1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде аспирантураны бітіргеннен кейін, еңбек жолын әділет министрлігінің заңнама және халықаралық құқық департаментінің жетекші маманы ретінде бастады, одан кейін Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы халықаралық мемлекеттік кеңесі атқарушы комитетінің құқық саласында ынтымақтастықты үйлестіру бойынша хатшылық орталықтың бас сарапшысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппаратының заңнама және құқықтық реформа бойынша хатшылық комитетінің құқықтық сарапшылық бөлімінің кеңесшісі, құқықтық сарапшы бөлімінің қаржылық заңнама сектор басшысы, «Қалалық жылжымайтын мүлік орталығы» ЖШС атқарушы директоры, Астана қ."Нұр-XXI" ЖШС, Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өндіріс департаменті директоры, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға көмекшісі болып жұмыс істеді. 2011 жылдың тамызынан қазіргі күнге дейін "НҰР" компаниясы тобының директорлар Кеңесінің төрағасы болып жұмыс жасайды.
"Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" /2001/, "Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл" /2006/, "Қазақстан Республикасының және оның астанасының дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқаны үшін "10 жыл Астана" /2008/ мерейтойлық медалдарымен марапатталған.
Құқықтану ғылымының кандидаты.
2017 жылдың наурызында Астана қаласы мәслихаты алтыншы шақырылымының депутаты болып сайланған. Үйленген, үш баласы бар.
Қалалық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі мен қоғаммен жұмыс жасау жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі.
"Нұр Отан" партия мүшесі.
Телефон: 53-16-03
Сайт: www.nurgroup.kz
Е-mail: nurbereke.555@mail.ru