Абден Қарақат Жақсылыққызы
№19 сайлау округі
Абден Қарақат Жақсылыққызы 1974 жылғы 7 мамырда дүниеге келді.
Экономист-маркетолог мамандығы бойынша Алматы халық шаруашылығы институтын аяқтады.
Еңбек қызметін Алматы қаласында «Орда» жеке-меншік фирмасында экномист ретінде бастады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігінің Ірі салық төлеушілері департаментінің жетекші маманы болып жұмыс істеді. 1999-2009 жылдары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде Салық комитетінің Салық төлеушілердің мониторингі басқармасы бөлім басшысының, Салық комитетінің салық апелляциялары басқармасының бас маманының, Салық комитетінің № 1 Ауданаралық салық комитетінің салық төлеушілермен жұмыс басқармасының бөлім басшысының, Салық комитетінің өндірістік емес төлемдер басқармасының бөлім басшысы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетінің № 4 Бақылау басқармасының бас сарапшысының міндеттерін атқарды.
2009-2013 жылдар бойы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік саясат ұлттық мектебі директорының орынбасары, «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратының инновациялық комитетінің консультанты болып жұмыс істеді.
Экономикалық ғылымдар кандидаты. 2011 жылдан бастап «Нұр Бөбек» ЖШС құрылтайшы-директоры. 2013 жылдан бастап «Қазақ қызы» ҚБ төрайымы, «Асыл Бөбек» Астана қаласы жеке-меншік мектепке дейінгі ұйымдары қауымдастығының төрайымы лауазымдарын атқарады.
2016 жылы алтыншы шақырылым Астана қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды.
Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Телефоны: 99-94-64, +7-775-222-13-31
E-mail: dzhanabaeva_altyn@mail.ru