Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астана қаласы тұрғындарының назарына!

2026 жылдың 1 шілдеде сағат 15.00-де қалалық мәслихатының мәжіліс залында (220 каб.) Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді. 

Қоғамдық кеңестің қарауына келесі мәселе және нормативтік құқықтық акт жобаларын енгізіледі: 

  1. «Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы» ММ-нің қаланы көгалдандыру жоспарларын іске асыру және жасыл екпелерді паспорттау мен цифрландыру процестерін аяқтау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есебі.
  2. «Астана қаласының әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Астанa қаласы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 375/48-VIII шешіміне толықтырулар енгізу туралы.
  3. Астана қаласының аумағында тұрғылықты жері және уақытша
    болу (тұру) орны бойынша тіркеу нормативін туралы.
  4. Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 18 наурыздағы № 284/35-VIII «Астана қаласы бойынша 2024 – 2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі өңірлік іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  5. «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және Астана қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 1-304 қаулысына өзгерістер енгізу туралы. 

Анықтама мына телефон бойынша: 55-72-79/ 

Астаны қаласы Қоғамдық
кеңесінің төрағасы
З. Ғайыпов