Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астана  қаласы тұрғындарының назарына!

2026  жылдың  25 ақпанда  сағат   15.00-де    қалалық  әкімдіктің мәжіліс залында (Бейбітшілік к-сі, 11, 221 кабинет) Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.

Қоғамдық кеңестің қарауына келесі  мәселе және нормативтік

құқықтық акт  жобалары  енгізіледі:

 1. «Астана қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана  қаласы мәслихатының 2025 жылғы  12 желтоқсанындағы № 352/47-VIII  шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асырудың тиімділігі туралы бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен уәкілетті органдардың есебі.

3. «Астана қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 17-2028қаулысының күші жойылды деп тану туралы.

4. Астана қаласында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу  түрлері мен тәртібін, сондай-ақ  ақшалай сыйақы мөлшерін  айқындау туралы.

5. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Анықтама мына телефон бойынша: 55-72-79

Астаны қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы  

З. Ғайыпов