Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астана қаласының тұрғындарының назарына!

Құрметті елорда тұрғындары! 

Астана қаласы мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес, 2026 жылғы маусым айының үшінші онкүндігінде «Астана қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру кезінде бюджет қаражатын пайдаланудың стратегиялық жоспарлануы мен тиімділігі туралы жергілікті атқарушы органның есебі» тақырыбында кезекті сессия өткізу жоспарланып отыр.

Күн тәртібі бойынша ұсыныстар мен сұрақтарды astana@maslihat01.kz электрондық поштасына жолдауларыңызды сұраймыз. Байланыс телефондары: 55-66-37, 55-66-31.