Астана қаласы халқының назарына!
26.08.2025
2025 жылғы 3 қыркүйекте сағат 16.00-де Астана қаласы мәслихатының мәжіліс залында (220-кабинет) көпшілік тыңдаулар өтеді.
Күн тәртібі:
- «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысының жай-күйі, мәселелері, себептері және оларды шешу жолдары. Елорданың азық-түлік белдеуін дамыту».
Баяндамашы:
Халел Рахымұлы Ақымжанов - «Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ басшысы.
Қоса баяндамашылар:
Бауыржан Серікұлы Баймұқаш – «Astana» Әлеуметтік-кәсіпкерлік Корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы.
Нұрлан Ашарбекұлы Нұрмағамбетов – «Сауда және қызмет көрсету» салалық кеңесінің төрағасы, «Атамекен» ӨКП өңірлік кеңесінің мүшесі, «Әсем» базарының директоры.