2025 жылғы 9 қазанда сағат 15:00-де Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді
07.10.2025
Елорда тұрғындарының назарына!
Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді.
Күн тәртібі:
Елорданың денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру: ана мен бала денсаулығы
Баяндаушы:
Алия Шайзадаевна Рустемова– «Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы.
Отырыс 2025 жылғы 9 қазанда сағат 15.00-де мәслихаттың «Facebook» әлеуметтік желісіндегі аккаунтында онлайн режимінде өтеді (www.facebook.com/maslihat.astana.kz).
Байланыс деректері: 55-66-35, astana@maslihat01.kz