Астана қаласы мәслихатының 2025 жылдың III-ші тоқсанына арналған жұмыс жоспары
17.06.2025
Бекітемін
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден ____________
2025 жылдың «12» шілде
Астана қаласы мәслихатының 2025 жылдың III-ші тоқсанына арналған жұмыс
ЖОСПАРЫ
№ р/с |
Мәселенің атауы |
Қарау мерзімдері |
I. Мәслихат сессиясына енгізілетін мәселелер |
||
1. |
- Елорданың кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін жаңғырту: кадрларды нысаналы даярлау, колледждерде білім беру сапасын арттыру үшін KPI енгізу -Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі |
23-24 қыркүйек |
II. Тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер: |
||
Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия |
||
2. |
Мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыс бойынша дирекциялар қызметінің нәтижелері мен перспективалары |
1 шілде |
Заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия |
||
3. |
Елордада нашақорлық пен лудоманияның алдын алу жөніндегі мемлекеттік органдар мен қызметтердің жұмыс нәтижелері туралы. Соңғы үш жылда қолданылатын шаралардың тиімділігі. Тәуелділікке байланысты құқық бұзушылықтар статистикасы |
12 тамыз |
Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия |
||
4. |
Коммуналдық заңды тұлғалар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша қабылданатын шаралар туралы (ММ, МКК, АҚ, ЖШС) |
14 тамыз |
Құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия |
||
5. |
Астананың сәулеттік келбеті. Қасбеттерді жөндеу, сыртқы жарнама, көшелерді, үйлерді жарықтандыру |
21 тамыз |
III. Тақырып бойынша көпшіліктік тыңдаулар: |
||
6. |
Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі жұмысының жай-күйі, проблемалары, себептері мен шешу жолдары туралы. Елорданың азық-түлік белдеуін дамыту. |
28 тамыз |
IV. Депутат күні |
||
7. |
Елорда тұрғындарына жедел медициналық көмек көрсетудің проблемалық мәселелері. Көлікпен қамтамасыз ету, пойыздардың уақтылығы |
2 қыркүйек |
Астана қаласы мәслихаты
аппаратының басшысы
Б.Ахметжанова