізгі мәселесі бойынша қалалық активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ерсін Өтебаев баяндама жасады.
Е.Өтебаев активтер мен мемлекеттік сатып алуды басқару функцияларының бірі әкімдіктің меншігіндегі объектілерді сенімгерлік басқаруға беру болып табылатынын айтты. Мемлекеттік органдармен 41 шарт жасалған. Теннис орталығы 10 жылға Қазақстанның теннис федерациясының сенімгерлік басқаруына берілді. Қоғамдық көлікке балама жасау мақсатында жұмыс істейтін AstanaBike (велосипедті жалға берудің автоматтандырылған жүйесі) те сенімгерлік басқаруға берілді.
2019 жылы үш кешен берілді: «Барыс Арена» бұқаралық мұз сарайы, «Астана Арена» футбол стадионы және «Алау» мұз сарайы «Astana Venue Management» ЖШС-ге сенімгерлік басқаруға берілді. Мысықтар мен иттерге арналған питомник пен № 77 мектептің жанындағы спорт алаңын беру жоспарлануда. Көлік, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет объектілері депутаттармен талқылау жасағаннан кейін берілетін болады.
«Astana Venue Management» ЖШС бас директоры Мәлік Хасенов қосымша баяндама жасап, сенімгерлік басқаруға берілген объектілердің қызметін дамыту стратегиясын депутаттарға ұсынды. Ол спорт нысандарын сенімгерлік басқаруға беру нәтижесінде кірістердің ұлғайғаны және кассалық тапшылықтың төмендегенін, 2019 жылдың қорытындысы бойынша нысандар плюске шыққанын атап өтті.
Әкімдік Бейбітшілік және келісім сарайын, Тәуелсіздік сарайын, Астана-Бәйтерек кешенін сенімгерлік басқаруға берді. Алайда, оң нәтижеге қол жеткізу үшін бірқатар саяси шешімдер қабылдануы қажет. Мәселен, Тәуелсіздік сарайы бұрын маңызды ауқымды іс-шаралар өткізілген жалғыз ғимарат болған, қазір ЭКСПО-2017 көрмесін дайындау барысында салынған алаңдар жұмыс істейді.
М. Хасенов Тәуелсіздік сарайын балалардың баруы үшін ашуды, Гимнастика орталығын ашуды ұсынды, соның есебінен бұқаралық спортқа деген қажеттілікті арттыру мүмкіндігі үш есе артады. Сондай-ақ, сарай аумағында №1 БЖСМ, «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебі (бал билері), Мейрамбек Беспаевтың домбыра мектебі, Қыдырәлі және Қарақат Болмановтардың өнер мектебі, Динара Сәдуақасованың шахмат мектебі, Сәкен Майғазиевтің Smart академиясы жұмыс істейтін болады. Нәтижесінде Тәуелсіздік сарайының табысы 160 млн.теңгені құрайды.
Карантиндік шектеулерге байланысты пайдалану мүмкін болмай отырған опера залын есепке алмағанда, Бейбітшілік және келісім сарайының әлеуеті 120 млн. теңгені құрайды. Барлық жалға алушылар үшін жалдау базасы зерттелді.
Баяндамашы бұрынғы механизм ескіргендіктен, жаңа Қағида жасау қажеттігін, үлкен ғимараттарды қала бюджеті есебінен 100% күтіп ұстау ұтымды емес екенін атап өтті.
Елордалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев депутаттарды мемлекеттік-жекеше әріптестіктің «Паралимпиадалық жаттығу орталығы және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Тарлан» мұз айдыны» жобасы туралы хабардар етті.
Спорт ғимараттарының ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Мысалы, 2018 жылдан бастап халықаралық деңгейдегі мамандандырылған паралимпиадалық жаттығу орталығы жұмыс істейді. Жаттығу орталығында голбол, отырып ойнау волейболы, арбадағы теннис бойынша спорттық ойын түрлері залы бар, пауэрлифтингке арналған кәсіби аймақ та сонда орналасқан. Орталықта паратхэквондо сабақтарына арналған 423 ш.м. бар. Спорт түрлері бойынша сабақтар тегін өткізіледі. Айына келушілердің орташа саны 3400 адамнан асады.
2020 жылдың желтоқсан айында Құрылыс басқармасы, Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен словакиялық «ColosseoEAS» халықаралық жетекші компаниясы арасында «Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазақстан» спорт сарайын зияткерлік технологияларды пайдалана отырып жаңғырту және кейіннен пайдалануға беру» жобасы бойынша 15 жыл мерзімге мемлекеттік-жекеше әріптестік шарты жасалды.
Бұдан әрі Мәдениет басқармасы басшысының м.а. Ермек Рахымов сөз сөйлеп, «Атамекен «Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені мен Салтанатты арканы сенімгерлік басқаруға беру бойынша конкурс өткенін айтты. Бүгінгі таңда беру бойынша ұсыныстар түскен жоқ. Бұған дейін Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік сарайы және Астана-Бәйтерек берілген болатын.
Депутат Л.Разбекова бас директор М. Хасеновтен Тәуелсіздік сарайына қатысты қарама-қайшылықты дәлелдер туралы түсініктеме беруді сұрады. 8 мың шаршы метр бар делінді, жалға 8,5 мың шаршы метр беріледі. Астана-Бәйтерек бойынша сұрақ – цифрлық технологияларды енгізу қаншалықты орынды, кешенге негізінен сырттан келушілер келеді. Келесі сұрақ – жалдау ақысын көтеру және қазіргі заманғы кіріс көздерін пайдалану туралы.
