Елордамыз әлемнің ең жас астанасы саналады
06.08.2024
Биыл еліміздің бас қаласы 26 жылдығын атап өтті. «Мәслихат депуттарынан құралған делегация өкілдерімен Мәскеу қаласында өтіп жатқан Астана қаласының мәдениет күндері аясында Люблин саябағында «Астана - любовь моя» фотокөрмесі ашылды. Бүгінгі фотокөрмеге мәскеу қаласының жүздеген тұрғындары келді» - деп атап өтті Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов. Елорда өзінің сәулетінде азиялық, батыс және кеңестік стильдерді біріктіре келе, ерекше өзіндік мазмұнға ие. Ең үлкен шатыр - «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығы, оның басты ерекшелігі Мальдив аралдарының тропикалық климаты мен ақ құмы бар жағажайы, ЭКСПО 2017 — «Болашақ энергиясы»халықаралық көрме, ол әлемдік қауымдастықтың назарын жасыл энергия мен барлық адамзатты таза және қауіпсіз энергиямен қамтамасыз ету мәселесіне аударды. «Бәйтерек» монументі - бұл әлемде теңдесі жоқ бірегей құрылым. Астанадағы Бейбітшілік және Келісім сарайы Әлемнің сегізінші кереметі деп аталады. Ол Астана қаласының қолдан жасалған жота үстінде орналасқан. «Астана Арена» ірі стадионы әлемдегі жылжымалы шатыр жүйесі бар алты ғимараттың бірі болып табылады. Осы және басқа да керемет нысандар бірнеше күн болатын экспозицияда көрсетілген.