Мәслихаттың тұрақты комиссияларының аудан әкімдіктерімен және бейінді басқармалармен таныстыру отырыстары
27.01.2021
Нұр-Сұлтан қаласының мәслихатында елорданың атқарушы органдары жұмысының негізгі міндеттері мен бағыттарын талқылау мәселелері бойынша қаланың бейінді басқармаларымен тұрақты комиссиялардың отырыстары жоспарланған. Іс-шаралар 2021 жылғы 27 қаңтардан 9 ақпанға дейін өткізіледі.
Қалалық құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен "Алматы" және "Байқоңыр" аудандары әкімдерінің есептері өтті, "Сарыарқа" және "Есіл" аудандары әкімдерінің есептері күтілуде. Әкімдердің есептері барысында депутаттар аумақтарды дамыту жоспарларымен танысып, сайлаушылардың талап-тілектерін айтты. Әңгіме ұзақ уақыт бойы шешілмеген және қала тұрғындарының өмір сүру сапасының нашарлауына тікелей әсер ететін проблемалық мәселелер туралы болды.
Сондай-ақ, депутаттардың құзыретіне, тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер кіретін бейінді басқармалармен кездесулері өтеді.
Айта кету керек, бірінші сессияда мәслихаттың жетінші сайланымының шешімімен қалалық мәслихаттың 4 тұрақты комиссиясы құрылды: бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері бойынша; әлеуметтік-мәдени даму мәселелері бойынша; заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері бойынша; құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша, олардың құрамы бекітілді, комиссиялардың төрағалары сайланды.