М. Хасенов депутатқа Тәуелсіздік сарайындағы коммерциялық алаң ғана көрсетілгенін, ондағы үлкен дәліздер, анфиладтарды жалға беру мүмкін еместігін, жалға алушылар үшін шаршы метрге 2 мың теңге, бұл басқа ғимараттарға қарағанда екі есе арзан екенін айтты.
Қолма-қол жұмыс істейтін кассасы бар Астана-Бәйтерек кешенінде қаржылық шығындарды болдырмау үшін келуді цифрландыру қажет. Талдау көрсетіп отырғандай, маусымдық кіріс негізінен мамырдан қыркүйекке дейін түседі. 2017 жылы кешенге 1600-ден астам адам келді, ал 2020 жылдың қараша, желтоқсан айларында кәсіпорын минусқа шықты. Туристік ағын ішкі туризмді дамыту арқылы қалпына келеді деген үміт бар.
Табыстың заманауи түрі Тәуелсіздік сарайында жүзеге асырылады, онда шығармашылық орталықтар балалар үшін тегін болады. Көп балаларды қамтуға мүмкіндік беретін жан басына шаққандағы қаржыландыру үлкен рөл атқаратын болады.
Депутат А. Айтхожин сөз сөйлеушіні қолдап, спорт ғимараттарын беру жөніндегі шешім бірегей әрі орынды екенін айтты. Барыс-аренада бассейннің ашылуы қазір өте уақтылы шара, бірақ келуге болатын уақытты реттеп, түзету керек. Футбол алаңдарын тегін пайдалану тәжірибесін тоқтату керек. Сенімгерлік басқарудың мақсаты – елорданың спорт нысандарын ұстауға бюджеттік жүктемені азайту.
Депутат В.Сергеев ЖШС-нің пайдасына да сөз сөйлеп, жұмыс нәтижесі көрініп тұрғанын, еншілес компания мәселелерді шешіп жатқанын айтты. Бірақ ол спорт нысандарын жеке ұйымға беруге қарсы, өйткені ондайда бірден проблемалар пайда болады. Сергеев ЖШС қызметі жеке кәсіпкерге жағдай жасау үшін өтпелі кезең болмауы керек деп санайды.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов депутаттарға Жол картасында жастарды 50% жеңілдікпен қамтамасыз ету міндеті тұрғанын еске салды. «Бұл шекке қашан қол жеткізіледі, Жол картасын іске асыру осы шараның іске сырылуын көздеп отыр емес пе?» деген сұрақ қойды.
М.Хасенов проблемалар жүйелі сипатқа ие болып отыр деп жауап берді. Мысалы, «Қазақстан» спорт сарайындағы жағдайды айтайық. Инженерлік талдау оның неліктен үшінші дәрежелі апаттық жағдайда болғанын көрсетті. Өз кезінде бассейн барлық нормаларға сәйкес салынды, уақыт өте келе гидрооқшаулағыш жүйесін жөндеу қажет еді, сонда бассейн тағы 50 жыл жұмыс істейтін еді. Бірақ қаржыландырылмағандықтан жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ, 1,5 жыл ішінде металл конструкциялары бұзылды. Басқару жүйесі тиімді болмады, нәтижесінде дер кезінде жасалмаған жөндеу жұмыстары күрделі проблемаға айналды. Қорабқа келетін болсақ, шатырдағы қар көп болғандықтан, шатыр құлап кеткен, мұнда да керек кезінде бірнеше миллион теңге бөлінбеген.
Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы депутаттардың сауалдарына жауап бере отырып, басқарушы компания азаматтардың жекелеген санаттарының тегін баруын қамтамасыз ету бойынша меморандум жасағандығын, ғимаратқа ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізетіндігін, тоқсан сайынғы есепті жүзеге асыратынын, әкімнің орынбасары А.Әмірин, Атамекен палатасының өкілдері, депутаттар бастаған комиссия тексеру жүргізетіндіктерін жеткізді. Ол нысандарға экскурсия жасауды және бәрін, соның ішінде келісімшарттарды да сол жерде көруді ұсынды.
Депутат Н. Оразханов слайдтардағы объектілерді дамыту үшін шектеулер, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің созылып кетуі, қаржыландыруды кезең-кезеңімен қысқарту және т.б. туралы ақпаратқа, халықаралық тәжірибе, ТМД елдері мен шет елдердің зерттелгеніне назар аударды.
Жаңа нысандардың, қазіргі кезде Мәдениет және спорт министрлігінің балансында тұрған жеңіл атлетикалық кешеннің, жабық футбол алаңдарының құрылысына, олармен кімнің айналысатынына назар аударылды. 2-3 жылдан кейін олар бос ап қалмауы үшін, жобалар одан әрі сенімгерлік басқаруға берілгеннен кейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік сүйемелдейді ме, мүмкіндігі шектеулі адамдар, оның ішінде балалар үшін спортты дамытудың қандай перспективалары бар екеніне қатысты көптеген сұрақтар қойылды.
Отырыс нәтижелері бойынша қаулы қабылданып, ұсынымдармен бірге елорданың тиісті мемлекеттік органдарына жіберілетін болады.