Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының және қалалық мәслихаттың жетінші сайланымның депутаттарының назарына!

2022 жылғы 30 маусымда сағат 11:00 Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жетінші сайланымның кезекті сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

  1. Жергілікті атқарушы органның Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі және дамуы жөніндегі шаралар туралы есебі.
  2. 2. «Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы
    12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Нұр-Сұлтан қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы.
  4. 4. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.
  5. «Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған паралимпиадалық жаттығу орталығы мен «Тарлан» мұз айдыны қызметін ұйымдастыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 338/42-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  6. Нұр-Сұлтан қаласында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы туралы.
  7. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы Нұр-Сұлтан қаласының терроризмге қарсы комиссиясының құрамы туралы.
  8. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы туралы.
  9. «Астана қаласының аумағындағы жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 79 қаулысына және Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 523/75-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі №510-2028 қаулысының және Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 538/73-VI шешімінің күшін жою туралы.
  10. «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жер комиссиясының құрамы туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы №424/54-VI шешіміне толықтыру енгізу туралы.
  11. Нұр-Сұлтан қаласының жоғары оқу орындарында күндізгі оқу ақысын төлеу үшін азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссиясының құрамы туралы.
  12. Нұр-Сұлтан қаласында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің құрамы туралы.
  13. «Нұр-Сұлтан қаласына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы № 421/54-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  14. «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2022 жылғы 16 наурыздағы № 149/22-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  15. Қалалық мәслихаттың сессияларында айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстардың орындалу барысы туралы.
  16. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезекті сессиясына қарауға енгізілетін негізгі мәселелер туралы.

Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихаты хатшысының м. а. А. Табулдина

Анықтама телефондары: 55-66-35, 55-66-36.