Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2023 жылғы есебі
01.04.2024
Астана қаласы мәслихатының
2024 жылғы 29 наурызда
20 сессиясында қаралды
Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына 8 депутат кіреді:
- Смағұлов Асқар Сайлаубекұлы
- Дәкенов Ерлан Ерғазыұлы
- Байсеркина Динара Сәтжанқызы
- Қасымбергебаев Бауыржан Тілеубергенұлы
- Рахмет Жандос Қанатұлы
- Сағымбаев Абзал Екрамбекұлы
- Самидин Сәуле Самидинқызы
- Табулдина Алтыншаш Жұмашқызы
Тұрақты комиссияның мүшелері «AMANAT» және «АҚ ЖОЛ» ҚДП» саяси партияларының өкілдері болып табылады, сондай-ақ тұрақты комиссияның құрамында бірмандаттық сайлау округтері бойынша 3 депутат бар.
Тұрақты комиссияның мүшелері елорда әкімдігіне қарасты 22 түрлі комиссиялар мен жұмыс топтарының құрамына кіреді. Тұрақты комиссия депутаттары тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізу, шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, әлеуметтік жобаларды қарау және іріктеу, тұрғын үй комиссиясы жөніндегі және басқа да комиссиялардың жұмысына қатысады.
Сондай-ақ, тұрақты комиссия депутаттары Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобаларын қарау жөніндегі 6 жұмыс тобының құрамына қатысады, олар:
- «Қазақстан Республикасының балаларды қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
- «Қазақстан Республикасының білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
- «Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ, нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болдырмау мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу»;
- «Қазақстан Республикасының мәдениет және білім мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
- «Хабарламалар рәсіміне қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы»;
- «2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдардың (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы».
Тұрақты комиссияның есепті кезеңдегі қызметі қолданыстағы заңнамаға, Астана қаласы мәслихатының регламенті мен жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.
Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы 2023 жылы 21 отырыс және 9 көшпелі іс-шара өткізді, 99 депутаттық сауал, мемлекеттік органдарға хаттар жолданды, азаматтардан 166 өтініш келіп түсті, олармен жұмыс жүргізілді.
Тұрақты комиссияның отырыстарында келесі мәселелер қаралды:
- тамақтану бойынша балабақшаларды субсидиялау;
- мүгедектігі бар адамдармен жұмыс жөніндегі ұйымдар қызметінің сапасын бағалау рейтингін енгізу;
- «Жайлы мектеп» жобасын іске асыру барысы туралы;
- қаланың колледждері мен жоғары оқу орындарында білім алушылардың жатақханаларда орындармен қамтамасыз етілу жағдайы туралы;
- суицид пен буллингтің алдын алу бойынша;
- елорданың денсаулық сақтау саласындағы мәселелер туралы;
- елорданың жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, мәдениет және дене шынықтыру салаларындағы мәселелер туралы;
- мәдениет саласын дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын талқылау және басқалар.
Мысалы, тұрақты комиссиясының «Тамақтандыру бойынша балабақшаларды субсидиялау» мәселесі бойынша отырысы барысында уәкілетті органға технологиялық және тоңазытқыш жабдықтармен жарақтандырылуына, балабақшалар ас блоктарының санитарлық-техникалық жай-күйіне тексеру жүргізу; балалардың тағамға деген сұранысын ескере отырып, балалар тағамы мәзірін қайта қарау; ас блогы қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету және диетолог штатына қосу ұсынылды.
Бұған дейін Астана қаласының әкімдігі өткен сайланымдағы тұрақты комиссия депутаттарының бастамасы бойынша мүгедектігі бар адамдармен тікелей көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс жөніндегі мекемелердің жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін «Birge» платформасын әзірледі. Рейтингті енгізу мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсететін ұйымдарға қатысты көтермелеулерді немесе жазаларды қолдануға бағытталған, бұл соңында олардың қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. «Мүгедек адамдармен жұмыс жөніндегі ұйымдар қызметінің сапасын бағалау рейтингін енгізу» мәселесі бойынша тұрақты комиссия отырысының қорытындысы бойынша Астана қаласының әкімдігіне «Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы» Мемлекеттік Мекемемен бірлесіп мүгедек адамдармен жұмыс жөніндегі ұйымдардың бірінде «Birge» платформасын пилоттық енгізуді жүзеге асыру, мүгедек адамдармен жұмыс жөніндегі ұйымдар қызметінің сапасын бағалау қағидаларын әзірлеу және «Birge» платформасын әлеуметтік қызметтер порталымен интеграциялауды жоспарлау ұсынылды.
