Қалалық мәслихатта жолдарды жөндеу және қалалық тұрақ жүйесі мәселелері талқыланды
12.09.2025
Астана қаласының мәслихатында Табиғат Зейнұлқабденнің төрағалығымен жолдарды жөндеу және қалалық тұрақ жүйесін дамыту мәселелері талқыланды.
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Астана қаласы бойынша филиалының басшысы Қайрат Каребаев сөз сөйлеп, кәсіпорын автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп ұстау сапасын бақылауды жүзеге асыратынын хабарлады. Оның міндеттеріне зертханалық сынақтар, көшпелі тексерулер жүргізу, орындалған жұмыстардың нормативтерге сәйкестігін мониторингтеу кіреді. Филиал жол төсеміне ондаған зерттеулер жүргізді, бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берді, мердігер ұйымдармен өзара іс-қимыл қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, ол филиал қызметкерлерінің саны туралы ақпарат берді.
Отырыс барысында жолдардың сапасын жақсарту бойынша сын-ескертпелер мен ұсыныстар айтылды.
Депутат Владислав Сергеев жақында жөндеу жұмыстары жүргізілген Тұран даңғылындағы, Сарайшық көшесіндегі және Республика даңғылындағы жолдардың сапасы туралы айтты. Осыған байланысты депутат кепілдік мерзімінде көзделген белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін жолдың аталған учаскелерін жөндеу туралы ақпарат беруді сұрады.
Депутат Сәуле Самидин филиал басшысының назарын климаттық жағдайларға және қыстан кейін тікенді резеңкеге байланысты мүлдем көрінбейтін жолдардағы белгілеу сапасының нашарлауына аударды.
Депутат Бауыржан Смайылов жолдардың сапасы материалдардың, битумның, қиыршық тастың сапасына байланысты деп есептейді. Қалада жер асты суларының деңгейі жоғары, бұл ерекшелік жолдардың сапасына да әсер етеді. Депутаттың пікірінше, жағдайдан шығу жолы - бетонды асфальт жабынының негізі ретінде пайдалану, қажет болған жағдайда асфальттың жоғарғы қабаты ғана өзгереді.
Депутат Кендебай Адамбек жол активтерін басқаруға жаңа технологиялар, цифрландыру, ЖИ енгізіліп жатыр ма деген сұрақ қойды. Пайда болған жағдайдың қандай себептері, шешу жолдары бар?
Депутаттар жол саласы үшін білікті кадрлардың болмауы маңызды мәселе екенін атап өтті. Құрылыстың өсіп келе жатқан көлемі мен мамандардың жеткіліксіз саны саланың дамуын қиындатады.
Марат Садуов – «Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы» ЖШС директоры елордада тұрақ кеңістігін ұйымдастыру туралы баяндады. Халықты бос тұрақ орындары туралы хабардар ету үшін Оpen Park Places интеграторы құрылды. Мәслихаттың қоғамдық кеңістіктердегі тұрақ орындарын сұрыптау тапсырмасына байланысты базарлардың жанында қолжетімді жерлерді іздеу жұмыстары жүргізілуде. Бірыңғай стандартты әзірлеу жоспарлануда. Айналмалы платформаларда роторлық тұрақтар құру қарастырылуда. Сонымен қатар, орталық мектептердің жанындағы жолдарда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін пилоттық жобамен жұмыс істей бастады. Бұл жобаның мақсаты – мектептердің жанында балалардың өлімін нөлге теңестіру. Сондай-ақ, Садуов эвакуациялау және жол қауіпсіздігін бақылау мәселесін қозғады. Қазіргі уақытта үш эвакуатор сатып алынды, олар адами факторды болдырмау үшін бақылау камераларымен жабдықталған. Қазан айында мәслихатқа келісуге келетін нормативтік ережелер әзірленуде.
Депутат Бауыржан Смайылов тұрақ ережелерін бұзған ХӘОТ санатының өкілдері үшін қандай да бір жеңілдіктер қарастырылған ба деген мәселені көтерді.
Депутат Кендебай Адамбек орталықта қанша адам жұмыс істейді, әкімде тұрақ кеңістігі мәселелері бойынша кеңестер өткізіле ме деп сұрады. Ол депутаттардан бұрын Бас жоспардың сайтында жарияланған, қазіргі уақытта қол жетімді емес желілік кестені жіберуді сұрады.
Депутат Ғабит Тәжімұратов РФММ бойынша мәселе әлі шешілмегенін айтты. Ол тұрақ бағасын кім анықтайтынын сұрады. Депутаттың пікірінше, автотұрақ бағасын белгілемес бұрын, тұрақ орындарының қажетті санын қамтамасыз ету туралы ойлану қажет.
Депутат Гүлжамал Жапарованы Дүкенұлы көшесіндегі базардың жанында бос жері жоқ тұрақ мәселелерін шешудің нақты алгоритмі қызықтырады.
Депутат Сәуле Самидин автотұрақтар туралы айтты, егер басты мақсат барлығын қоғамдық көлікке отырғызу болса, нақты шешімдер қажет. Тұрғын алаптарда және Астана агломерациясында тұратын азаматтар үшін кедергі жасайтын тұрақтар бойынша әлі ештеңе жасалмайды. Депутаттың екінші сұрағы № 12 округтегі жағдайға қатысты болды, депутат жолдармен жүрген, № 102 мектептің жанында жаяу жүргіншілер жолы жоқ, оқушылар құрылыстармен жүруге мәжбүр. Жобалау кезеңінде кем дегенде уақытша жаяу жүргіншілер өткелдері туралы ойлану керек еді.
Депутат Владислав Сергеев келесі аптада депутаттар мұқият зерттей алатындай мүмкіндік болу үшін құжаттың жобасын ұсынуды сұрады.