Ибраев Қанат Сұлтанұлы
1971 жылы 20 тамызда Павлодар облысында дүниеге келген.
Білімі:
- Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (1992 ж.), «Қаржы және несие» мамандығы, үздік диплом.
- «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, «Тұран-Профи» академиясы «Іскерлік байланыстар» бағдарламасы және Штутгарт және Дрезден (Германия) қалаларының бизнес мектептерінде: халықаралық ынтымақтастық, өндірістегі сапаны арттыру, көшбасшылық құзыреттері бойынша білім алу (2015 ж.)
- DukeUniversity оқытушыларының қатысуымен «Назарбаев Университеті» ШОБ топ-менеджментін оқыту бағдарламасы бойынша курстарда бизнес модельдерді әзірлеу, бәсекелестік артықшылықты бағалау, бизнес экономикасын бағалау және т.б. құзыреттері бойынша білім алу (2016 ж.)
Еңбек қызметі:
- 1992 - 1994 жж. – «Шаңырақ-сервис» компаниясының директоры (сату, жарнама, консалтинг);
- 1995 - 1996 жж. – Қарағанды қаласының салық инспекциясы;
- 1996 - 2009 жж. – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің орталық аппараты мен мемлекеттік мекемелерде басшылық лауазымдарда қызмет;
- 2009 - 2011 жж. – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Стратегиялық зерттеулер орталығында қызмет;
- 2011 - 2019 жж. – «Ақжан» жиһаз өндірісі» сауда белгісімен «DD21» ЖШС компаниясын басқару;
- 2015 - 2019 жж. – Қазақстан Республикасы Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының Астана қаласындағы өкілі;
- 2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Ақжан» жиһаз өндірісі» сауда белгісімен «DD21» ЖШС компаниясы бас директорының кеңесшісі;
- 2019 жылғы маусымнан қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан Республикасы Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының президенті.
Мемлекеттік наградалары, мерейтойлық медальдары:
- «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 10 жыл» (2002 ж.)
- «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі мінсіз қызметі үшін» (2007 ж.)
- «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 25 жыл» (2017 ж.)
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл» (2021 .) медальдары
Қосымша ақпарат:
- «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» Астана қалалық филиалы қалалық кеңесінің мүшесі.
- Қазақстан Республикасы ҰКП Өңдеу өнеркәсібі комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы ҰКП Астана қаласы филиалы жанындағы Өңірлік кеңестің мүшесі.
- «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ Келісім комиссиясының мүшесі. «КАЗИНЖИНИРИНГ» АҚ Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
- Мемлекеттік қызметте жұмыс істеген кезінде түрлі жұмыс топтарына, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аясында нормативтік-құқықтық және заңнамалық актілерді әзірлеуге қатысты.
- Қазақ, орыс тілдерін меңгерген.
Отбасылық жағдайы:
Үйленген, үш баласы бар.
Партиялық тиістілік:
«Ақ жол» ҚДП мүшесі.
2023 жылғы 29 наурызда Астана қаласы мәслихатының VIII сайланымының депутаты болып сайланды.
Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.
Телефоны: +7-707-813-62-29
E-mail: k.ibraev@maslihat01.kz