Депутаттар соқпағымен…
16.09.2016
Дөңгелек үстел барысында халық қалаулылары қаланы аралау сапарын қорытындылап, депутаттар жасаған ескертулерді орындау барысын талқыға салды.
Автомобиль жолдары басқармасының жолдарды жөндеу бөлімінің басшысы Асқар Искаков 85 көшедегі жол құрылысы барысында жол берілген қателіктер себептерін атап шықты.
- Жобада жүк көліктерінің көп мөлшері есепке алынбаған және су бұру бойынша қателіктерге жол берілген. Депутат Ирина Манжанова автомобиль жолдары басқармасының да, коммуналдық шаруашылық басқармасының да құйынды кәріз туралы хабардар емес екенін айтып кетті.
Кәсіпорындардың бірінің директоры Иван Ламоновтың сөзіне сәйкес, орталық базар құрылысының салдарынан жаңа құйынды кәріз салу қажеттілігі туындаған екен.
Иван Ламонов құбыр бар екенін, бірақ оның кесілмегенін айтты және осыған байланысты жаңа кәріз салмай, құбырды кесуді жүзеге асырып, жолдың осы бөлігіне қиыршық тас , сүрек төгу арқылы мәселенің шешімін табу қажет екенін айтты. Автомобиль жолдары басқармасының жолдарды жөндеу бөлімінің басшысы Асқар Искаков жақын уақытта осы мәселенің шешімін табуға уәде етті.
Жолдарды жөндеу бөлімінің басшысы Асқар Искаковтың сөзіне сүйенсек, «Өндіріс» тұрғын үй массивіне келетін жаңа жолдарға қатысты түзетулер жүзеге асырылуы керек, мұнда коллекторды қосу арқылы құйынды кәріз құрылысы ескерілетін болады. Көктал-2 ТМ тұрғындары үшін жаңа жол құрылысы әзірге қарастырылмаған, дегенмен олар құрылыс жұмыстары жүріп жатқан қазылған жерлерге тартылған белгі ленталарымен тиімді қорғалады.
Депутат Асхат Оралов, ММУ жатақханасының студенттерінің өтінішіне байланысты Манас көшесінен студенттер қалашығына дейін созылып жатқан 41 жолда қалыптасқан жағдайға қатысты пікір білдіруді сұрады. Жатақхана салған кезде жол да салынған, алайда, небары 30 м қашықтықта орналасқан жатақханаға дейін жеткізілмеген, - деді депутат.
Автомобиль жолдары басқармасы басшысының м.а. Асхат Карагойшин жобада бұл жолдың жоқ екенін, дегенмен аталған мәселені шешу үшін жатақханаға дейінгі жолға себінді себуге болады деп жауап берді.
Депутат Сәрсембек Жүнісовтың сөзіне сәйкес, басқарма салып жатқан барлық жолдар қызыл желі шегінде болуы керек екенін, жұмыстарды орындайтын мердігерлер әлеуметтік маңызды нысандарға келу жолдарын салуға, яғни оларды магистральдік көшелерге қосуға міндетті.
Депутаттар автокөлік ведомствосына жолдар жағдайы бойынша талдау жасап, жолдар салу және жөндеу бойынша бірінші кезекте атқарылатын жұмыстар тізімін құрастырып, оны 2017 жыл жоспарына енгізуді ұсынды.
Қаланың орталық көшелері бұл әлі толықтай Астана емес деп 7 округ депутаты Сәрсембек Жүнісов қатысушылардың есіне салды.
- Өз округыма келетін болсам, бізде негізінен жеке сектор. Сіздер жол салғанда тұрғын үй массивін су басады, - деді депутат. – Мұнда автобустар да, келу жолдары да, жолдардың өзі де жоқ. Бұрын «Шеткері аймақ» бағдарламасы болған, оның шеңберінде жарықтандыру, жол салу секілді көптеген мәселелер шешімін тапқан. Бірақ көптеген бағдарламалар секілді оны жауып тастады, енді оны жаңартып, астананың шеткері аймақтарына назар аударатын кез келді. Қалалық мәслихат депутаттары әріптестерін қолдады, ал ведомство басшысының м.а. Асхат Карагойшин бағдарламаны жаңарту шеткері аймақтардың тозығы жеткен жолдарына қатысты бірқатар мәселені шешуге мүмкіндік беретінін айтып, депутаттарды қолдады.
Дөңгелек үстел жұмысына қалалық құрылымдар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.