Қалалық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2018 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы қыркүйекке дейінгі кезеңдегі есебі
29.01.2020
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының
2019 жылғы 26 қыркүйектегі
55-ші сессиясында қаралды
Қалалық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2018 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы қыркүйекке дейінгі кезеңдегі есебін назарларыңызға ұсынуға рұқсат етіңіз.
Құрамына депутаттар Ерлан Бәтташұлы Сыдықов, Мұхтар Есенжанұлы Төлеутаев, Қайырлы Кеңесбекұлы Таукен, Зәуре Гинаятовна Жүсіпова, Гүлнар Аманжолқызы Данбаева кіретін тұрақты комиссияның қызметі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және қалалық мәслихаттың перспективалық жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қалалық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы (бұдан әрі – Тұрақты комиссия) есепті кезеңде 14 отырыс өткізіп, 15 мәселені қарады.
Олардың ішіндегі ең маңыздылары: «Астана қаласының аумағында жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс жағдайы туралы», Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ «Азаматтарды есепке алуды ұйымдастыру және тұрғын үйлерді бөлу тәртібі туралы», «Астана қаласы әкімдігінің мониторинг және жедел әрекет ету орталығының қызметі туралы», «Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының Ювеналдық полиция инспекторларының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу бойынша жұмысы туралы» және т.б.
Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ «Азаматтарды есепке алуды ұйымдастыру және тұрғын үйлерді бөлу тәртібі туралы» мәселені қарау кезінде депутаттар халықтың ішкі көші-қонының жоғары ағымы мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегінің көбеюіне алып келетіндігін атап өтті.
Кезектің көбеюіне әсер ететін екінші себеп – мердігерлердің өз міндеттемелерін уақтылы орындамауы.
Осылайша, тұрғын үй құрылысына арналған конкурстар өткізілмегендіктен жоспарланған тұрғын үйдің толық көлемде пайдалануға берілмеген жағдайлары бар.
Тұрғын үй бағдарламалары, соның ішінде 7-20-25 бағдарламасы туралы тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілген жоқ.
Тұрақты комиссияның ұсыныстарын орындау мақсатында «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) жұмыскерлері арасында елдегі жүргізіліп жатқан мемлекеттік тұрғын үй құрылысының бағдарламалары туралы халықты ақпараттандыру қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде барлық аталған бағдарламалар Басқарманың интернетте порталында жарияланды.
Депутаттар «Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының Ювеналдық полиция инспекторларының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу бойынша жұмысы туралы» мәселені талқылауға бірдей қызығушылық танытты, оның барысында депутаттар «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Білім басқармасы) қалалық Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының Ювеналдық полиция инспекторларымен бірлесіп атқарып жатқан жұмыстарға қарамастан, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың 2,7%-ке өсуі байқалатындығына назар аударды. Қылмыстың басым түрлері пайдакүнемдік-зорлық бағытындағы қылмыстар болып қалуда.
Оқу демалысы кезінде Білім басқармасы ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған кәмелетке толмағандардың бос уақыты мен жұмысын ұйымдастыру бойынша жұмыстарды көп жүргізбейді (оларды спортқа тарту, мәдени шараларға, түрлі үйірмелер мен дене шынықтыру секцияларына қатыстыру).
«Нұр-Сұлтан қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алулар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қазақстан» спорт кешеніндегі бассейні әлі пайдалануға берілген жоқ.
Барлық білім беру мекемелерінде ұрлықтың алдын алу және болғызбау мақсатында бейнебақылау жүйесі мен турникеттер орнатылған жоқ.
Білім басқармасы тұрақты комиссияның ұсыныстарын орындау мақсатында 207 мемлекеттік білім беру ұйымдарында бейнебақылау жүйелері мен турникеттерді орнатты, оның 85-інде – 3474 бейнекамера, 95 балабақшада – 2131 бейнекамера, 9 колледжде – 479 бейнекамера, 19 қосымша және арнайы білім беру ұйымдарында – 336 бейнекамера, турникет және дабыл түймешіктері.
