Білім саласы мәселелері жөніндегі мәслихат отырысы
13.02.2024
Ерлан Каналимовтың төрағалығымен білім саласы мәселелері бойынша мәслихат отырысы өтті.
Мәслихат депутаттары білім беру саласының мәселелерін тұрақты бақылауда ұстайды. Жақында өткен отырыста олар педагогикалық кадрларға қажеттілік мәселесін және білім беру қызметтері нарығын дамыту перспективаларын талқылады.
Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев өз баяндамасында білім басқармасының іске асырылып жатқан міндеттері туралы айтты. Ол мектепке дейінгі ұйымдар желісі, туу қарқыны, мектепке дейінгі мекемелердегі балалар саны, 2023 жылғы мектептер құрылысы және ағымдағы жылға арналған жоспарлар туралы баяндады. Басқарма басшысының айтуынша, 2027 жылға дейін 192 мың оқушыға арналған 78 мектеп салынатын болады, 2035 жылға дейін мектептерге деген қажеттілік қанағаттандырылады деп болжануда. Ағымдағы жылы 1200 студент оқуын аяқтап, қаланың білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін болады. Бұдан басқа, білім басқармасы білім алушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған халықаралық жобаларды іске асыруда, бұдан бұрын айтылғандай, Гуманитарлық колледжді Педагогикалық университетке айналдыру жоспары бар, Гумилев атындағы ЕҰУ базасында Абай атындағы ҚазҰПУ филиалы құрылатын болады, сондай-ақ педагогикалық мамандықтарға жыл сайын мемлекеттік тапсырысты орналастыру жоспарлануда.
Қасымхан Сенғазыев ыстық тамақ тарифін көтеру, техникалық және кәсіптік білім беру міндеттері, қосымша білім беру орталықтарының желісін кеңейту мәселелеріне де тоқталды.
Депутат Талғат Ерғалиев Агроқалашықта Қарталы / Конституция көшелерінің қиылысында Оқушылар сарайы құрылысының мерзімі туралы сұрады.
Депутат Сәуле Самидин депутаттарға оқушылар сарайларының құрылысы, олардың бес аудандағы жоспарланған орындары туралы жазбаша түрде ақпарат беруді сұрады. Сондай-ақ, депутат мемлекеттік балабақшалар салу жоспары, олар кімнің есебінен салынатынын нақтылауды сұрады.
Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов кез келген МЖӘ жобасы белгілі бір рәсімнен өтіп, МЖӘ жобаларының ресми тізбесіне енгізілуі тиіс екенін айтып өтті. Қазіргі уақытта жаңа МЖӘ жобалары іске асырылып жатқан жоқ, өйткені мұндай жобаларға қатысты сұрақ көп туындауда.
Депутат Владислав Сергеев білім беру объектілерін салу сапасы жақсарғанын атап өтті. Депутаттың пікірінше, №2 мектеп бойынша мәселелерді шешу үшін жанындағы украин гимназиясын көшіріп, оның аумағын №2 мектеп үшін пайдалану қажет. Сондай-ақ, ол үш мектептің жапсарлас құрылыстары бойынша мәселені көтерді.
Депутат Қанат Ибраевтың пікірінше, 50 мектеп мектеп жиһазын сатып алу бойынша 50 тапсырма берген жағдайда, бюджетке айтарлықтай салмақ түседі. Депутат ҚР Оқу-ағарту министрінің №70 бұйрығы негізінде мектептерге бірыңғай орталықтандырылған сатып алу жүйесі қажет деп санайды. Бюджет шығынын болдырмау үшін барлық мектептер үшін бірыңғай стандарттарды айқындау қажет.
Депутат Кендебай Адамбек жұмысшы мамандықтары кадрларының, мысалы, краншылардың тапшылығы туралы айтты. 2-3 айда оқытып, осындай мамандардың қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігі бар ма. Индустриалды парктерде жұмысшы мамандары қажет. Мұндай міндеттерді шешу үшін кадр мәселесін шешу бойынша бірлескен жоспарлар қажет. Сондай-ақ, депутат бүгінгі күні хостелдерде тұратын колледж студенттерінің мәселесін шұғыл шешу қажет деп санайды. Бұл балалар 14-15 жаста, олардың деструктивті топтарға тап болуы қаупі бар. Депутат оқу-өндірістік комбинаттарын құру немесе колледждер базасында жұмысшы мамандықтарына оқытуды ұйымдастыру мәселесін тағы да көтерді. Ол Қарағанды облысын мысалға келтірді, онда оқу-өндірістік комбинаты жұмыс істейді.
Депутат Ерлан Дәкенов Политехникалық колледж студенттеріне арналған жатақхана құрылысының қай сатыда екенін сұрады.
Депутат Динара Оразалина барлық жаңа мектептер сол жағалауда екенін, ескі мектептерді жаңарту процесі қашан басталатынын сұрады. Депутат кестеге оң жағалаудағы ескі мектептерді аралауды енгізуді сұрады.
Депутат Нұрлан Өтешев оқушылар арасындағы буллинг мәселесін талқылау кезінде отырысқа мектептерде жұмыс істеуге ниет білдірген бірнеше ҮЕҰ қатысқанын еске салды. Алайда, бүгінде мектептердің бұл ҮЕҰ-мен ынтымақтастығы жоқ, білім басқармасының ведомстволық бағынысты мекемелер арқылы осы мәселемен айналысу жоспарлары туралы тікелей хабарлау қажет.
Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов бірқатар ұсыныстар айтты. Біріншіден, мәслихат төрағасының пікірінше, жеке меншік балабақшалар қызметін бақылау, олардың қызметіне мониторинг жүргізу қажет. Қалада бақылаусыз түрлі даму орталықтары жұмыс істейді. Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы жүргізген аудит қорытындысына сәйкес, білім беру саласында қаржылық тәртіп онша сақталмайтыны анықталған. Тексеру комиссиясы бұзушылықтар туралы ақпарат берді, жүйелі бұзушылықтар саны артып келеді. Бұл көбінесе бюджеттік өтінімдерді дайындауға немқұрайлы қараумен байланысты. Ол Тексеру комиссиясымен бірлесіп аудит нәтижелері бойынша отырыс өткізуді ұсынды. Ағымдағы жылға да мектептердің аудитін жоспарлау керек. Мәслихат төрағасының пікірінше, бірінші басшының қолынсыз бюджеттік өтінімдер ұсынылмауы тиіс, уәкілетті органдар мұндай өтінімдерді қабылдамауы керек. Сондай-ақ, ол бүгінгі таңда білім басқармасына берілген 57 ұсынымның орындалмағанын атап өтті. Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының жұмыспен қамту бойынша ағымдағы жағдайды талдауына қатысты, Каналимов негізінен бұл жерде мемлекеттік кәсіпорындардың қажеттілігі туралы айтылып отырғанын атап өтті. Жақын болашаққа еңбек нарығының талдауы жоқ. Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы барлық мектептерді цифрландыру процесін жеделдетіп, мәслихатқа ақпарат ұсынуы қажет.