Лифт жұмыс істегенмен, мәселелер қалды
08.08.2018
«Көктем» ТК тұрғындарының жұмыс істемеген лифтпен мәселелері шешілді. Бүгін көтергіштің капиталды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, осы күндері ол қолдануға жарамды болады. Осыған қарамастан, қалалық маслихат депутаттары осы ТК-да жағдай оңалғанына көздері жету үшін мекенжай бойынша қайта жолға шықты.
Күмісбеков 8 көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үй кешенінің тұрғындары қалалық маслихатқа жүгінгендерін еске саламыз. Олар істен шыққан лифттерге шағымданды. Бірақ пәтер иелері жөндеу жұмыстарына жиылғанда тұрғын үймен байланысты өзге де мәселелер білінді. Шағымдар көбінесе құжаттамамен байланысты болды, тұрғындардың сөзінше, қызмет көрсетуші мекеме басшысының құжаттамасында ақаулар бар. Бұл лифтті жөндеу жұмыстарын жүргізуге кіріскен компаниямен шарт жасасуға қиындық туғызды.
Бірінші кездесуге халық сайлаған адамдардан басқа, аудандық әкімдік өкілдері, қалалық орта бақылауы мен сапасы Басқармасының өкілдері, лифттік компания қызметкерлері және тағы да басқа уәкілетті мекемелер де қатысты. Өкінішке орай, сол уақытта «Көктем» ТК-сының «Тұтынушыларды қорғау қоғамы» басшысы сырқаттанып, жиналысқа қатыса алмады.
Осы жолы кездесуге барлық мүдделі өкілдер қатысты. Жиналыс туындаған мәселенің қарқынды талқылануынан басталды. Мәселе тек істен шыққан лифтте ғана емес екені анықталды, тұрғындар екі қақтығысқан топқа бөлінді: бірі қызмет көрсететін мекемеге толықтай сеніммен қарайтын топ болса, енді бірі - «Көктем» ТК-сының айқын қаржы есептемесін талап ететін топ.
Өкінішке орай, кондоминиум ұйымының басшысы шағымдары бар тұрғындармен дауды шешудің орнына, жергілікті атқарушы органдар мен депутаттардың алдында ақталуға тырысты. Ұзақ жанжал, дебат және екіжақты айыптардан кейін тоқсан сайын қаржы есептемесі жүргізілетіні анықталды. Қызмет көрсетуші лифт мекемесі жайлы айтар болсақ, кооператив басшысының сөзі бойынша, шарт осы жылдың басында жасалған, ал ол болса ТК-ға тоғыз жыл бойы қызмет етіп келеді. Қызмет көрсетумен мәселе лифт жұмысы тоқтағанға дейін туындамаған. Өкінішке орай, өзара тіл табыса алмағандықтан, көпқабатты үйдің тұрғындары қажет құжаттаманы өз уақытында ала алмады, ендігі уақытты лифт шаруашылығына тәуелсіз сараптама жүргізе алмайды. Бұл сараптама істен шығу себептерін табуға көмек болар еді. Алақол қызмет көрсетуден көтергіш істен шыққаны анықталған болса, лифттік компания жөндеу жұмыстарына шығындалатын ақшаның бір бөлігін өтеуге міндетті. Бірақ бүгінгі күні тұрғындар басқа лифттік компаниямен шартқа тұрып, бұзылған құрылғыны өз күштерімен жөндеуге кірісті. Алдын ала төлем жасалды, қалған сомманы тұрғындар «Астана ЕРЦ» квитанциясы арқылы төлейтін болады.
- Техникалық қызмет көрсету – бұл құрылыстың тек техникалық бақылауы, қазіргі және капиталды ремонтты есептемегендегі лифттің жағдайы, кішкентай бөлшектердің тозуы. Ал қалғанының барлығы пәтер иелерінің ортақ иелігі болғандықтан, солардың иығына түседі. Бірақ сол уақытта, тұрғындарға жұмыс кестесі, карталар уақытымен табысталуы керек, жалпы олар техникалық қызметтің тізіміне не кіретінін білуі керек. Тұрғындар міндеттің орындалу сапасын қадағалап бақылауы керек, - деп депутат Манжинова Ирина тұрғындарға түсіндіріп өтті.
Депутат тұрғындарға лифттің жөндеу жұмысы аяқталғаннан кейін шарт жасасып, қызмет көрсетуші компанияның жұмысын тексеріп отыруға кеңес берді, қызметтер тізімі толықтай орындалу қажет екенін айтты.
Қаралатын мәселелер тізімінде жалпы үйдің меншігіндегі техникалық үй-жайлардың сатылымы туралы сұрақ тұрды. Депутаттар Әділет департаменті және Азаматтарға арналған үкіметке жақын арада осы сұрақты жіберуге уәде берді.
Жол жүру кездесуіне Астана қаласының мәслихат депутаттары С.Е.Жүнісов, И.Р. Манжанова, «Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары Е.Ғ.Жақыбаев, қалалық орта бақылауы мен сапасы басқармасының өкілдері, Астана қаласының ПИК ассоциациясы, «Көктем» ТК-сының ПИК, үй тұрғындары, БАҚ қатысты.