Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Құрметті Астана қаласының тұрғындары!

Астана қаласы мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы ақпан  айында «Астана қаласының ішкі саясат басқармасының мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі қызметі және халықты қаланың мемлекеттік органдары мен қызметтерінің жұмысы туралы ақпараттандырудың тиімділігі туралы» тақырыбында көпшілік тыңдаулар өткізу жоспарланған.

Күн тәртібі бойынша ұсыныстарыңыз бен сұрақтарыңызды келесі электрондық поштаға жіберулеріңізді сұраймыз: maslihat_org@mail.ru. Байланыс телефондары: 55-66-36, 55-66-31.