Астана қаласының тұрғындарына мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша қоғамдық тыңдаулар
21.02.2024
Қалалық мәслихатта Азамат Айтхожиннің төрағалығымен «Астана қаласының тұрғындарына мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдары, iQala, iKomek109) мәселе бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті.
Бірінші болып Астана қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ филиалының директоры Мәди Саданов тыңдалды.
Филиал директоры Астана қаласы бойынша халыққа қызмет көрсету бойынша 10 бөлім жұмыс істейтінін, олардың екеуі мамандандырылған, біреуі шетелдіктерге қызмет көрсетуге арналған мекеме екенін айтты. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жүргізуші куәлігін беру, көлік құралдарын тіркеу, сондай-ақ нөмірлік белгілерді беру бойынша қызметтер көрсетеді. «Әлем» және «Central Market» сауда орталықтарында «Connection point» секторлары ашылып, шетелдік көлік құралдарын заңдастыруға құжаттар қабылдау басталды. Антикормен бірлесіп студенттер мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері арасынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер қозғалысын дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде. Еріктілер қозғалысының өкілдері ХҚКО жұмысына кедергі келтірмей бақылаушы ретінде жұмыс істейді, мониторингтер жүргізеді. Министрліктер үйінде мемлекет пен азаматтар арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа ортасын құру үшін Азаматтарды қабылдау орталығы жұмыс істейді, онда онлайн режимде мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Сонымен қатар, көпфункционалды кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы құрылды, онда бизнесмендер мен заңды тұлғалар «Атамекен» ұлттық палатасы мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арасындағы ынтымақтастықтың арқасында қаржылай емес қолдау шараларын ала алады.
Бүгінгі таңда ақысыз көрсетілетін қызметті адамдарға ақылы түрде ұсынатын адамдар мәселе туғызуда. Орталық қызметкерлерінің оларға қандай да бір шара қолдануға құқығы жоқ. Сондай-ақ, филиал директоры фронт- офистерді орналастыру үшін үй-жайлар сатып алуға және ХҚКО қызметкерлерін мемлекеттік қызметшілермен теңестіруге қолдау көрсетуді сұрады.
Бұдан әрі «Астана Innovations» АҚ Басқарма төрағасы Нұрсұлтан Қалдыбаев сөз сөйледі. Ол жария тыңдауларға қатысушыларды Қазақстанда алғаш рет елорда әкімдігінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қолдауымен «Астана -адалдық алаңы» жобасы аясында «IQala» қалалық қызмет көрсету орталығы құрылғанын хабарлады. QalaQyzmet жобасы өзінің тиімділігін көрсетті, халықтың коммуналдық қызметтерге жүгінулерін барынша азайтуға ықпал етті.
Қызметтерді алудың ыңғайлылығы қала тұрғындарының QalaQyzmet -те көрсетілетін қызметтерді алуға деген сұранысының артуымен расталады. Бір терезе қағидаты бойынша қызмет көрсету үш тәсілмен жүзеге асырылады. Барлық қызметтер онлайн форматқа ауыстырылды, елордаға (жасыл дәліз) жүк көлігі үшін кіруге және шағын орта бизнес секторы үшін қала бойынша жүріп-тұруға онлайн өтінім беру сервистері іске асырылды. Сондай-ақ, қызметтер фронт-офистерде тікелей консультациялар арқылы көрсетіледі, қызметтерді Қазақстанның барлық өңірлерінде, соның ішінде смс арқылы алуға болады. Бүкіл қызмет кезеңінде 700 мыңнан астам қызмет көрсетілді. QalaQyzmet жобасын одан әрі дамыту жоспарлануда.
Астана қаласы әкімдігінің iKomek 109 мониторинг және жедел әрекет ету орталығы iKomek 109 тіршілікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан және iKomek 109 ахуалдық мониторинг орталығынан тұрады, бұл туралы қоғамдық тыңдаулар қатысушыларына орталықтың басшысы Асқар Таксимов баяндады. Бұл орталықта қалалық бейнебақылау камералары, өрт сөндіру және IT шешімдерін бақылау жүйелері біріктірілген.
iKOMEK қала аумағында балабақшаларда, мектептерде, емханаларда және басқа да нысандарда орналасқан 9 мыңнан астам бейнебақылау камераларына қосылған. Сондай-ақ, камералар жолдарды, қиылыстарды, СОО, мешіттер, ірі автобус аялдамалары, вокзалдар сияқты адамдар көп жиналатын орындарды қамтиды. Қауіпсіздікті неғұрлым тиімдірек үйлестіру және орталықтандырылған мониторингті қамтамасыз ету үшін iKomek-тің өзінде Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері орналасқан, бірлескен қызмет нәтижесінде 2024 жылдың басынан бірнеше құқық бұзушылықтар анықталып, олардың бір бөлігі хаттамамен ресімделді.
Депутат Бекзат Жолжақсынов iKOMEK 109 жұмысына қатысты сын айтты. Ол бір ай бұрын инватаксидің жұмысы туралы мәселе көтерілгенін атап өтті. Мәселе оң шешілді, бұл туралы депутат мүгедектігі бар ХҚКО-ның қызметкеріне хабарлағысы келді. Депутаттың айтуынша, орталыққа келіп түскен өтініштер дұрыс өңделмейді, ал орталықтың негізгі міндеті – халыққа қызмет көрсету сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету.
Депутат Табиғат Зейнұлқабден де коммуналдық қызметтер ақпаратының ұтымсыз пайдаланылуына қатысты сын айтты, мысалы, олар жөндеу жұмыстары жүргізілетіні, осыған байланысты белгілі бір мерзімге ажырату болатыны туралы алдын ала ескертеді. Сондай-ақ, депутаттың пікірінше, кейбір мәселелер жеке тәртіпте шешілуі керек, меншік иелері өз мәселелерін өздері шешуі керек (мәселе кәріз люктерінің қақпақтары туралы). Бұл мәселелерді коммуналдық қызметтерге аударуға болмайды.
Депутат Ғабит Тәжімұратов автотұрақ мәселесін көтерді. Депутат бұл мәселені көлік басқармасы деңгейінде шешу қажет деп санайды.
Тұрақты комиссияның төрағасы Азамат Айтхожин орталық басшылығы ақылы қызмет көрсетушілермен қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын, мәселе қалай шешілетінін сұрады. Комиссия төрағасының пікірінше, мұндай адамдардың іс-әрекеттеріне қоғам тарапынан айыптау болуы керек.