Қала бюджетінің жобасын талқылау басталды
30.10.2020
Қалалық мәслихатта «Zооm» бейнеконференцбайланыс платформасында Қайырлы Таукеннің төрағалығымен Заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Жоспарға сәйкес 2021-2023 жылдарға арналған Нұр-Сұлтан қаласының бюджет жобасын талқылау басталды.
«Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысы Қайсар Маңқараев көзделген қаражаттың нақты не нәрсеге бөлінетіндегі және олар алдағы жылға жеткілікті ма екендігі туралы депутаттарға баяндама жасады.
«Жалпы өңірлік өнімнің көлемі 2020 жылдың I жартыжылдығында 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4%-ке өсіп, 3 031, 5 млрд теңгені құрады. ЖІӨ-дегі облыстың үлесі 10,7% құрайды. Жоспар бойынша 2019 жылы 6,7 трлн теңгені құраса, 2025 жылға қарай
11,2 трлн теңгеге дейін ұлғайып, ЖӨӨ-нің жылдық өсімін 4% дейін қамтамасыз ету қажет», – деді Қайсар Маңқараев.
Пандемия мен карантиндік шектеулерге қатысты салық базасының өсу қарқынының бәсеңдеуіне байланысты 2021 жылы кірістер 2020 жылдың нақтыланған бюджетімен салыстырғанда 4,8% өседі деп болжануда. 2021-2023 жылдары өсім орта есеппен 4,3% құрайды.
«Жергілікті үш жылдық бюджет шығындарының жалпы көлемі 1 001 376,3 млн. теңге көлемінде жоспарланған, соның ішінде: 2021 жылы – 319 734,4 млн. теңге, 2022 жылы – 332 270,6 млн. теңге, 2023 жылы – 349 371,3 млн. теңге» – деді - деді экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.
Мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы барысында депутаттар төрт ведомствоның әр бюджеттік бағдарламасын қаржыландыруды егжей-тегжейлі қарастырды: Нұр-Сұлтан қаласының «Ішкі саясат басқармасы» ММ; «Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ; «Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ; Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты (Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету орталығы» КММ ).
Бұдан басқа, жергілікті бюджеттен келесі аумақтық бөлімшелерді қаржыландыру мәселесі талқыланды: Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті; Нұр-Сұлтан қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті; Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті.
Қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Сабыр Жүсіпбеков бюджеттің жобасы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен пысықталғанын айтты.
«1 миллиард теңге қосымша қаржыландыру туралы мәселе бар. Жыл сайын бізге материалдық-техникалық базаны нығайтуға 2-2,5 миллиард теңге бөлінеді. Егер сіз техникалық жабдықты қарасаңыз, бұл 55% - 76%. 2,3 млрд.теңгені, оның ішінде республикалық бюджеттің 300 млн. теңгені құрайтын 2020 жылғыдай бюджетті қолдауыңызды сұраймыз. Біз қолдауды сұраймыз, өйткені шұғыл түрде шешуді қажет ететін мәселелер бар, ал конкурс наурыз айында немесе одан кейін өткізіледі. Конкурс қаңтар-ақпан айларында өтеді, бірақ үміткерлердің болмауына байланысты өткізілмеген болып саналады және кейінірек қайта өткізіледі. Департаменттің жұмысы сапалы жүргізілуі үшін сізден қосымша қаржы бөлуді сұраймыз» – деп атап өтті С.Т. Жүсіпбеков.
Депутат Рамзия Өмірбаева карантин кезіндегі жұмысы үшін елордалық полиция қызметкерлерін сыйлықақы төлеу туралы С.Т. Жүсіпбековке сұрақ қойды.
Депутат: «бұл ақша жергілікті бюджетке енгізілген бе? Қандай бөлімшелерге төленеді?» – деп сұрады.
Сабыр Жүсіпбеков түсіндіргендей, ақша республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен түседі және барлық аттестатталған қызметкерлерге беріледі, аттестатталмаған қызметкерлер қаражатты үнемдеу есебінен жергілікті бюджеттен алады.
«Ел Президенті өзінің Жолдауында біз табиғи және техногендік апаттар дәуіріне аяқ басамыз деп айтты. Өкінішке орай, өртке қарсы 142 нысанның 72%-і 10 жыл немесе одан да көп уақыт жұмыс істеп келеді және оларды ауыстыру қажет. Біз қазір жыл соңына дейін аяқталатын бірінші лизингтік сатыдамыз. Жалпы құны 3 миллиард теңгені құрайтын 48 түрдегі жабдықты сатып алу қажет. Келесі жылға бізге 695 миллион теңге қажет. Жабдықты қолдана алуымыз үшін сізден 2 лизингке қолдау көрсетуіңізді сұраймыз, төлем 2-3 жыл ішінде жасалады», – деді Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Сыздықов.
Ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Рахманберді депутаттарға алдағы мерейтой – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы туралы еске салды.
«Президент айтқандай, бұл мерейтой кең көлемде аталып өтілмейді, дегенмен республикада және елордада ақпараттық-насихаттау жұмыстарына көп көңіл бөлінеді. Қаржыландыру туралы ақпаратты экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы жариялады. Егер сізде сұрақтар туындаса, мен жауап беруге дайынмын», – деді Т.А. Рахманберді.
Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек олардың қосымша жобаларды қаржыландыру бойынша ұсыныстары бар екенін айтты.
«Кітап оқитын ұлт» жобасына 15 млн. теңге, оның барысында жастарды кітап оқумен таныстыру бойынша жұмыс жүргізіледі, «Ұлы дала жүрегі» екінші қосымша жобасы 8 млн. теңге. Шетелдегі жастар ұйымдарының қызметін талдай келе, біз жас жазушылар, публицистер, драматургтер қатыса алатын конкурстар өткізбейтініміз туралы қорытындыға келдік. Мұндай жарыстар іс жүзінде республикада және елордада мүлдем өткізілмейді. Сонымен қатар, аула клубтарын жөндеуге, қайта құруға 114 миллион теңге сұрап отырмыз», – деді Д.Ж.Кәрібек.
Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Нұрдәулет Әлмұханов лимит аясында бөлінген сома 235 миллион теңгені құрайтынын атап өтті.
«Негізінен, бұл сома діни ахуалды зерттеуге, талдауға бағытталады, бұл белгілі бір адамдармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және нысаналы, мақсатты жұмыстар жүргізілетін іс-шаралар жиынтығы. Осы бюджеттің жобасын қолдауларыңызды сұраймын», – деді Н.И. Әлмұханов.
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қаржы-экономикалық бөлімінің басшысы Сайдулла Өмірзақов басты баяндамашы 1 миллиард 48 миллион теңге лимит шеңберіндегі сандарды жариялағанын баса айтты. Әкімнің аппараты 6 бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады, бұл сома елорда әкімінің қызметіне қажет. Сізден бюджет жобасына қолдау көрсетуіңізді сұраймыз», – деді С. Өмірзақов.
Тұрақты комиссия төрағасы басты баяндамашы мен құрылымдық бөлімшелер басшыларының сөздерін қорытындылай келе, полиция департаментінен, төтенше жағдайлар департаментінен, қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасынан қосымша қаржы бөлу туралы ұсыныстар болғанын, қалған басшылар бюджет жобасында көрсетілген сомамен келіскенін айтты.
Депутат Қарақат Абден гендерлік, отбасылық, демографиялық саясатты қаржыландыруға қатысты көптеген сұрақтар бар екенін атап өтті. Бұл мәселелер ішкі саясат басқармасының, жастар саясаты мәселелері басқармасының құзыретіне тікелей байланысты емес. Бұл маңызды мәселелер. Қазір бюджет үш жылға жасақталып жатыр, сондықтан тағы да осы проблемаларды көтеріп отыр.
Қ.З. Маңкараев, бұл мәселелерді қала әкімшілігі шешеді, ал саясаты мен көлемін бағдарлама әкімшілері белгілейді деп жауап берді.
Депутат Гүлнәр Данбаева полиция департаментіне арналған жаңа ғимараттың құрылысы қалай жүріп жатқанын сұрады.
Депутат Мирас Шекенов полиция департаментінің қызметі туралы сұрақты жалғастырып, 18 миллион теңге нашақорлықпен күресуге жеткілікті ме деп сұрады. Бұл сома жастармен түсіндіру жұмыстарына арналған болса да, бұл мәселені талқылау үшін тұрақты комиссияның бөлек отырысын өткізген жөн. Департамент мәслихат үшін талдамалық ақпарат дайындау қажет.
Депутат Рамзия Өмірбаева жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысына сауал жолдады.
«Сол жағалауда, «Алматы» ауданында бірде-бір аула клубы жоқ, клубтарды ашу мәселесі қашан шешіледі? Сізден ақпарат дайындап, аула клубтарының ашылу мерзімдерін көрсетуіңізді сұраймын», - деді Р.Ф. Өмірбаева.
Дәулет Кәрібек басқарма ең алдымен басқарма жоспарында, сол жағалауда тұратын балаларға қарағанда, ақылы спорттық клубтарға бару мүмкіндігі жоқ, аз қамтылған отбасылардың балалары бар шеткі аудандар үшін аула клубтарымен қамтамассыз ету керек деп жауап берді. Онда көптеген спорт клубтары, секциялары, спорт сарайлары бар.
Отырыстың нәтижелері бойынша тұрақты комиссия бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттерінің ұсынылған жобаларын мақұлдады және оларды мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысының қарауына жіберді.