Құрметтейміз, ұмытпаймыз, жақсы көреміз...
29.04.2020
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығы – соғыс даласында соғысқан, тылда еңбек еткендер үшін, олардың балалары мен немерелері үшін қасиетті мереке.
Жеңіс мерейтойы – бір жағынан Жеңісті жеңіп алғандардың азайғанын еске түсіретін оқиға. Сондықтан олармен әлі де араласуға тырысып, өз ықыласымызбен, кішіпейілділігімізбен, мейіріммен қарап, қуантуға бар мүмкіндігімізді салуымыз қажет.
Өмір мен өлім шегінде жүрген адамдардың сезімдерін, Отан үшін, өз жақындары мен өздеріне белгісіз адамдарды құтқару үшін, ұрпағымыздың жарқын болашағы үшін ажалға қарсы тұрған жастардың ішкі шиеленіс күшін жеткізу қаншалықты ауыр.
Біздің елімізде Жеңіс күнін әр үйде атап өтеді, бұл біздің әрқайсымыз үшін өте ерекше оқиға. Балалық шағымызда аталарымыздың жақындарын жоғалтқан күндерге ойша оралып, көз жасына ерік берген кездеріне талай куә болдық. Біз жанымыз жанашырлық сезімге толып, көз жасымызға бірге ерік беретінбіз.
Барлығымыз ата-аналарымыздың, ата-әжелеріміздің, құнды және бірегей бөлшегі болып табыламыз, біз өзімізбен жанашырлық пен махаббатты алып жүреміз. Олардың біз үшін жасаған барлық істерін есте сақтаймыз.
Қаламызда тұратын, қасымызда жүрген ардагерлерге деген құрметіміз бен алғысымыздың белгісі ретінде, олар туралы қысқаша мәліметті өз сайтымызда орналастырамыз.
Бекмади Ахат Бекмадиұлы
1923 жылы 1 қыркүйекте Ақмола облысы Астрахан ауданы Казкосколь ауылында дүниеге келген. 1942 жылы әрекеттегі әскер қатарына шақырылды, Мәскеу қаласының қорғанысына, Курск және Орлов доғасындағы шайқасқа қатысты. Ұрыста жараланып, 1944 жылы денсаулық жағдайы бойынша әскерден босатылды.
Ахат Бекмадиұлы көп жылдар бойы білім беру жүйесінде жұмыс істеді. Жетістіктері үшін «Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін елордада тұрып жатыр.
«I және II дәрежелі Отан соғысы» ордені, «Германияны жеңгені үшін» медалі, «Курск және Орлов доғасының қатысушысы» медалі, 10 мерейтойлық медалі секілді әскери марапаттары бар.
2015 жылы Мәскеу қаласындағы Қызыл алаңдағы Жеңіс шеруінің қатысушысы.
Плужникова Екатерина Герасимовна
1924 жылы 6 шілдеде Тамбов облысының Мичуринск қаласында дүниеге келген. 1942 жылдың маусымында әскерге шақырылды. 24-ші армияның 316-шы атқыштар дивизиясында далалық поштаның пошташысы қызметін атқарды. Курск доғасындағы ұрыстарға дисло-поштасы бөлімінің басшысы ретінде, Днепрден өту, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Югославия және Австриядағы ұрыстарға қатысты. Плужникова майданда үш жылға жуық уақыт өткізді. 1945 жылдың қыркүйегінде әскерден оралды. Плужникова 30 жыл байланыс жүйесінде жұмыс істеді.
ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін» медальдарымен марапатталған.
Балапанов Мұқан
Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы Мыржық ауылында туған. 1943 жылы әскер қатарына шақырылып, Ташкент пулемет училищесінде оқыған, оны аяқтамай, Сталинград майданында курсант ретінде соғысып, Белоруссияны азат етті.
Соғыстан кейін ішкі істер органдарында 1945 жылдан 1984 жылға дейін жұмыс істеді. Сол жылы зейнеткерлікке шықты. Полковник атағында запасқа шықты.
Әскери марапаттары туралы І дәрежелі Отан соғысы ордені, «Ерлігі үшін» медалі және басқа да мерейтойлық медальдары куәландырады.