Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру
27.01.2022
Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – жұмыс тобы) сандық құрамы 9 адамды құрайды, олардың 3 мемлекеттік органның өкілдері, 6 – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және Қазақстан Республикасының азаматтары.
Конкурс Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің талаптарына сәйкес коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының азаматтары арасында өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсырады:
1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) коммерциялық емес ұйымның жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы;
3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.
Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтар қатарынан жұмыс тобының мүшелерін сайлау жөніндегі конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 28 қаңтардан 10 ақпан аралығында жүргізіледі.
Құжаттар Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 218-кабинет мекенжайы бойынша «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының аппараты» ММ ұсынылады немесе maslihat_org@mail.ru электрондық поштаға жіберіледі.
Ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында жұмыс тобының отырысына коммерциялық емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан байқаушылар қатыса алады.
Байқаушы болуға ниет білдірген тұлға 2022 жылғы 28 қаңтардан 10 ақпан аралығында Нұр-Сұлтан қаласының мәслихатына жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Анықтама телефондары: 55-66-31, 55-66-37.