Тұрақты комиссияның жер телімдерін иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын келісу мәселелері бойынша отырысы
17.02.2021
Zoom сервисінің бейнеконференцбайланыс платформасында Талғат Нәрікбаевтың төрағалығымен қалалық мәслихаттың заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс істеу мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Тұрақты комиссия отырысында депутаттар жер телімдерін мемлекет мұқтаждықтары үшін алып қоюға байланысты жер телімдерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттар жобаларын келісуді сессияның күн тәртібіне енгізу мәселесін талқылады.
Тұрақты комиссия отырысының негізгі мәселесі бойынша «Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ басшысының міндетін атқарушы Әнуар Саипов баяндама жасады. Ол депутаттарға 2020 жылы мемлекеттік мұқтаждықтарға жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу бойынша 407 шарт жобасы қаралып, бекітілгенін хабарлады .
Ә. Саипов мәслихаттың тұрақты комиссиясының қарауына шығарылатын жер телімдерінің тізбесін ұсынды және жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуды әкімдік әлеуметтік объектілер салу үшін, Мыңжылдық аллеясындағы 1,2,3 полигондарда гүлзарлар мен бульварлар жасау үшін; С 189 көшесінде 600-800 орындық көп бейінді аурухана (жобалық атауы) салу үшін; Тәуелсіздік даңғылы мен Шарль де Голль көшесінің қиылысында орналасқан жапсарлас үй-жайлары мен жерасты автотұрағы бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенін; Ш.Қосшығұлұлы және Жамбыл көшелерінің қиылысы ауданында орналасатын, жапсарлас салынған үй-жайлары мен жерасты автотұрағы бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенін салу үшін; Ш. Қосшығұлұлы көшесіндегі №6/1 үйдің аумағын абаттандыру; Ш. Қосшығұлұлы көшесіндегі №8 үйдің аумағын абаттандыру үшін; Ш.Уәлиханов көшесінен Ш. Жиенқұлова көшесіне дейінгі телімде Ы. Дүкенұлы көшесін салу үшін алынатыны туралы хабарлама жасады.
Тұрақты комиссияның төрағасы Т.Нәрікбаев уәкілетті орган басшылыққа алатын жылжымайтын мүліктің құнын бағалау әдістемесі бар ма деген сұрақ қойды.
Депутаттар өтемақы мөлшері неге әртүрлі, жасыл екпелер, гараждың жанындағы құрылыстар көрсетілген құнға кіреді ме, жер телімдерінің меншік иелерінің соттасу жағдайлары болды ма деген мәселелерге қызығушылық танытты.
Депутаттардың сауалдарына «Қалалық жылжымайтын мүлік» МКҚК басшысы Александр Строчков жауап берді. Оның айтуынша, конкурс өткізіліп, жеңген бағалау компаниясы жылжымайтын мүлікті нарықтық құнға сәйкес бағалайды. Жылжымайтын мүлік объектілерінің иелеріне баға ұсынылады және шешім белгіленген мерзімде қабылдануы керек. Жылжымайтын мүліктің құны жер телімінде гараждың болу-болмауына қарай әртүрлі, өйткені бірнеше жыл ішінде кейбір гараждар құлап, қирап, тек жер телімі қалған. Гараждардың, жасыл екпелердің, ғимараттардың, моншалардың және басқалардың биіктігіне қарай айырмашылық бар. Бағалау компаниясы меншік иесіне жер телімі үшін бағасын ұсынады, ал меншік иесі келісуге немесе балама баға беруге құқылы. Өтемақы сомасымен келіспеген жағдайда меншік иесінің сотқа жүгінуге құқығы бар. Мәслихаттың қарауына меншік иелері өтемақы сомасымен келісетін жер телімдері шарттарының жобалары ғана шығарылады.
Тұрақты комиссияның отырысында «Южный» және «Рассвет» гараж кооперативтерінің жер телімдері қарастырылады, гараждардың жалпы саны 3500 бірлік. Бұл өте үлкен жер телімі, оның орталық бөлігінде мектеп, балабақша, саябақ салу жоспарлануда.
Мәслихат хатшысы Е.Каналимов тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының жер телімдерін иеліктен шығарумен елорданы дамыту бағдарламасын іске асыру қажеттілігіне байланысты айналысатынын, оның ішінде депутаттардың сайлауалды науқан барысында берген уәделерін орындауы қажет екенін атап өтті.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жер телімдерінің меншік иелері тұрақты комиссияның отырысына онлайн режимінде қатысу үшін залға шақырылды. Олардың әрқайсысы өздерінің өтемақы сомасымен танысқанын және уәкілетті орган мен мәслихатқа наразылықтары жоқ екенін растады.
Тұрақты комиссияның төрағасы бұл мәселені мәслихат сессиясының қарауына шығаруды ұсынды.