Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астана қаласы тұрғындарының және Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының депутаттарының назарына!

2023 жылғы 29 қыркүйекте сағат 10:00 Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының  кезекті сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі мәселелер  енгізіледі:

  1. Астана қаласында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жүйелі шараларды қолдану туралы.
  2. Астана қаласында жерлеу және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы.
  3. Астана қаласында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы.
  4. «Астана қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 316/39-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  5. «Астана қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 19/2-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  6. Қалалық мәслихат сессияларында айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстардың орындалу барысы туралы.
  7. Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселе туралы.

Астана қаласы
мәслихатының төрағасы Е. Каналимов