Тұрақты комиссиясының «Елорданың денсаулық сақтау саласындағы проблемалық мәселелер туралы» отырысында «Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» Мемлекеттік Мекемесіне жастар арасында АИТВ (Адамның иммун тапшылығы вирусы) /ЖИТС (Жүре пайда болған иммунтапшылық синдромы) ауруының жоғары деңгейінің таралуына әсер ететін, жыныстық тәрбиенің болмауы мәселесіне назар аударуға шақырдық, білім беру мекемелері мен басқа да әлеуметтік нысандар жанындағы медициналық кабинеттердің бар-жоғына талдау жүргізу; халық арасында салауатты өмір салтын насихаттаумен айналысатын СӨС (Салауатты Өмір Салты) орталығының қызметін қайта бастау үшін заңнамаға өзгерістер енгізуге бастамашылық жасау ұсынылды.
Тұрақты комиссия мүшелерінің белсенді қатысуымен елорданың денсаулық сақтау саласында 2023 жылы төмендегідей нәтижелерге қол жеткізілді:
- елорданың медициналық мекемелерін салу мен жөндеуді көздейтін Денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленіп, келісілді;
- № 2 көпсалалы ауруханада енгізілетін пилоттық жоба бойынша медициналық қызметтерді цифрландыруды бірлесіп дамыту бойынша түрік тарапымен меморандумға қол қойылды;
- Түркияда жұмыс істеп тұрған осыған ұқсас орталықтың үлгісі бойынша Астана қаласында Аутизмі бар балаларды оңалту орталығын ашуға бастамашылық жасалды. Құрылған жұмыс тобы осы қызметтерді Түркияда емес, Астанада алу үшін аутизмі бар балаларды оңалту орталығын ашу аясында кейіннен 3 жылға сенімгерлік басқаруға берумен ғимараттар мен үй-жайларды іздеу мәселелерімен айналысады.
Тұрақты комиссиясының «Елорданың жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, мәдениет және дене шынықтыру салаларындағы проблемалық мәселелер туралы» отырысы шеңберінде қалалық әкімдікке тіс протездеу қызметін көрсету үшін бөлінетін соманы арттыру жөнінде шаралар қабылдау ұсынылды; қалалық кітапханалардың жұмысын жаңғырту және қайта форматтау жөнінде шаралар қабылдау; шаңғымен сырғанау командасы мен ескек есу командасын жаттығу базаларымен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау және тағы басқасы ұсынылды.
Мәслихат депутаттары мен тұрақты комиссия мүшелерінің өткен жылғы жұмысының нәтижелері бойынша Астананы әлеуметтік қорғау саласында мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:
- 2024 жылдың басынан бастап мүгедектігі бар адамдарға күніне біржолғы төлемдерді арттыру. Мұндай қолдаудың мөлшері I топтағы мүгедектер үшін 69 000 теңгені, II топ үшін 34 500 теңгені және III топ үшін 17 250 теңгені құрайды. Бұрын бұл төлемнің мөлшері шамамен 8 мың теңгені құраған;
- елорданың депутаттық корпусының шешімімен 2024 жылы икемді протезді қолдана отырып, бір адамға шаққандағы қызметтің орташа құны 204 мың теңгені (ағымдағы құнмен салыстырғанда 80 мың теңгеге ұлғайту) құрайтын 3400-ге жуық адамды тіс протездеу және санация қызметтерімен қамту туралы шешім бірауыздан қабылданды және қолдау тапты;
- мәслихат санаторийлер санын 5-ке дейін ұлғайту туралы шешім қабылдады (бұрын 1 санаторий болған). Осы емдеу-сауықтыру мекемелерінде елордалық зейнеткерлер, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери қимылдарға қатысушылар, Чернобыль Атомды Электр Станциясындағы аварияны жоюға қатысушылар мемлекет есебінен көрсетілетін қызметтерге 75% ақы төлей отырып, санаторий-курорттық ем ала алады.