Тұрақты комиссияның ұсыныстарына сәйкес Білім басқармасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты үшін міндетті 3 жылдық тіркеуді алып тастау туралы да хат жолдады.
Ең өзекті және әлеуметтік маңызды мәселелерді талқылай отырып, тұрақты комиссия өз қызметінде тиімді жұмыс түрлерін қолданады. Мәселен, «Жол қауіпсіздігі жағдайы мен оны қамтамасыз ету шаралары туралы» көпшілік тыңдауларда депутаттар Абай мен Қ. Күмісбеков көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршамның болмауы,
Ә. Молдағұлова мен Бейбітшілік көшелерінің қиылысындағы бөлу жолағы, жаңа құрылыстар салу туралы мәселелер көтерді. Уақытша ұсталған көліктерді сақтауға арналған арнайы тұрақтар, қоғамдық көліктерде жүргізушілердің жетіспеушілігі, сондай-ақ велосипед жолдары, автотұрақтар, көпшілік тыңдауларға қатысқан қала тұрғындары депутаттардың назарын қоғамдық көліктердің жұмысына аударды. Автобус жүргізушілері жүру кестесін сақтамайды, автобуста ақаулар пайда болса да немесе тіпті бұзылулар болса да желіде жүреді. Салонда автобус маршруттары туралы ақпарат, аялдамалар көрсетілген схема жоқ. Қоғамдық көліктерде орталықтандырылған ескерту жүйесі жұмыс істемейді, тоқтату туралы хабарландырулар кейінге қалдырылады немесе алда жүреді, бұл жолаушыларға белгілі бір қолайсыздықтар туғызады. Автобус кондукторларында жолаушылармен қарым-қатынас кезінде мәдениеттілік пен әдептілік жоқ, олардың сыртқы келбеті мен жұмыс киімдері де талапқа сай емес.
Сонымен қатар, шақырылым кезінде тек біздің комиссия мүшелері ғана емес, сонымен қатар барлық депутаттар көтеретін шешілмеген мәселелерге тоқталу мүмкін емес. Ескірген және тозығы жеткен тұрғын үйлерді сүру, көліктерге арналған тұрақтардың жеткіліксіздігі, қала шетіндегі жолдардың сапасы, елордадағы экологиялық климат қала үшін өзекті болып қала береді.
Комиссия жұмысының тағы бір бағыты елорданы кеңейту және жаңа аумақтарды абаттандыру, саябақтар мен басқа да әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық объектілерді дамыту үшін Бас жоспарға сәйкес жер учаскелерін сатып алу туралы шарттардың жобаларын қарау.
Осылайша, есепті кезеңде қала әкімдігі 5 619,0 млн. теңгеге 250 сатып алу туралы шарттың жобасын мақұлдады. Сатып алынған жер учаскелерінің жалпы ауданы 16,5 га құрады.
Бөлінген қаржы көлемінде балабақшалар, мектептер, медициналық колледж, жылу магистралі, жолдар, автотұрақтар, инженерлік желілер, электрмен жабдықтау желілері, сумен жабдықтау үшін жер учаскелерін босату бойынша жұмыстар жүргізілді.
Тұрақты комиссия өз жұмысында мәслихат қабылдаған шешімдердің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі мәселелеріне үлкен көңіл бөледі, мониторинг жүргізеді, нәтижесінде қалалық мәслихаттың қолданыстағы шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Тұрақты комиссия мүшелері Үйлестіру кеңестерінің, қала әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың мүшелері бола отырып, елорданың дамуына, оның әлеуметтік-экономикалық өміріне тікелей қатысады, азаматтардың өмір сүру деңгейінің жақсаруына едәуір үлес қосады.
Есепті кезеңдегі тұрақты комиссия қызметінің негізгі бағыттарын қысқаша тоқталуға тырыстым.
Сөзімнің соңында әріптестеріме, басқа комиссиялардың депутаттарына нәтижелі және белсенді жұмыстары, комиссиялар мен қалалық мәслихат сессияларының жұмыстарына қатысқандары үшін алғысымды білдіргім келеді.