Елорда инвесторларды тартуда
10.10.2018
Елордада кәсіпкерлікті инвестициялау мен дамыту басқармасының сараптаушылары бюджет, экономика, өнеркәсіп, кәсіпкерлік сұрақтары бойынша тұрақты комиссия мәжілісі барысында қалалық мәслихат депутаттарымен өткізіліп отырған инвестициялық саясаттың жаман емес көрсеткіштермен бөлісті. Алдыңғы жылы инвестиция көлемі рекордтық соммаға жетті.
Мекеме басшысының орынбасары Ермолдина Гульмира атап өткендей, қазіргі кезде қала аумағында 2 АЭА жұмыс жасап тұр. Олар: “Астана - жаңа қала” және “Астана-Технополис”.
Жалпы, бүгін 2,9 триллион теңге соммасына 190 жоба жұмыс атқаруда, 44 жобаның инвесторлары шет елдіктер және трансхалықтық компаниялар.
- 193 жобадан 192 млрд. теңгеге 52 жоба іске қосылды, 4 мың жұмыс орны пайда болды. 20 жоба жобалау деңгейінде тұр. Ағымдағы жылда шет ел компанияоарымен қоса тағы 10 жоба қосылады, - деп, мекеме басшысы атап өтті.
Осыдан басқа, шет ел компанияларының қатысуымен сұрақ қарастырылуда.
– Әкімшілік тарапынан инвестициялық жобаларды іске асыру үшін натурлық гранттарды табыстау жұмысы жүргізілуде. Осы жылдың өзінде алты
жоба бойынша инвестициялардың жалпы көлемі 200 млн. АҚШ долларын құрайтын инвестициялық контракттар жасасу және 1,5 мың тұрақты жұмыс орнын жасау жоспарлануда, - деп Ермолдина Гульмира баса айтты.
Сонымен қоса, ол аяқталмаған, созылып кеткен мәселелі сұрақтар қатарын белгіледі. Қалалық мәслихат депутаттары бұл мәселелерді алдыңғы отырыстарда талқылаған.
– Бүгінгі күні №1 Индустриалды парктің инфрақұрылысы 79%-ға аяқталды. Автокөлік жолдарын салу, сумен, электр қуатымен қамтамасыз ету, кедендік бақылау аймағы, сонымен қатар, басты нысан - орталық жылумен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталмаған, - деп, Ермолдина толықтырды.
Бұдан басқа, Индустриалды парк бағытында қосымша қалалық маршруттар енгізу, автобус аялдамалар мен мекемелерге бағыттайтын нсандарды орнату қажет.
Бұған Астананың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жетекшісінің орынбасары Қуатбеков Алихан бүгінгі күні Индустриалды парк 15-20 мин аралық уақытты құрайтын №64 маршруттың қызмет көрсететінін анықтады. Алайда мекеме мамандары 15, 47 және 60 маршруттарының бірінің уақытын ұзарту нұсқаларын қарастырды.
- Бұл жобаның өзіндік мәселелері бар. Қозғалыс схемасын өзгерту әлеуметтік-маңызды хабардың өзгеруіне және қаражаттандырудың тоқталуына алып келеді. Сонымен қатар, Астана ЛРТ-ға жолушылар легін зерттеу тапсырысы берілді, нәтижесінде, қарбалас сәттерде аталған маршруттардың жүгі көптілігі 80-90%-ға дейін, ал қарбалас аралық тұста 50%-ға дейін баратыны анықталды. Осыған орай, Индустриалды парктің қызмет көрсетуі таңғы және кешкі уақытта жалдамалы түрдегі тасымалдау категориясына жатады, - деп сөз сөйлеуші анықтады.
Осыған қоса, басқарма өкілі бір сағаттық тегін жол жүру мүмкіндіктері аясында басқа маршруттарға “Строймарт” жағынан Индустриалды парк жолаушыларына ұсыныс жасады.
Аялдама пункттерін орнату жайына келер болсақ, бұл ауданның жүргін бөлігі жобасымен жанармай-энергетикалық комплекс пен коммуналдық шаруашылық басқармасы айналысатынына қарамастан, Қуатбеков Алихан жақын арада 3-4 аялдамалардың орнатылу мүмкіндігін қарастыруға уәде берді.
Депутаттардың бұл бағытта қосымша маршруттар қажеттілігі жайлы пікірлері бірікпеді немесе кәсіпкерлер өз қызметкерлерін тасымалдауды өз тарапынан қамтамасыз етуі қажет.
– Қоғамдық көлік адамдарды тек көлік хабтарына дейін ғана, ал мекемелерге оларды мемлекетпен қаражаттандырылатын автобус жалдай алатын ірі компаниялар жеткізе алады. Индустриалды парк бар қажеттіліктермен жабдықталған, бірақ бізде автобустар мүлде бармайтын қала шептері бар. Мәселелерді кезекпен шешу керек, - деп депутат Манжанова Ирина баса айтты.
Астана ЛРТ өкілдері жалдамалы сипаттағы автобустарды іске қосу жайлы мекеме басшыларымен бірнеше рет кездескендерін, маршруттарды дамытуда өз көмектерін ұсынғанын, бірақ олар қосымша қаржылық қорларын жаратуды қаламайтындарын және бұл шарттарға келіспейтіндерін атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша елордада инвестициялық климаттың жақсаруына бағытталған шаралардың мемлекеттік құрылыстарға сай ұсыныстар берілген қаулысы қабылданды.
Тұрақты комиссия отырысына қаланың мемлекеттік мекеме басшылары, басқа да тұрақты комиссия депутаттары, БАҚ өкілдері қатысты.