Тұрақты комиссияның «Мәдениет саласын дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын талқылау туралы» отырысының нәтижелері бойынша өкілетті органға 2024-2026 жылдарға арналған мәдениет саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспарда елордада креативті индустрияны дамыту; мәдениет саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін пайдалану; мәдениет саласындағы мәдени іс-шараларды өткізу есебінен оқиғалы туризмді дамыту жөніндегі іс-шараларды көздеу, Астана қаласының тұрғын алаптарында мәдени іс-шараларды ұйымдастыру; мәдениет объектілерін жөндеу және іргелес аумақты абаттандыру; мәдени мекемелерді қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету; мәдениет саласының қызметкерлері үшін жалақыны арттыру және тұрғын үй салу және тағы басқасы ұсынылды.
2023 жылы тұрақты комиссия депутаттарының қатысуымен мәдениет саласында мынадай шаралар қабылданды:
- елордалық мәслихат депутаттары мәдениет қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларын кезең-кезеңімен арттыру - 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 71% - ға, ал 2025 жылдың басынан бастап 100% - ға арттыруды бірауыздан қолдады;
- мәдени объектілердің тозған материалдық-техникалық базасының проблемаларын шешу, елордада таланттарды анықтау бойынша имидждік жобалардың болмауы және мәдени саланың өзге де проблемалық мәселелерін шешу мақсатында алдағы үш жылдық кезеңге арналған мәдениет саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспар әзірленіп, бекітілді.
Отырыстарға дайындық мақсатында тұрақты комиссия мүшелері жыл бойы түрлі әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді аралады. Мысалы, тұрақты комиссия депутаттары № 8 және № 5 қалалық емханаларға, № 1 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына, «Үркер» және «Железнодорожный» тұрғын алаптарындағы ДСК-не (Дене сауықтыру кешеніне), Оқушылар сарайына, қарттарға, мүгедектерге және мүгедек балаларға арналған оңалту орталығына, қалалық жедел медициналық жәрдем станциясына, Орталық балалар-жасөспірімдер кітапханасына және басқа да объектілерге барып қайтты.
Бурабай ауданында орналасқан Астана әкімдігінің қарттарға, мүгедектерге және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығына бару нәтижелері бойынша мәслихат Орталық аумағында мамандандырылған медициналық корпус салу мәселесіне бастамашылық жасады.
Объектілерге бару барысында депутаттар бюджет қаражатын басым бөлуді талап ететін проблемалық мәселелерді анықтайды, сондай-ақ барған объектілерді дамытуға бұрын бөлінген бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуына мониторинг жүргізеді.
2023 жылы аса сұранысқа ие мамандықтарға елордалық мәслихат депутаттарынан 100 білім беру гранты табыс етілді. Көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, «Жастар Рухы» белсенділері мен жас спортшылар «Синергия» университетінде (10 грант) және «Астана халықаралық университет» - інде (10 грант) тегін оқитын болады. Тағы 40 бала Жоғары көлік және коммуникация колледжінде, сондай-ақ Мағжан Жұмабаев атындағы Халықаралық колледжде тегін оқитын болады.
Елорданың әлеуметтік-мәдени саласында атқарылған жұмыстарға қарамастан, бірқатар шешілмеген проблемалық мәселелер бар.
Осыған байланысты мәслихат 2024 жылға арналған тұрақты комиссияларға бекітілген басым бағыттар мен міндеттердің тізбесін әзірледі. Мәселен, әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның басым міндеттері білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, елорда халқын, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау салаларын дамытудың кешенді жоспарларын орындау және басқа да мәселелер болып табылады.
Құрметті әріптестер, қорытындылай келе, белгіленген міндеттер мен басым бағыттарға сәйкес жұмыс жалғасатынын атап өткім келеді.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық депутаттарға, тұрақты комиссия мүшелеріне белсенді және жемісті жұмысы үшін алғысымды білдіремін.
Мәслихат депутаттарының бастамалары елорда азаматтарының игілігі үшін іске асырылатынына сенімдімін.
Назарларыңызға рақмет!