Елорда сандық тәртіпке көшеді
24.10.2018
Астанада тіршілік әрекетінің бар саласына сандық технологиялар белсенді енгізілуде. Шайдаров Мәжит Зейноллаұлының басқаруымен өткен мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму сұрақтары бойынша тұрақты комиссия мәжілісінде білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт саласындағы басқарма өкілдері заманауи интернет-технологиялар негізіндегі сынамалы жоба нәтижелерімен, сонымен қатар жаңа идеяларды іске асыру жөніндегі жоспарлармен бөлісті.
Қазақстанда жалпы цифровизация барысы қалай жүріп жатқаны жайлы Астананың инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының жетекшісі Абдыкадыров Алишер хабарлады. Сәтті жобалардың бірі ретінде ол «Сергек» видеобақылау жүйесінің енгізілуін мысалға келтірді. Статистика көрсеткіші бойынша, сыртқы бақылау камералары арқасында ЖКО және басқа да құқық бұзушылықтар саны әлдеқайда азайды.
Алда тағы бір көлемді жобаны іске асыру мақсаты тұр. Ол – «Көшені ақылды жарықтандыру». Бұл электроэнергия қолданысын 50-60%-ға үнемдеуге, базалық инфрақұрылымды жарыққа шығаруға мүмкіндік береді.
– Ол бағаналарға біз мағлұматтардың өте үлкен көлемін жинауға мүмкіндік беретін, сол арқылы талдау жасалатын сенсорлар орната аламыз. Келешекте бұның арқасында қаланы басқару сапасы артады. Мысалы, мектептер мен емханалардың жұмыс уақытын өзгерткен сәтте, көлік трафигі бірден жақсарды. Бұл адам мен орын санын есептегеннен кейін және олардың қай бағытта жүретінін талдағаннан кейін іске аса алды, - деп, Абдыкадыров Алишер нақтылады.
Бұлардан басқа, ол блок-чейнді қолданумен «1000 орын – дала саудасы» жобасы аясында жер телімдері ойналатын электронды аукцион енгізу жоспарларымен бөлісті.
Білім беру жүйесінде де бұлтты бухгалтерия енгізілгеннен кейін өзгертулер орын алды. Елордалық басқарма жетекшісі Жанагозин Ануар 1 қыркүйек күнінен Бірыңғай бұлтты бухгалтерия түгелдей дерлік мектептерде енгізілгенін атап өтті. В системе образования также произошли изменения после внедрения облачной бухгалтерии. Бұл кейін мұғалімдердің сыйлықақысына жұмсалған қаржы ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік туғызды.
– Мектептерде электронды есеп беру жүйесі белсенді іске асып жатыр, осы жылы барлық мәлімет интернет желісінде көрініс табатын электронды күнделікке толықтай көшті. Құжаттарды іріктеуді электронды түрде жүргізетін
жүйені келешекте колледждерге енгізуді жоспарлап отырмыз, - деп, басқарма жетекшісі баса айтты.
Ол, сонымен қатар, жақын арада «Қаланың электронды сандық картасы» жобасы іске асатынын хабарлады, оның шеңберінде орта білім берудің барлық мәліметтері цифрленген және журнал, күнделіктермен интегралданған. Бұл оқушылар, олардың тұратын орны және тағы басқалары туралы толық мәлімет алуға мүмкіндік тудырды. Электронды карта арқасында болашақта балабақшалар мен мектептерді қайда салу қажет екенін көру мүмкін болады.
– Мұның барлығы «Үлкен мәліметтер» технологияларын ескерумен іске асады. Жақын арадағы бірнеше айда олардың қалай жұмыс жасайтынын көрсете аламыз. Мектептер Стем-зертханаларымен жабдықталатын болады. Қызмет көрсетулерді цифровизациялау барысында мұқтаж балаларға көрсетілетін қызметтердің мәліметтерін цифрлендіруді өзімізге мақсат етіп қойып отырмыз. Балалардың мәліметтер базасы дайын тұр, - деп қорытындылады.
Мәслихат хатшысы Нұрпейісов Жанатты «Электронды мектеп» жобасын енгізудің нәтижелері қандай екені қызықтырды. Мәселе білім беру мекемесіне кірер жерде турнекеттердің орнатылауы туралы. Мекеме басшысы турникеттер бүгінде 22 мектепте орнатылғанын, алайда өкінішке орай, жобаны енгізген кезде ата-аналардың өтініштері ескерілмегенін атап өтті. СМС-хабарламаға ай сайын орта есеппен 500 теңге төлеу міндет еді, бірақ кейбір оқушылар бұл іске немқұрайлы қарағандықтан, жоба барлық 100% жұмыс жасамайды. Алайда №59 мектеп базасында Астана LRT және Астана-Иновейшенспен бірлесе отырып, барлық балалар мектепке LRT карточкаларымен кіретін және сол карточкалармен асханаларда төлем жүргізілетін жоба енгізіліп жатыр. Жақын арада тағы үш мектепті асханаларда ақшасыз, яғни карточкамен төлеу жүйесіне қосуға жоспарлап отырмыз.
Елордалық денсаулық сақтау өкілдері цифровизациялау саласындағы өз жетістіктерімен бөлісті. Мекеме мәліметтері бойынша, қалада «Астана Смарт-сити» жобасы белсенді түрде енгізіліп жатыр. Смарт-медицинаға көшу жолында үш бағыт анықталды: медициналық құжаттардың цифрленуі, электронды үлгіде жұмыс жасау және қағазсыз жұмыс түрі. Екінші саты – бұл Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің ақпараттық жүйелермен бірігуі, сонымен қатар барлық медициналық мекемелердің бірігуі. Үшіншісі – бұл жасанды интеллекттің енгізілуі.
Цифровизациялау шеңберінде барлық мемлекеттік қызмет көрсетулерінің электронды форматқа көшуі максималды түрде өтіп жатыр. Бұл халықтың әлеуметтік қорғанысына да, мәдениет пен спортқа да қатысты.
Тұрақты комиссия мәжілісіне мәслихат хатшысы Нұрпейісов Ж.Г., қалалық мәслихат сессиясының жетекшісі Сыдықов Е.Б., мемлекеттік мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.