Елорданы сумен жабдықтау, су бұру және сарқынды суларды тазарту жүйелерімен қамтамасыз ету туралы
21.10.2020
Қалалық мәслихатта Илья Мещеряковтың төрағалығымен экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы «Zооm» бейнеконференцбайланыс платформасында өтті. Тұрақты комиссияның отырысына елорда аудандары әкімдерінің орынбасарлары, тиісті мемлекеттік органдардың басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Атқарушы органның Нұр-Сұлтан қаласының сумен жабдықтау, су бұру және сарқынды суларды тазарту жүйелерінің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету саласында атқарушы органның жүргізіп жатқан жұмыстары туралы «Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ мемлекеттік мекемесінің басшысы Т.Б. Құлұшев баяндады.
Төлеген Құлұшев мәслихат депутаттарына бюджеттік бағдарламалар
(2018-2020 жж.) шеңберінде сумен жабдықтау, су бұру және сарқынды суларды тазарту жүйелерін салу, қайта құру және жаңғырту жобаларының іске асырылуы және 2021 жылға арналған жоспарлары туралы хабардар етті.
«Елорданың сумен жабдықтау және суды тазарту жүйесі келесі инженерлік құрылымдармен ұсынылған: 1-ші көтерілімнің 2 сорғы станциясы (Астана су қабылдағышы); Нұра-Есіл каналындағы көтерілімнің сорғы станциясы; ауыз суды дайындау станциясы және екінші көтерілімнің сорғы станциясы, су сорғы станциялары – 98 дана. Сумен жабдықтау жүйелерінің тозуының орташа деңгейі – 41% құрайды», – деді отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.
Орталықтандырылған сумен, яғни «үйдегі суды» жабдықтауға халықтың 96,5% жақсарту дәрежесімен қол жеткізе алады, 3,4% ауыз су бөлетін колонкалар арқылы пайдаланады. Орталықтандырылмаған сумен жабдықтауды (ұңғымалар, құдықтар) халықтың 0,1% пайдаланады.
«Су бұру жүйесі 165 кәріздік тазарту құрылғысынан тұрады. Сумен жабдықтау жүйелерінің орташа тозу деңгейі 40,7% құрайды. Халықтың 92,8%-і орталықтандырылған су бұру жүйесіне қол жеткізді», – деді басқарма басшысы Т.Б. Құлұшев.
Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы су бұру жүйесін қайта құру жалғасуда, ол үшін бюджетте 6,2 млрд теңге қарастырылған, қаражаттың жартысынан көбі 1 қыркүйекке дейін игерілген.
«Жүйенің 41% тозуы қаланың біраз уақыттан кейін балшыққа бататынын білдіреді. Сіз жұмысты жақында бастадыңыз, азаматтардың өмір сапасына айтарлықтай әсер ететін жұмысыңыздағы сабақтастықтың жоқтығына назар аударыңыз. Мысалы, іс жүзінде қаланың орталығында орналасқан Шұбарда су бұру мен кәріз жүйелеріне қосылу мәселелері көптеген жылдар бойы шешілмеген.
7 өрт сөндіру бекеті орталық сумен жабдықтау және кәріз жүйелеріне қосылмаған, бұл елорданың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей әсер етеді», – деді депутат Зейнолла Шибкенов.
Елорда мәслихаты хатшысының м.а. Мәжит Шайдаров Учхозда тұратын азаматтар көптен бері келе жатқан проблеманы, яғни кәріз суларының үнемі иісі шығып жататындығын еске түсірді. Бұл тұрғын алап кәріз жүйесіне де қосылмаған.
Мирас Шекенов: «ауыз судың екінші көзінің жоқтығынан қалалық сумен жабдықтау жүйесіндегі мәселе қалай шешіліп жатыр? Келесі мәселе Талдыкөл көлінің жағдайы туралы, рекультивация қашан жүргізіледі?» – деп сұрады.
Төлеген Құлұшев балама су көзі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетінде қаралып жатыр деп жауап берді. Есіл ауданының балансына өткен Талдыкөл көлінің жағасында саябақ аймағын құру жоспарлануда.
Төрағалық етуші Илья Мешеряков негізгі мәселе бойынша нәтижелерді қорытындылай келе, қуаттылықтың жетіспеушілігін, инженерлік инфрақұрылымның едәуір бөлігінің нашарлауын, тиісінше, оны ерте жаңарту қажеттілігін, сондай-ақ су көздерін ластайтын бұзушыларды анықтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізу қажеттілігін атап өтті және мемлекеттік органдардың өкілдерінен талдамалық ақпарат дайындап, мәслихатқа ұсынуды сұрады.