Жолаушыларды автомобильдік тасымалдауға арналған тарифтерді келісу
30.04.2024
Қалалық мәслихатта Владислав Сергеевтің төрағалығымен құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібінде «Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңындағы қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильдік тұрақты тасымалдауға тарифтерді келісу туралы» мәселе қаралды.
Көлік және көлік инфрақұрылымы басқармасының басшысы Асхат Карагойшин сөз сөйлеп, депутаттарды қоғамдық көлікте жол жүру тарифін 90 теңгеден 110 теңгеге дейін арттыру жоспарлары туралы хабардар етті. Ол әкімдік қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланғанын хабарлады. Сонымен қатар, Карагойшин қалалық және қала маңындағы қатынастарда жолаушыларды автомобильдік тасымалдау маршруттарына сараланған тариф белгілеу ұсынылып отырғанын атап өтті. Қоғамдық көлікте жол жүру жеңілдіктері мектеп көлік картасы және оның сенімділігі расталған кезде 18 жасқа дейінгі балалар үшін, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға, жасы мен еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлерге, сондай-ақ мемлекеттік жәрдемақы алушыларға және т. б. сақталады.
Депутат Кендебай Адамбек басқарма басшысының тарифті көтеру туралы ұсынысын қолдады. Депутаттың пікірінше, мұндай қадам автобус жүргізушілерінің жалақысын көтеруден бастап, Астананың көлік жүйесінде жинақталған проблемаларды шешуге мүмкіндік береді, жүргізушілердің көпшілігі тәулігіне 12 сағат жұмыс істейді.
Депутат Азамат Айтхожиннің пікірінше, көлік басқармасы халық пен мәслихат депутаттары үшін тарифті көтеру бойынша негіздемесімен толық ақпарат дайындауы қажет.
Сондай-ақ, депутат Бауыржан Смайылов тарифті көтеру туралы ұсынысты қолдап, бір мезгілде қызмет көрсету сапасын шұғыл арттыру қажеттігін атап өтті. Депутат бұрынғы басшылыққа бірнеше рет жүгінгенін және қазір автобустардағы сығылысты болдырмау үшін қарбалас уақытта көлік санын көбейту туралы өтінішті қайталап жатқанын айтты. Бұған тек №1 автопарк есебінен ғана емес, сонымен қатар жеке автопарктердің қолдауымен де қол жеткізуге болады.
Тұрақты комиссияның төрағасы Владислав Сергеев мәслихатқа көлік жүйесі саласындағы проблемаларды шешу үшін қолданыстағы НҚА-ға өзгерістер енгізу қажеттігінің негіздемесін жіберуді ұсынды. Сергеевтің пікірінше, жүргізушілердің жанында бейнекамераларды енгізу уақыты келді, олар ЖБО-ға бекітіледі, депутаттар аралап өткен соңғы аялдамаларға келетін болсақ, жүргізушілерге арналған модульдік үш бөлмелі үй-жайларын сала алатын түрік компаниясының ұсынысы бар.
Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов, шын мәнінде, тариф 10 жыл бойы көтерілмегенін, бірақ көмекқаржы сомасы өскенін және бұл ретте қызметтердің сапасына қатысты көптеген шағымдар түсетінін, жүйелі проблемалар бар екенін айтты.
2020-2023 жылдары жеке автопарктармен тариф талқыланды. Олар жаңа автобустар сатып алу арқылы автопаркті жақсартуға уәде берді. Мемлекет шарт бойынша өз міндеттемелерін орындады, ал жеке автопарктар орындамады. Барлық уәделер хаттамада жазылған, жеке автопарктар, жалпы алғанда, уәде еткеннің 30%-н орындады. Билетсіздерге қатысты проблемаларды, олардың саны 10% болған кезде айтылған және ол осы уақытқа дейін жалғасып келе жатқан мәселе. Каналимов жақында Марокко астанасы Рабат қаласына барған мысалын келтірді, онда 0,46% билетсіз, бізде 30% - түбегейлі шаралар қабылдау қажет. Егер ұсынылған жүйелер жұмыс істемесе, бақылаушыларды қайтару керек.
Мәслихат төрағасының пікірінше, жағдайға мониторинг жүргізу қамтамасыз етілмеді, қалада жаңа маршруттар ашылды, ескі маршруттар толықтырылды, жағдай қаншалықты жақсарды, қала тұрғындарының бұл мәселе бойынша пікірі қандай. Сіздің жұмысыңыздың нәтижелерімен халықтың қанағаттанушылығын түсіну үшін мониторинг жүргізетін блогерлерді, қоғамдық пікір көшбасшыларын шақыру керек. Бұрылмалы алаңдар бойынша ілгерілеу белгіленді, басқарма Жол картасын қабылдады. Көшпенділердің Дүниежүзілік ойындарының басталуына дейін аз қалғаны белгілі және көптеген мәселелерді басқарма қысқа мерзімде шешу керек. Қоғамдық көлік бойынша функцияларды бөлу қажет болуы мүмкін.
Комиссия төрағасы Владислав Сергеев жол активтерінің сапа Орталығы ақыры іске қосылғанын, басқарма бақылаушылар бойынша 15 мамырға дейін өз ұсыныстарын беруі тиіс екенін атап өтті.