Мәслихаттың сыртқы жарнаманы орналастыру ережелерін бекіту туралы шешімінің орындалу барысы туралы
12.10.2022
Қалалық мәслихатта Ғабит Тәжімұратовтың төрағалығымен құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Отырыс барысында мәслихаттың «Елорда аумағында жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуінде (белдеуден тыс), үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру ережелерін бекіту туралы» шешімінің орындалу барысы туралы мәселе қаралды.
Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Ғаббас Берғалиев басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп ережелердің сақталуын бақылау жөніндегі жұмыс туралы хабардар етті. Тиісті органдарды ескертпей, өз бетінше 52 сыртқы жарнама объектісі орналастырылған, жарнама таратушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді, бірлескен жұмыспен 602 жарнама объектісі алынып тасталды. Уәкілетті органдарға анықталған бұзушылықтар туралы хабарламалар жіберілді. Мемлекеттік кірістер департаментіне 2021 жылы - 484 млн. теңге, 2020 жылы - 452 млн. теңге, ағымдағы жылдың 9 айында 505 млн. теңгеге мәліметтер ұсынылды. Қазіргі уақытта жарнаманың орналастырылуын бақылау бойынша функциялар аудан әкімдіктеріне берілді. Сыртқы жарнаманы орналастырудың жаңа ережелерінің жобасы дайындалды, ол көпшілік тыңдаулар барысында талқыланып, қазіргі уақытта Қоғамдық кеңестің қарауына ұсынылды.
Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп сыртқы жарнама қалалық ортаны тұтастай қабылдауға ықпал ететінін атап өтті. Көбінесе сыртқы жарнама эстетика тұрғысынан да, мемлекеттік тілді дамыту туралы заңнамаға сәйкестігі жағынан да талаптарға сай келмейді. Аудандық әкімдіктер мен уәкілетті органдар бірлесіп сыртқы жарнама объектілеріндегі бұзушылықтарды анықтау бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. Ұйымдарға сыртқы жарнаманың қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмеуі жөнінде хаттар жіберілді, 100-ден астам жарнама объектісі алынып, талаптарға сәйкес қайта қалпына келтірілді. Қоғамдық ұйымның қолдауымен мыңнан астам кәсіпорынға заңнама талаптарын түсіндіру бойынша онлайн форматта хаттар жолданды. Клиенттермен қарым-қатынас барысында жиі қолданылатын негізгі сөздерді үйрету мақсатында ірі сауда үйлері үшін қазақ тілін оқытудың қарқынды курстары ұйымдастырылды, сондай-ақ сату/сатып алу барысында жиі қолданылатын сөздердің шағын жинағы дайындалды, ол ұйымдардың электрондық мекенжайларына жолданды.
С. Есіркептің пікірінше, проблемалық мәселелердің ішінде бақылау функцияларының болмауы мәселесі бар, осыған байланысты прокуратура ұйымдарға бармай-ақ, заңнаманы бұзу туралы хабарлама жіберуді ұсынады. Көптеген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің азғана бөлігі ғана қазақ тіліндегі атауларға ие, қалғандары - орыс, ағылшын тілдерінде. Осыған байланысты С. Есіркеп қолданыстағы регламентке өзгерістер енгізуді ұсынды, өйткені қала тұрғындары тарапынан көптеген шағымдар келіп түсуде. Сондай-ақ, аудан әкімдіктерінің өте тозған, шамдары түсіп қалған немесе дұрыс жанбайтын сыртқы жарнама объектілерін алып тастау жөніндегі жұмысын күшейту қажет.
Отырыс төрағасы Тәжімұратов осы мәселелер бойынша бұған дейін 2021 жылғы 12 ақпанда отырыс өткізілгенін, оның қорытындысы бойынша шешім қабылданғанын атап өтті. Бүгінгі күні олар орындалмай келеді. Заңнамаға өзгерістер енгізу туралы ұсыныс алдыңғы отырыста да айтылды, егер басқарма Парламентке ұсыныстар жібермейтін болса, бұл туралы қайталап айта берудің мәні жоқ.
Тәжімұратов Amanat партиясының мемлекеттік тілді дамыту бойынша платформасы әзірленгенін, онда қазақ дәстүрлері жеке бөлімде қамтылғанын хабарлады. Бұл платформа тілдерді дамыту басқармасының әрі қарайғы жұмысының негізі бола алады. Азаматтар шағымдарының үлкен пайызы сыртқы жарнама мәселелерімен байланысты. Аудан әкімдіктеріне сұрақ, олар осы мәселе бойынша жұмысты қалай жүргізуде және ол жүргізіліп жатыр ма.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов сәулет басқармасының басшысына мәслихаттың қарауына Сыртқы жарнама ережелерінің жаңа жобасын енгізу мерзімдері бойынша сұрақ қойды, депутаттардың барлық ұсыныстары жобаға енгізілді ме. Каналимов Ереженің мәтіні іс жүзінде Үлгілік ережелермен бірдей екенін, елорда мәртебесінің ерекшеліктері ескерілмегенін, тіпті аудан әкімдіктері жауапты мемлекеттік органдар тізімінен мүлдем шығып қалғанын және басқа мәселелерді атап өтті. Мәслихат хатшысының пікірінше, мемлекеттік органдардың мораторийге сілтемелері, ШОБ-ті тексеруге салынған тыйым бұл тек ақталу, өйткені мораторий барысында кәсіпкерлерге заңнаманы бұза беруге болады деп еш жерде жазылмаған. Егер бұзушылық анықталса, өтініш жазып, оны тіркеп, тексеру жүргізу керек. Сыртқы жарнамасы бар автокөлік тіркемелеріне келсек, өткен жылы - 14, ағымдағы жылы 212 объекті анықталды. Олар көбінесе шығу трассаларында, мешіт жанындағы автотұрақтарда және т. б. жерлерде орналастырылған. Каналимов хаттамаға мемлекеттік органдар басшыларының дербес жауапкершілігі туралы тармақты енгізуді сұрады. Аталған жарнамалар магистралдық трассаларда көп, мобильді топтар құрып, оларды тексеру қажет.
Мәслихат хатшысы баннері бар тіркеменің техникалық паспорты болуы тиіс екенін, егер құжаты болмаса, оны алып тастауға болатынын атап өтті. ШОБ объектілерінің жанында қоқыс жәшіктері болуы керек, ШОБ объектісінің аумағын абаттандыруға қойылатын талаптар бар, көптеген талаптар орындалмай отыр.
Санэпидбақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Шағалтаева жеке жуу орындарының, қоғамдық тамақтану ұйымдарының және т.б. жарнамаларының заңдылығын тексеру қажеттігі туралы пікір білдірді.
Мәслихат хатшысы 20 қарашаға дейінгі мерзімде мемлекеттік органдарға алдыңғы және ағымдағы отырыстардың хаттамалық тапсырмаларын орындауға мүмкіндік беруді және тапсырмалардың орындалу барысы бойынша қайта отырыс өткізуді ұсынды.