Паралимпиадалық жаттығу орталығында қалалық мәслихат депутаттарының бастамасымен көшпелі кеңес өтті
10.02.2020
Бұған себеп болған паракаратисттердің ата-аналарының пікірлері бойынша қалыптасқан қолайсыз ахуал, қызметкерлердің өз қызметтік міндеттерін сақтамауына байланысты шағымдары болды.
Көшпелі кеңесті аша отырып, қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Шекенов Мирас осыдан жарты жыл бұрын МЖӘ шеңберінде аталған жоба қызметінің тиімділігі қалалық өкілетті биліктің тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында талқыланған тақырып болғанын еске алды. Сол кезде қалалық әкімдіктің атқарушы органдарына және Орталыққа тиісті тапсырмалар берілді.
Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық ортаны регенерациялау басқармасы өкілінің айтуынша, ұсыныстар толық көлемде орындалды. Бұл орталықты мамандармен қамтамасыз етуге де байланысты. Бүгінде бұл жерде сертификатталған нұсқаушылар мен дәрігерлер еңбек етуде. Сондай-ақ адамдарды тасымалдауды қамтамасыз ететін тармақ та орындалған.
Аталған ақпаратты Паралимпиадалық жаттығу орталығының және «Тарлан» мұз аренасының атқарушы директоры Темірханов Шыңғыс толықтырды, ол қазіргі кезде 6 ұйымға жаттығу жүргізу үшін шарттар мен мүмкіндіктер берілгенін атап өтті. Олардың ешқайсысынан шағым түскен жоқ. Сұралған келушілердің 92% барлығына риза. Депутаттық корпустың ұсынымдарын басшылыққа ала отырып, орталықта ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға арналған клуб құрылды, онда мамандар психологиялық көмек көрсетеді, кеңес береді, кино көрсететін зал жұмыс істейді, жексенбі күндері йога бойынша сабақтар өтеді. Мүмкіндігі шектеулі келушілерге арзан кафелер, фотосессиялар қызмет көрсетеді. Қазақстанда алғаш рет балаларға арналған паралимпиадалық ойындар өтті, оғанекі жүзден астам ерекше балаларды қатысты. Осыған ұқсас іс-шара ағымдағы жылдың мамыр айының басына жоспарланып отыр, сондай-ақ қатысушыларды көбірек қамту және спорт түрлерін көбейту жоспарланған. Мұндай іс-шаралар ерекше балалар үшін кедергілер мен шекараны қозғайды, олардың әлеуметте жақсы бейімделуіне көмектеседі.
Депутаттармен сұхбаттасу барысында басқа да проблемалық мәселелер айтылды. Қазақстанда бейімді дене шынықтыру (БДШ) бойынша мамандар дайындайтын ЖОО жоқ екен. Орталықтың нұсқаушылары мен дәрігерлері көп жағдайда ерекше адамдардың еріп жүретін тұлғаларсыз спортпен шұғылданатыны мазалайды, бұл қауіпсіз емес.
Кеңес аяқталғаннан кейін халық қалаулылары Паралимпиадалық жаттығу орталығында өткен уақыт ішінде болған оң өзгерістерге көз жеткізді.
МЖӘ шеңберіндегі осы алғашқы және бірегей жобаның өмірлік қажеттілігін ескере отырып, көшпелі кеңес қорытындысы бойынша елордалық мәслихат депутаттары ЖОО-ның дене шынықтыру кафедраларында БДШ мамандарын дайындау туралы ҚР БҒМ өтініш жасау туралы шешім қабылдады.
Сондай-ақ депутаттар Паралимпиадалық орталыққа, атқарушы органдарға нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, жаттығу залын швед қабырғалары, үлкен және кішкентай грушалар, табан және бұрау түріндегі құрал-жабдықтармен жабдықтау. Мүгедек балалардың ата-аналарымен оларды міндетті түрде ертіп жүруді қарастыруды жеке шарттың тармағына енгізуді пысықтау. Жобаны дамыту депутаттық корпустың тұрақты бақылауында болады.
Көшпелі кеңес жұмысына ҚР Ұлттық паралимпиадалық комитеттің бас директоры Ерлан Сүлейменов, «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық ортаны регенерациялау басқармасы» ММ, «Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты.