2023 жылға арналған бюджеттің атқарылуын талқылау бойынша тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы
21.05.2024
Қалалық мәслихатта Азамат Айтхожиннің төрағалығымен заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс, әлеуметтік-мәдени даму мәселелері, сондай-ақ Астана қаласы бюджетінің атқарылуы туралы 2023 жылғы есепті талқылау бойынша тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.
Қаржы басқармасының басшысы Алиби Жумаев бюджетті атқару мәселесі бойынша сөз сөйледі. Ол отырысқа қатысушыларға жоспардың асыра орындалғанын хабарлады, жиынтық табыс, жоспарлы көрсеткіштер және бірқатар көрсеткіштердің асыра орындалуы туралы деректерді ұсынды. Жумаев салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша жоспар орындалғанын атап өтті. Спикер негізгі асыра орындауға салық түсімдері есебінен қол жеткізілгенін атап өтті.
Тексеру комиссиясының төрағасы Иманжусуп Акпомбаевтың айтуынша, несиелер бойынша кем түсім несие қайтарылмауына байланысты болған. Жыл қорытындысы бойынша тұрақты түрде жоспардан көп салық түседі. Алайда, аудит нәтижелері бойынша жоспарлаудың әлсіздігі анықталды, соның салдарынан ПД өз тарапынан бақылаудың болмауына байланысты бюджет қаражатының шығасысына жол берді. Акпомбаев шығыс бөлігі бойынша бюджет орындалғанын, орындалмағаны 5,8% - құрағанын атап өтті. Ең үлкен кем орындалғанға білім басқармасы жол берді. Дебиторлық берешектің өсуі спорт басқармасы мен білім басқармасы бойынша анықталды. Көлік, энергетика, коммуналдық шаруашылық, құрылыс басқармаларында ең көп берешек. Мәдениет және қоршаған ортаны қорғау басқармасының кредиторлық берешегінің өсуі. Спикер аудит жүйелік проблемалардың бар екендігін көрсетті. Тексеру комиссия бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне 283 ұсыныс, әкімшілік құқық бұзушылықтарға байланысты 162 материал, қылмыстық құқық бұзушылықтарға байланысты 9 материал жолдады.
Экономика басқармасы басшысының орынбасары Жанибек Конысбекулы 2023 жылға арналған Жоспарды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарында 175 іс-шара көзделгенін хабарлады. Жоспарда 57 нысаналы индикатор, 62 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Білім беру саласында 12 мектеп іске қосылды, 24 жайлы мектептің құрылысы жүргізілуде, 6 медициналық ұйымда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. ШОБ үлесі, жұмыс істеп тұрған субъектілер саны артты.
Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов отырыс қарсаңында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен бірлескен отырыс өткенін хабарлады. Бұл жерде үш жылдық дебиторлық берешек туралы сөз қозғалды. Тексеру комиссияның ұсынымдарында атап өтілгендей, қаржылық тәртіпті бұзу жиі болып қалады. Ерлан Каналимов мәслихатқа дебиторлық берешекті өтеу жоспарын ұсынуды сұрады. Мәслихат Төрағасының пікірінше, бірінші басшылар мен бас бухгалтерлерді оқыту керек. Мемлекеттік органдардың жұмысында сабақтастық жоқ, соның салдарынан енгізілген 68 саябақ пен гүл бақтар құжаттарының түпнұсқалары табылмады. Мәслихат төрағасы бірнеше рет бірінші басшының орынбасарларға қол қою құқығын беруге тыйым салу туралы мәселені көтерді. Бюджет кодексі бойынша бірінші басшы жауап береді. Келесі мәселесі экономика басқармасына – KPI бойынша меморандумға қол қойылды, барлық көрсеткіштер орындалмады, және де меморандумды бұзғаны үшін ешкім жазаланбады.
Тұрақты комиссияның төрағасы Асқар Смағұлов салықтардың қай себептен орындалғанына және асыра орындалғанына, сондай-ақ тек кредит бойынша орындалмағанына қатысты мәселелерге қызығушылық танытты.
Тұрақты комиссияның төрағасы Кендебай Адамбек экономика басқармасына, мемлекеттік кірістер басқармасына берешектің өсуіне қатысты сұрақтар қойды. Берешектің өсуіне қандай факторлар әсер етеді. Келесі сұрақ – үш ауысымды мектептер, оқушылардың үлгеріміне әсер ететін оқу орындарының жетіспеушілігі туралы болды. Бірақ жоспарда үш ауысымды мектептер санының азаюына ықпал ететін көрсеткіштер жоқ.
Депутат Сәуле Самидин мемлекеттік органдардың бюджетті игеруге баса назар аударатындығы туралы айтты. Қандай да бір жолмен бюджетті үнемдеу, белгілі бір қызметтердің сапасы ынталандырыла ма. Бұл туралы өтінімдерде сөз жоқ. Жергілікті бюджет жолдарды, мектептерді, құрылысты жөндеуге орасан зор қаражат бөледі, дегенмен іс жүзінде депутаттар сапасыз жолдарға, құрылысқа және т. б. қатысты шешілмеген проблемаларға үнемі тап болады.
Тұрақты комиссияның төрағасы Азамат Айтхожин отырысты қорытындылай келе, барлық ұсыныстар мен ескертулерді ескере отырып, хаттама дайындалатынын айтты. Ол сондай-ақ мәслихат төрағасының қаржы қызметкерлерін оқытуды ұйымдастыру қажеттілігі туралы ұсынысын қолдады.