Мемлекеттік қызметшінің ант қабылдауы
03.11.2017
Салтанатты шараны ашқан Бақыт Ахметжанова Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 319 Жарлығына сәйкес бірінші рет әкімшілік мемлекеттік қызметке кіретін Қазақстан Республикасының әрбір азаматы ант қабылдайтыны туралы атап өтті.
Бақыт Ахметжанова жас мемлекеттік қызметшілердің ант берудің маңыздылығын, халыққа және мемлекеттің алдындағы зор жауапкершілігі туралы, мемлекеттік қызметшілердің өз міндеттеріне адал ғана қарауы - Елбасының бес институционалдық реформасы бойынша 100 нақты қадамды іске асырудағы табыстың кепілі болатынын айтты.
2017 жылғы 3 қарашада «Астана қаласының мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметкерлерді Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің антын салтанатты түрде қабылдады.
Антты сынақ мерзімінен сәтті өткен ұйымдастыру-әкімшілік жұмыс бөлімінің бас бухгалтері Жолдыбаева Сәуле Абдулшаратовқызы қабылдады. Осы іс-шараның толық жауапкершілігін және маңыздылығын түсінген Сауле Абдулшаратовқызы Конституция мен елдің заңнамасын сақтауға, сондай-ақ, халыққа адал және кәсіби қызмет етуге ант берді.
Мемлекеттік қызметтегі табыстарға деген жылы тілектерін мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің басшылары білдірді.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындауымен аяқталды.