Тексеру комиссиясы өткізген іс-шаралардың қорытындылары жөнінде
16.02.2021
Мәслихатта Нұрлан Көпешовтің төрағалығымен қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы «Zооm» бейнеконференцбайланыс платформасында өтті.
«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Иманжүсіп Ақпомбаев елордадағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтауға бағытталған, яғни 2020 жылға арналған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру бойынша Нұр-Сұлтан қаласының Тексеру комиссиясының бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы есеп беруде.
И. Ақпомбаев депутаттарға 2020 жылы Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 68 объектідегі 12 аудиторлық іс-шараның қорытындылары шығарылғанын, оның ішінде жалпы саны бойынша
575,3 млрд. теңге соманы қамтыған 26 мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектордың 42 субъектілері туралы хабарлады.
Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 107,9 млрд. теңгені немесе аудитпен қамтылған қаражат сомасының 18,8% құрады.
Талдау көрсеткендей, елордалық бюджеттің атқарылуы айтарлықтай кемшіліктермен жүзеге асырылады. Мәселен, бюджеттің шығыс бөлігінде өткен жылға қарағанда бюджеттің орындалмау деңгейі жоғары –
7,2 млрд. теңгеден 2,6 млрд. теңгеге дейін (2019 жылғы бюджеттің орындалмауы).
Сонымен бірге, бюджеттің кірістер бөлігінде 2020 жыл ішінде бюджетке түсімдердің оң динамикасы байқалады, салықтық түсімдер бойынша бекітілген жоспардың төмендеуіне қарамастан, жалпы алғанда
105,4% орындалды.
«Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ мемлекеттік аудиті кезінде 2020 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша вакциналар мен басқа да медициналық иммунобиологиялық препараттарды орталықтандырылған сатып алуға және сақтауға бөлінген 421,5 млн. теңге сомасында пайдаланылмаған бюджет қаражатының жетіспеушілігі анықталды.
Мәдениет және спорт басқармалары мәдениет және спорт саласындағы аудит нәтижелері бойынша Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде жұмыстар мен қызметтердегі жергілікті қамтудың үлесін кем дегенде 90% қамтамасыз етпеді, бұл бағдарламаның жоспарланған мақсаттарына қол жеткізілмегендігін көрсетеді. Уақытша жұмыс орындарын құру бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде мердігерлер формальді тәсілді қолданады.
Жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау және ішкі саясат саласында жүргізілген аудиттің алдын ала мәліметтеріне сәйкес, жұмыспен қамту және ішкі саясат басқармалары бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту кезінде Бюджет кодексінде көзделген кейбір нормаларды сақтамағаны анықталды.
Сондай-ақ, білім беру саласында жүргізілген аудиттің алдын ала деректері бойынша бюджеттік өтінімдерді әзірлеу кезінде заңнама талаптарының сақталмағаны анықталды, рәсімдік сипаттағы жүйелік бұзушылықтарға жол беріледі, кейбір жағдайларда бюджеттік өтінімдер жалпы сомасы 21 637,1 млн. теңгені құрайтын бюджет қаражатын жоспарлау кезінде игерілмеген.
И. Ақпомбаев сөзін қорытындылай келе, 2021 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізімінде 297 290,1 миллион теңгені құрайтын
18 аудиторлық іс-шара жоспарланғанын, соның ішінде 16 тиімділік аудит,
1 сәйкестік аудиті, 79 аудит объектісін қамтитын қаржылық есептілік бойынша 1 аудит.
Депутаттар баяндамашыдан бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік бюджетті жоспарлау қағидаларын сақтамауы, бюджеттің атқарылуы туралы тоқсандық есептің нәтижелері туралы, аудан әкімдіктерінің бюджетті сапасыз жоспарлауы туралы, бухгалтерлік есепте қандай проблемалар бар екендігі туралы сұрақ қойды, мысалғаа жасыл желектер үшін бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану дегеніміз не, бұзушылықтар үшін жеке жауапкершілікті кім көтереді, Мұңайтпасов стадионы мәселесі қалай шешіледі.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов жасыл желектер мәселесі жүйелі мәселе екенін, оны шешуде қаланың климаттық жағдайын ескеру қажет екенін атап өтті. Жасыл желектерге арналған жеке кешенді бағдарлама жасалынуы керек, ол екпелерді суару мен күтіп-баптауды, сұрыптардың өсуін талдау, жел бағытының, климаттың, нақты орындаушының және тағы басқаларды ескеру арқылы жүргізіледі.
Депутаттар баяндамашыдан слайдтардағы мәліметтерден, Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 145 жоба бойынша шарттар жасалып, 105 жоба іске асырылғанын, қалған жобалар бойынша жағдайдың қалай дамып жатқанын түсіндіріп беруін сұрады.
Тұрақты комиссияның төрағасы Нұрлан Көпешов бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржылық бұзушылықтар үшін қатаң жазалау керек екенін баса айтты.
Мәслихат хатшысы төрағаның ұсынысын қолдап, егжей-тегжейлі талдау жасалған ақпарат беруді сұрады. Ол коронавирустық пандемияға байланысты қалада мәйітханасы бар крематорий салу қажеттілігі туындап отырғанын атап өтті. Республикалық бюджеттен ақша бөлінді, бірақ мәселе шешілмеді.
Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында халықты жұмыспен қамту мәселелері шешілуі керек еді, бірақ іс жүзінде 90% уақытша жұмыс орындары, ал 10% ғана тұрақты жұмыс орындары. Тиімсіз жоспарлаудың келесі мысалы Бөгенбай батыр даңғылындағы политехникалық колледж жатақханасының ғимараты, оны бастапқыда жөндеу жоспарланған болатын. Алайда сараптама нәтижесінде ғимарат күрделі жөндеуге келмейтіндіктен сүрілуге жататындығы анықталды.
Тұрақты комиссия отырысының қорытындысы бойынша депутаттар айтқан ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, қаулы қабылданады.