Астана қаласы тұрғындарының және қалалық мәслихаттың сегізінші сайланымының депутаттарының назарына!
2026 жылы 14 тамыз сағат 10:00-де Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
- «Астана қаласының әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 375/48-VIII шешіміне толықтырулар енгізу туралы.
- Астана қаласының аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу нормативін бекіту туралы.
- «Толық бітіріп» берілетін құрылыс туралы шарт бойынша іске асырылатын объектілердің тізбесі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2026 жылғы 24 сәуірдегі № 408/52-VIII шешіміне толықтыру енгізу туралы.
- Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару шарттарының жобаларын келісу туралы.
- «Астана қаласы әкімдігінің жанындағы ипотекалық тұрғын үй қарызын (ипотекалық қарызды) қайта қаржыландырудан бас тартылған қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі комиссиясының құрамы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 121/15-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласының өңірлік нышандарының сипаттамасын және оны пайдалану тәртібін бекіту туралы.
- «Астана қаласы бойынша Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі өңірлік іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 18 наурыздағы № 284/35-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Астана қаласының қоршаған ортасын қорғау жөніндегі 2026–2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы.
- Астана қаласы әкімдігінің және Астана қаласы мәслихатының кейбір бірлескен қаулылары мен шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы.
- 10.Астана қаласы кейбір аудандарының шекараларын өзгерту және белгілеу туралы.
- «Астана қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 27 тамыздағы № 212/26-VIII шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
- Астананың сәулет-қала құрылысы кеңесінің құрамын қалыптастыру туралы.
- Жұмыс орнын сақталатын оқу демалысын беру туралы.
- «Астана қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 321/43-VIII шешіміне өзгертулер енгізу туралы.
- «Астана қаласында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2026 жылғы 5 маусымдағы № 424/54-VIII шешіміне өзертулер енгізу туралы.
- 16.«Депутаттық этика мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 20/2-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден
Анықтама үшін телефондар: 55-74-05, 55-66-37.