Мәслихат сессиясына дайындық барысында объектілерге бару туралы
09.09.2020
Мәслихат депутаттары Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, елорда аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарып жатқан жұмыстары мәселесі бойынша кезекті сессиясына дайындық барысында 5 нысанды аралады.
Топ құрамында депутаттар Мәжит Шайдаров, Зәуре Жүсіпова, Рамзия Өмірбаева, Қарақат Абден, Гүлнәр Данбаева, Зейнулла Шибкенов, Қайырлы Таукен, Аман Аюпов, Илья Мещеряков, Саят Батпенов болды және депутаттар тобын «ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ бастығы Бауыржан Сыздықов алып жүрді.
Аралау Орталық қалалық саябақтағы Орталық қалалық жағажайға барудан басталды. Департамент бастығы депутаттарға қазіргі кезде елордада 23 шомылу орны бар, оның 3-іне рұқсат берілген (Орталық жағажай,
«Три пескаря» және «Столичный двор» демалу аймақтары). Су айдынына жүктемені азайту үшін қала әкімінің қаулысында күн сайын 7 мың адам шомыла алатын 7 суға түсу орны енгізілген.
«Үш жыл ішінде су қоймаларында 31 адам қайтыс болды, оның 10-ы балалар, сол кезең аралығында 41 адам құтқарылды, олардың 9-ы балалар. Өткен шомылу маусымы кезінде 5 адам қайтыс болды, олардың арасында бірде бір бала болған жоқ», – деді Б. Сыздықов.
Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың қолдауымен 80 жеке құрам, 60 қоғамдық құтқарушы, оқушылар мен студенттер арасынан еріктілер тартылды.
Екінші барған нысан Нигматуллин көшесі, 3 мекенжайы бойынша орналасқан № 16 өрт сөндіру бөлімі, оның аумағы 0,44 га құрайды, бөлімнің штат саны 54 бірлік, 5 негізгі өрт сөндіру машиналары бар.
Депутаттар № 16 өрт сөндіру бөліміне барған кезде өрт сөндіру бөлімінде көптеген проблемалар бар екенін атап өтті, яғни бөлім орналасқан ғимарат ескі, кіреберіс жолдары жоқ, ғимарат орталық кәріз жүйесіне, сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосылмаған, ішкі электр желілерін орнату қажет. Өрт сөндіру бөлімін қуаттайтын трансформаторлық кіші станцияны мердігер келісусіз, қоршауларсыз және пломбасыз көрші объект аумағында орнатқан.
Үшінші объект «Байқоңыр» ауданындағы Алаш тас жолы, 69 және
C36 көшелерінің қиылысында орналасқан жаңа өрт сөндіру депосы. 6 машина қоятын орын және 131 жеке құрамы бар. Ғимараттың жалпы ауданы
4567,54 шаршы метрді құрайды.
Әкімдіктің арқасында депо ғимараты салынды, онда депоның өмірін қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасалған. Аумақта қызметкерлер үшін жалдамалы тұрғын үй, 20 бөлме және 7 пәтер бар.
Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы: «Биылғы қыс мезгілінде депо қызметкерлері 1388 адамды құтқарды», – деп атап өтті.
Төртінші бару объектісі «Пригородное» тұрғын алабындағы
№44 көшесі, 2/2 ү. орналасқан №7 өрт сөндіру бөлімі болды. Ғимарат
ауданы –2386,3 шаршы метр, жалпы ауданы – 0,4641 га, штаттық
саны – 119 бірлік, негізгі техниканың 6 бірлігі (50%) бар.
№7 өрт сөндіру бөлімінің проблемалық мәселелерінің ішінде депутаттар асфальт жолдардың жоқтығына тоқталды. Бөлімшеден ең жақын тұрған қатты асфальт жамылғысына дейінгі арақашықтық 700 метр (Заречный тұрғын алабы) және орташа жүру уақыты ауа-райының жағдайына байланысты (қар, тұрақсыз ауа райы, лай) 7-10 минутты құрайды. Сонымен қатар, осы бөлімшенің өрт сөндіру бекеті ғимаратын жылыту автономды түрде жүзеге асырылады, сұйық отын қазандығы орнатылған. Ғимаратты жедел түрде қаланың орталық жылу және кәріз желілеріне қосу қажет.
Аралап барудың соңғы нысаны Керей Жәнібек хандар көшесі, 8 ү. орналасқан №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі болды. Ғимарат
ауданы – 2386,3 шаршы метр, жалпы ауданы – 16000 шаршы метр, штаттық саны – 119 бірлік. Өртті сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын және басқа да шұғыл жұмыстарды орындау үшін №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде 6 негізгі техника бар. №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі қызметкерлер үшін барлық қажетті жағдайларды қарастыратын арнайы жоба бойынша салынған. «Есіл» ауданы әкімінің қолдауымен қызметкерлерге арналған демалыс аймағы ұйымдастырылған.
Нысандарға бару кезінде көтерілген барлық мәселелер Мәслихаттың келесі сессиясында қаралатын болады.