С.Е.Жунусовтың төрағалығымен қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті
19.01.2017
Астаналық мәслихат депутаты Оралов Асхат Раздыковичтен мемлекеттік қызметке тағайындалуына байланысты өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш түсті, - деп хабарлады қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Иглик Жалбиров. Шешім қалалық сайлау комиссиясының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 20 бап 3 тармақ 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» заңының 13 бап 1 тармақ 1) тармақшасына сәйкес негізде қабылданған.
Асхат Оралов депутаттарға бірлесе жасаған жұмыстары үшін алғыс білдірді. Астананың мәслихат депутаты болған уақыты ішінде көп нәрсені үйреніп, адамдармен жұмыс жасауда белгілі тәжірибе жинақтаған. Маған жүктелген сенім үшін алғыс білдіремін және Астана жастарымен жұмыс секілді – қиын учаскедегі жұмыстарды жақсарту үшін бас күш-жігерімді жұмсаймын, - деп сендірді Асхат Оралов.
Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының м.а. Тынысбек Арашапов депутаттардың назарына Жалпы су пайдаланудың типтік ережелері негізінде әзірленген Астана қаласының су нысандарындағы жаңа жалпы су пайдалану ережелері жобасын ұсынды. Оны әзірлеу барысында түбегейлі өзгертулер мен толықтырулар енгізілмеген, ал нормаларға тек редакциялық өзгерістер ғана жасалған. Ережелер жобасы қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында талқыланып, бұқаралық талдау үшін «Ашық нормативті құқықтық актілер» порталында жарияланған. Ескертулер, ұсыныстар мен пікірлер түскен жоқ,- деп ақпарат берлі басқарма басшысының м.а. Тынысбек Арашапов. Аталған жоба Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді және құқықтық актілерге қойылатын талаптарға сәйкес келеді. Халық қалаулылары енгізілген Ережені бірауыздан қолдады.
Сонымен қатар, депутаттар астаналық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Гульжан Айтжанованың Астана қаласы әкімдігі жанындағы техникалық және кәсіптік білім беру мен мамандарды дайындауды дамыту мәселелері бойынша Өңірлік кеңестің құрамын бекіту туралы ұсынысын да қолдады.
Сессия жұмысына «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандарының әкімдері, қала департаменттері мен басқармаларының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.