Астана қаласы тұрғындарының және Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланым депутаттарының назарына!
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына сәйкес, Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы өткізетін коммуналдық мүлікті жекешелендіру мәселелері бойынша 2026 жылғы 18 тамызда сағат 16:00-ге белгіленген жария тыңдаулар 2026 жылғы 21 тамызда сағат 16:00-ге ауыстырылады.
«Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ бұйрығына сәйкес, БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін astana@maslihat01.kz электрондық поштасына 2026 жылғы 20 тамыз сағат 18:00-ге дейін ресми сұраныс жіберу қажет.
Анықтама телефондары: 55-66-37, 55-66-31.
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден