Туристік Астана...
31.01.2017
Астана қаласының мәслихатының тұрақты комиссиясының мәслихат хатшысы Нурпиисов Жанаттың төрағалығымен өткен бірлескен отырысында Астана қаласының аумағындағы туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мен үйлестіру мәселесі қарастырылды.
Қарастырылып отырған негізгі мәселе бойынша баяндамашы Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасының басшысының орынбасары Канат Исабеков болды. Ол өз баяндамасында қатысушыларға Астананың Берлин (Германия), Москва (Ресей), Тбилиси (Грузия), Сужоу (Қытай), Алматы қалаларында өткен халықаралық және отандық туристік көрмелерге қатысқаны туралы айтты. Осындай таныстыру маршруттарын жүргізудің басты мақсаты «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне туристер ағымын тарту тәжірибесін зерттеу және Астана қаласының туристік орталық ретінде имиджін дамыту болып табылады. Өз кезегінде ел аумағында тұсаукесерлер, b2b форматындағы кездесулер өткізіліп, Астана қ. туристік нарық субъектілері мен өңірлік, шетелдік туристік операторлар арасындағы серіктестік туралы келісімдер жасалған.
- 2016 жылы маусым – желтоқсан айларында Астана қаласында шекараға жақын ресейлік қалалар Казань, Челябинск, Новосібір, Свердловск, Алтай, Омск, Корған қалаларының БАҚ өкілдері, блогерлер мен жетекші туристік операторларына арналған 8 ақпараттық тур ұйымдастырылған. Ағымдағы жылы шекара маңындағы қалалардың, туыстас-қалалардың БАҚ өкілдері, блогерлер мен жетекші туристік операторларына арналған 10 ақпараттық тур ұйымдастыру жоспарланған, - деп айтып кетті ведомство басшысының орынбасары.
Бұдан басқа, оның сөзіне сәйкес, ақпараттық тур шеңберінде шетелдік туристерді қабылдауға жұмыс жасайтын отандық туроператорлардың қатысуымен «Workshop» форматында дөңгелек үстел өткізіліп, оның қорытындысы бойынша Туризм саласындағы серіктестік туралы меморандум мен екі мемлекеттің туристік операторлары арасындағы келісім-шарттар жасалды.
- Бірыңғай туристік жинақты дамыту мақсатында Бюро Ақмола облысымен тығыз серіктестікте жұмыс жасап отыр, «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу шеңберінде қала қонақтарына ұсынылатын бірлескен маршруттар келісілген.
Сонымен қатар, Бюро ICCA – Халықаралық конгресстер мен конференциялар ассоциациясына мүше болған (мысалы, Мәскеу мен Санкт-Петербург қаласындағы әріптестері), бұл қалада әр түрлі бағыттар бойынша ірі шаралар өткізуге және жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Астана қаласына Конгресс-көрме шараларын тарту бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр, - деп бөлісті Канат Исабеков.
"Астана Конвейншн Бюро" ЖШС директоры Санияр Айтекенов ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу үшін Астана қаласының әкімдігі ЭКСПО-2017 дайындау және өткізу мәселелері бойынша штаб құрғанын айтты. Оның негізгі қызметі ЭКСПО өткізу мен дайындауға бағытталған шараларды жүзеге асыруға бағытталған нұсқаулар дайындау; Штаб жұмысы шеңберінде жұмыс топтарын құру, ЭКСПО-2017 дайындау мен өткізу шеңберінде қабылданған жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру мәселелерін реттеу болып табылады. Демек, штаб жұмысы көп қырлы, ол құрылысты, көлік инфрақұрылымын, туризм мен қызмет көрсету саласын дамытуды, әлеуметтік-мәдени PR-шараларды ұйымдастыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инженерлік инфрақұрылымды дамытуды қамтиды.
Туристердің астанада тұру жайлылығына келетін болсақ, бүгінгі таңда Астанада туристік ақпарат орындары жұмыс жасайды, мультитілді жаяу бағдарлану және навигация жобасы жүзеге асырылған, ол 100 навигациялық пилон мен 140 жаяулар нұсқаушыларынан құралады, сонымен қатар, пайдаланушыларға қажетті тілде қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін FriendlyTaxi жобасы жұмысын бастаған. Бұдан басқа Астана қаласының серіктестік бағдарламасы «Recommendedby EXPO-2017» жүзеге асырылған, оған қонақ үйлер, хостелдер, қоғамдық тамақтану орындары, жалға берілетін пәтерлер, коворкинг форматындағы қонақ үй сервисі бар компаниялар, гид-аудармашылар, экскурсоводтар қатысады. Астана қаласының серіктестері ұсынылатын қызметтер сапасына кепілдік пен жоғары сенім деңгейін көрсетеді. Бүгінгі таңда бағдарламаға 136 туризм саласындағы кәсіпкерлік нысандары, оның ішінде, 35 қонақ үй, 55 қоғамдық тамақтану нысаны қабылданған. 23 қонақ үй және 39 қоғамдық тамақтану нысаны аккредитациядан өткен.
- Қаланы ғаламтор-ресурстарында ілгерілету және Астананы туристік дестинация ретінде насихаттау мақсатында туристік ғаламтор-портал welcometoastana.kz және ұялы қосымша AstanaGuide жұмыс жасайды. Олар тұрғындар мен қонақтарға қолайлы болуы үшін дайындалған.
Сайт пен ұялы қосымшаның ерекшелігі қалада виртуалды 3d серуен жасау және көрікті орындарын аралау мүмкіндігі болады. Қазіргі кезде сайт және ұялы қосымша iOS және Android платформаларында жұмыс жасайды, - деп баяндамашы жаңалықтарымен бөлісті.
Мәселені талқылауға мәслихат депутаты Мирас Шекенов, "Саят-travel" туроператорлық компаниясының директоры Инна Рей және Кочевник" туроператорлық компаниясының директоры Гаухар Женисбек қатысты, олар астанада туризмді дамыту үшін бірінші кезекте сервистік қызмет көрсетуді жолға қою керек екенін айтты. Қонақ үй кешендеріндегі бөлмелер құнын арттыру және т.б. мәселелерге назар аудару керек екенін айтты. Туристік қызметтер кешенін тек қалада ғана емес, жақын өңірлерде жүзеге асыру және мұнда нақты қол жетімді маршруттар дайындап, көрікті орындардың координаттары көрсетілген сипаттамасын дайындау ұсынылды.
Туризм нысаны болып табылатын кез келген қала ашық және адал ниетті болады және халықпен жұмыс жасай білу керек деп қорытындылады өз сөзін баяндамашылар. Талқылау қорытындысы бойынша, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы бірқатар нұсқаулар дайындады, мысалы, туристік индустрия нысандары құрылысына бағытталған қызметті, құрылысты, көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, сонымен қатар, қонақ үй, қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету салаларын белгіленген сапа талаптарына сәйкестендіру.
Бірлескен отырысқа, қаланың мемлекеттік мекемелерінің басшылары, туристік фирмалар мен компаниялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.