Денсаулық сақтаудың басым бағыттары
27.12.2019
Қалалық мәслихатта "Депутат күні" отырысында денсаулық сақтау саласындағы мәселелер талқыланды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисикова бұл салада қандай жұмыс жүргізілгені және алдағы жылы не істеу керектігі туралы баяндады.
Осы жылдың басты жетістіктерінің бірі Денсаулық сақтау саласында "Үйдегі дәрігер" жобасын жүзеге асыру болды. Мәселен, биылғы жылы ЖТД-ның 49 учаскесі бар сегіз нысан ашылды, бір ЖТД-ға 1700 адам есебімен 89 мыңға жуық адамды құрады.
- Айта кету керек, "Үйдегі дәрігер" 12 медициналық нысанның 10 - ы жеке инвестициялар есебінен ашылған, екеуі - "Достық" отбасылық денсаулық орталығының бөлімшесі- Кирпичный және Лесозавод тұрғын алаптарында ашылған, бұл қала шеттерінің 14 мың тұрғынына қадамдық қолжетімділікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Қоянды саяжай массивінің тұрғындарын "Достық" отбасылық денсаулық орталығына тіркеу басталды.
Алайда әлі күнге дейін денсаулық сақтаудың кадрлық мәселесі өткір күйінде қалып отыр. Бүгінде 300-ге жуық маман жетіспейді.
- Ағымдағы жылы 2019 жылға арналған медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру Жоспарына сәйкес есепті кезеңде екі мыңнан астам медицина қызметкері оқытылды. Ағымдағы жылы Нұр-Сұлтан қаласының медицина қызметкерлері Швейцарияның, Германияның, Оңтүстік Кореяның, Израильдің онкология, акушерлік және гинекология, анестезиология және реаниматология, травматология, нейрохирургия, оториноларингология, хирургия, комбустиология, трансфузиология бойынша жетекші клиникаларында біліктілігін арттырды. Сондай-ақ, кардиохирургтар, урологтар, акушер-гинекологтар, онкологтарға арналған халықаралық сарапшылардың қатысуымен бес мастер-класс өткізілді, - деп атап өтті Сәуле Кисикова.
Қалалық мәслихат депутаттары бірнеше рет кейбір медициналық мекемелерді қайта құруға қатысты жағдайға қызығушылық танытты. Бүгінгі күні №2 қалалық аурухана №1 Перинаталдық орталығымен және №1 қалалық аурухана №2 Перинаталдық орталығымен біріктірілді. Бірқатар медициналық ұйымдар көп бейінді стационарларға біріктірілді. Бұл жұмыс 2020 жылы да жалғасады. Наркология және психотерапия орталығы психикалық денсаулық медициналық орталығымен біріктіріліп, психотерапия орталығы құрылатын болады. Халық қалаулылары тағы да осы өзгерістердің қажеттілігін мұқият талдауды ұсынды.
Басқарма басшысының айтуынша, елорданың денсаулық сақтау саласындағы басты проблемалардың бірі "Орталық темір жол ауруханасы" ЖШС ғимараттарының апаттық жағдайы болды. Алайда бұл мәселе шешілуде.
- Біз 30 желтоқсанда екі клиникалық корпуста жөндеу жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз, онда төсек қорын өзгертпей, Жеңіс көшесі, 58 мекен-жайы бойынша тәулік бойы 225 төсек орнын және 50 төсек-орынды күндізгі бөлімшені ашуды жоспарлап отырмыз. Жеңіс, 81 көшесінде жөндеу жұмыстары аяқталуда,онда балалар бөліміне кіретін жеке есігі бар 25 төсектік күндізгі стационары бар, ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана көшіріледі.
Авариялық жағдай туралы актілері бар үш корпусты 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап консервациялаймыз. Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласының Орталық темір жол ауруханасы Сарыарқа ауданының 400 мың адамына қызмет көрсетуді жалғастырады. Айта кету керек, аталған аурухананың төсек қорына жүктемені төмендету мақсатында көп бейінді медициналық орталықта 30 төсектік инсульт орталығын ашу туралы шешім қабылданды.
Сөз соңында ведомство өкілі Астанада МӘМС жүзеге асырылуы, сондай-ақ цифрландыру жобалары қандай кезеңде екенін айтты. Елімізде алғаш рет Нұр-Сұлтан әкімшілігі "Астана - адалдық алаңы" жобасымен бірлесіп Денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық анықтамаларды беру заңдылығын тексеру үшін ақпараттық сервис әзірледі. Бұдан басқа, халықпен кері байланыс алу үшін ақпараттық өнім әзірленді, ол "Smart Astana" мобильді қосымшасы арқылы пациенттердің қанағаттану деңгейін онлайн-режимде қадағалауға мүмкіндік береді.
Отырыс барысында депутаттар денсаулық сақтау мекемелерін аралау кезінде анықталған проблемалық мәселелерді көтерді.
Халық қалаулылары пайдалануға берілген нысандар қаланың балансына қашан берілетінін, сондай-ақ қалалық фтизиопульмонология орталығын инфрақұрылымдық абаттандыру жоспарланғанын анықтауға тырысты. Бұл және басқа да мәселелер, жауапты мемлекеттік органдар өкілдерінің айтуынша, бақылауда тұр және бюджет қаражатының бөлінуіне қарай шешілетін болады. Депутаттар өз кезегінде жергілікті бюджеттен басым бағыттарға қаражат бөлуді келесі жылы да қолдау қажет екенін атап өтті.