Аудан аға буын өкілдерін құрметтеу
29.09.2017
Жыл сайын ауданда Қарттар күні мерекесіне орай ең құрметті, ең дана, ең лайықты адамдарға арналған мерекелік іс-шара өткізу жақсы дәстүрге айналған. Қарттар күні - қарапайым күндерга қарағанда ата-әжелерге және қарт ата-аналарға біршама көңіл бөлу мен сүйіспеншілікпен қараудың тағы бір себебі болып табылады.
Мереке қарсаңында, мәслихат депутаты Ирина Maнжанова аға буын өкілдерін құттықтады. «Қазқалашық» шағынауданының қараттарына қолма-қол ақша сыйлықтары берілді, «Кездесу», «Бауыржан» және «Виктория» ПИК кеңесінің ардагерлері бастауыш ұйымына демалыс клубында азық-түлік пакеттері сыйға таратылды. Сонымен қатар, мереке күні депутат Ирина Maнжанова «Астана қаласының Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің филиалына материалдық көмек көрсетті, депутат оған көптеген жылдар бойы қаржылық қолдау көрсетіп келеді.