Елорданың ТЖ және өрт қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы
14.07.2021
Заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысының күн тәртібінде Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі №535/73-VI «Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, елорда аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы» шешімінің орындалу барысы туралы мәселе.
Негізгі мәселе бойынша Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Сәбит Битаев сөз сөйледі, ол су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту мақсатында Департамент «2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың жол картасын» іске асыру мониторингін тұрақты негізде жүзеге асыратынын айтты.
Елорданың проблемалық мәселелерінің бірі қар ұстайтын қалқандарды орнату бойынша жұмыстарды жүргізу және қаланың қар басатын учаскелеріне жасыл екпелерді отырғызу болып табылады, бүгінгі күні бұл мәселе ашық күйінде қалып отыр, өйткені 40,6 км қар басатын учаскелердің тек 2,5 км ғана орнатылған. «Астана қаласын Есіл өзенінің тасқын суларынан қорғау» объектісін қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі күні «Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспары» уәкілетті органдармен келісілді және Нұр-Сұлтан қаласының әкімімен бекітілді.
Нұр-Сұлтан қаласының аумағында тасқын сулардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында алдын алу іс-шараларының кешені орындалды.
2021 жылғы су тасқыны кезеңіне 663 адам жеке құрамымен және 185 бірлік техникамен азаматтық қорғау органдарының тобы, сондай-ақ 190 адам және 138 бірлік техникамен, 22 бірлік өрт сөндіру сорғы станциясымен қаланың коммуналдық қызметі тұрақты дайындыққа келтірілді.
Су тасқыны зардаптарының алдын алу және жою үшін «Астана Тазалық» ЖШС-нің базасында 12,6 тонна инертті материалдар, 3,5 мың қаптар қоры дайындалған. Авариялық-құтқару жұмыстары негізінен қаланың тұрғын үй алаптары мен көшелеріндегі еріген қар суларын соруға бағытталды. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша қаладағы өрттің 50%-ға (268-ден 402-ге дейін) өсуі тіркелген, соның нәтижесінде 7 адам қаза тауып, 8 адам жарақат алған.
Жатақхана және кәсіпкерлік қызмет ретінде қайта жабдықталған, нысаналы мақсаты тұрғын үйді пайдалану болып табылатын 1360 объектінің өртке қарсы жай-күйі мәселесі шешілмеген күйінде қалып отыр. Жаппай бақылаудан бас тарту және оны жүргізудің жаңа қағидаттарына көшу, шағын бизнесті дамыту үшін қолайлы ахуал жасау жағдайында негізгі потенциал үгіт-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталды.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары депутаттарға тексеру нәтижелері бойынша депутаттардың 20 тапсырмасының 8-і бүгінгі күні орындалғанын, 12-сі әзірлену үстінде екенін, өйткені айтарлықтай қаржы салымдарын қажет ететіндігін хабарлады.
Өрт сөндіру бөлімдерін тексеру барысында ТЖ департаментінің өкілдері депутаттарға 23-ші және 16-шы өрт сөндіру бөлімдерін көрсетті, олар әлі күнге дейін орталық сумен жабдықталмаған, кәрізге қосылмаған, кіреберіс жолдары жоқ, сондай-ақ 10-шы өрт сөндіру бөлімінің ескі авариялық ғимаратын бұзу және жаңа ғимарат салу мәселесі шешілмеген.
Орталықтандырылған жылытумен және газбен жабдықталмаған тұрғын үй қорының едәуір ауданы, пешпен жылытылатын және ескірген электр сымдары бар бейімделмеген бөлмелерде тұратын азаматтардың көп болуы, пешпен жылытуды орнатуда бірыңғай стандарттардың және оның пайдаланылуын тиісті бақылаудың болмауы сөзсіз қауіп болып табылады.
Депутат Серік Түсіпов баяндамашыдан Заречный және Кирпичный тұрғын алаптарында орналасқан өрт сөндіру бөлімдері туралы сұрады.
Депутат Нұрдәулет Оразханов түрлі ғимараттарда орналасқан 2272 жекеменшік балабақшаға қатысты сұрақ қойды. Осы ғимараттардың өртке қарсы жағдайы қандай, барлық ғимараттарда ТЖ болған жағдайда авариялық шығу жолдары бар ма? Депутат бұл мәселені қатаң бақылауда ұстау керек деген пікір білдірді. Ол азаматтардың өтініші бойынша осы нысандарды тексеруді ұйымдастыруға бола ма деген сұрақ қойды.
Сәбит Битаев шағын бизнес субъектілерін тексеруге енгізілген мораторийге сәйкес бұл нысандар тексерілмейді деп жауап берді. Азаматтардан тексеру қажеттілігі туралы өтініштер түскен жағдайда, ТЖД қызметкерлері материалдарды министрлікке жолдайды және тек министрліктің рұқсатымен ғана тексеру жүргізе алады.
Тұрақты комиссия отырысының төрағасы Назгүл Мақжанова су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша сұрақ қойды. Екінші сұрақ төтенше жағдай кезінде уақтылы көмек көрсету қиын болатын, қаладан алыс орналасқан Үркер тұрғын үй массивіне қатысты болды. Осыған байланысты әртүрлі инстанцияларға бірнеше рет өрт сөндіру депосын салу туралы өтінішпен хаттар жіберілген. Депутаттар нақты жауап алған жоқ.
ТЖ Департаменті бастығының орынбасары су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша жергілікті атқарушы органмен бірлесіп жұмыс істейтіндерін, Департамент үйлестіруші рөл атқаратынын айтты. Елордада су тасқынына қарсы кезең қанағаттанарлық деңгейде өтті, өйткені алдын ала үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді. Үйлерді су басу болған жоқ.
3-ші өрт сөндіру депосына қатысты қазір жұмыс жүріп жатыр, Үркер тұрғын алабында ағымдағы жылы өрт сөндіру депосының құрылысын бастау жоспарлануда, қаражат бөлінген және конкурстық рәсімдер басталды. Мердігер анықталған кезде Департамент жазбаша түрде ақпарат беруге дайын.
Депутат Бақдаулет Жанділдаев жеке меншік сектор тұрғындарының жекеменшік жанармай құюшылардан сатып алынатын газ баллондарын пайдалану мәселесін қозғады. Бұл процесс еш бақыланбайды. Бензин бағасының өсуіне байланысты автокөлік иелері автокөліктерге жанармай құю үшін газды пайдаланады. Ережеге сәйкес, мұндай көліктердің көп қабатты кешендердің жанындағы автотұрақтарға кіруіне тыйым салынады, бірақ бұл мәселені ешкім бақыламайды.
Сәбит Битаев бұл бағытта құрамына ТЖД, ПД, салық инспекциясының өкілдері кіретін қалалық комиссия жұмыс істейтінін, 199 объектіге тексеру жүргізілгенін, 10 материал салық инспекциясына 10 есе мөлшерде салық талап ету үшін жіберілгенін айтты. Барлық мәселелер алқалы түрде шешіледі.
Тұрақты комиссия отырысының төрағасы Назгүл Мақжанова жеке автокөліктерге газ құюмен айналысатын жеке ұйымдарға тексеру жүргізуді ұсынды.