Мәслихат депутаттары МЖС жобаларының тиімділігін талқылады
29.10.2019
Елордада жүзеге асырылып жатқан кейбір мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобалары қалалық мәслихат депутаттарына сын тудырды. Қоғамдық тыңдаулар кезінде халық қалаулылары Нұр-Сұлтан қаласындағы фото-бейнетіркеу және бейне талдау аппараттық-бағдарламалық кешенін құру және пайдалану, Нұр-Сұлтан қаласындағы балабақшаларды салу және пайдалануға беру бойынша мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларының жұмыс тиімділігін талқылады.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы елорда мәслихаты Нұр-Сұлтан қаласында фото-бейнетіркеу және бейне-талдау аппараттық-бағдарламалық кешенін құру және пайдалану бойынша мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы шешім қабылдады (бұдан әрі жоба - "Сергек"). "Сергек" жобасы аясында 13 мың бейнекамералар, оның ішінде 6 мыңы жол желісі бойынша және 7 мыңы қоғамдық қауіпсіздік бойынша енгізу көзделген. Сонымен қатар, жобада патрульдік полицияға арналған портативті принтері бар 1000 планшет, сондай-ақ 50 эко-датчиктер қарастырылған.
- Сергек камераларының арқасында бір жыл ішінде жол-көлік оқиғасы 15% - ға, қаза болғандар саны -43% - ға азайды. Жыл басынан бері 5 млрд 831 теңге сомаға 1 млн 22 мың құқық бұзушылық өңделді, оның ішінде 3 млрд 910 млн теңге айыппұл салынды және жеткізілді, 3 млрд 428 млн теңге айыппұл төленген және өндіріп алынды. Құқық бұзушылықты тіркеу жылдамдық режимі бойынша, тоқтау сызығын қиып өту, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту, арнайы бөлінген жолақтан өту, - деп нақтылады қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Сабыр Жүсіпбеков.
Оның айтуынша, айыппұл туралы хабарламаларды жеткізу "Қазпошта"АҚ арқылы жүзеге асырылады. Ағымдағы жылдың 9 айында қала бойынша бейнебақылау камераларының көмегімен 1054 қылмыс ашылды, оның ішінде 4 адам өлтіру, 4 қарақшылық шабуыл, 70 тонау, 99 бұзақылық, 341 жеке мүлікті ұрлау, 37 автокөлік құралдарын айдап әкету және 469 өзге де қылмыс.
Мәселе-айыппұл туралы барлық нұсқамалардың адресатқа жетпейтіндігінде.
- ҚР ІІМ смс-хабарлама арқылы хабарлау үшін заңға екі жылға жуық түзетулер енгізуді жоспарлап отыр. Бірақ бүгін бұл түзету әлі қабылданған жоқ. Бізге келесі жылы бұл ережелер бекітілетініне уәде береді, бірақ әзірге қала полициясы Қазпоштаға әр конверт үшін үшін 420 теңге төлеуде, - деп түсіндірді Сабыр Жүсіпбеков.
Осылайша, Қазпошта арқылы нұсқамалардың жалпы санының 8% - ы ғана жеткізілді.
Қалалық мәслихат депутаттары мәселені тезірек шешуді ұсынады, әйтпесе жобаның тиімділігі төмендейді.
Бүгінде халық қалаулыларын толғандыратын екінші мәселе, жыл соңына дейін пайдалануға берілуі тиісті - МЖС жобалары аясында алты балабақшаны тапсыру мерзімі.
Білім басқармасы басшысының м.а. Бағлан Сматаеваның сөзінше, мемлекет тарапынан инженерлік коммуникациялары бар құрылыс үшін жер телімдері берілді. Сонымен қатар, әкімдік ғимараттарды пайдалануға енгізгеннен кейін құрылыс бойынша инвестициялық шығындарды жеке әріптеске төлеуге міндеттенді. Алайда, анықталғандай, бес балабақшаның құрылысы әлі күнге дейін жүргізілмеген. Басқармада шартты бұзу туралы хабарлама жібергенін мәлімдеген, алайда инвестор бұл шараларға баруға дайын емес.
- ЖСҚ және мемлекеттік сараптама мерзімінің өтіп кетуі жобаның қымбаттауына әкеледі. Алайда жекеше әріптес шарттың талаптарын оның кінәсінен орындамаған жағдайда мемлекет тұрақсыздық айыбын өндіріп ала алады. Егер шешім табылмаса, біз сотқа жүгінеміз, - деді ведомство басшысының міндетін атқарушы Бағлан Сматаева.
Депутаттар жыл соңына дейін жеке серіктеспен мәселені шешуді ұсынды. Егер осы уақыт ішінде жағдай өзгермесе, жекеше әріптес тиісті өтемақы төлеуге міндеттелсін. Осы тақырыпқа халық қалаулылары жақын арада оралмақ.