Сайлау округтерінде депутаттардың Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіруі жалғасын тауып отыр
24.10.2019
Мемлекет басшысы – Ұлт көшбасшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру мақсатында № 45 орта мектеп ұжымы алдында астаналық мәслихат депутаты Абден Қарақат Жақсылыққызы сөз сөйледі.
Қарақат Абден өз сөзінде айтып өткендей «Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы мәні жағынан бірегей болып табылады.
Ұлы Абай «Ақырын жүріп – анық бас» деп айтып кеткендей, біздің, қазақстандықтардың өз жолымыз бар. Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде біз теңдессіз тәжірибе жинақтап, аса сапалы халыққа айналдық. Бұл алыс және жақын өңірлердегі Қазақстанның ниеттес достарын қуантып отыр. Қазақстан әлемдік қоғамдастықта көркею үстіндегі мемлекет ретінде танылған. Қол жеткізген жетістіктерімен шектеліп қалмастан, жаңа ғаламдық міндеттер белгіленіп отыр. Осы жағдайлардың барлығы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауынан көрініс тапқан. Мұнда қарқынды түрде құбылып отырған әлемде жаңа жаһандық нақтылықтың талаптарына бағытталған нақты міндеттер айқындалған. Президент дүние жүзінде кезекті төртінші өнеркәсіптік революция басталғанын айтып кетті».
Бұдан басқа, астаналық мәслихат депутаты Қарақат Жақсылыққызы 2017 жылдан бастап республикада «Барлығына арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы өз жұмысын бастағанын айтып кетті, ол көптеген жастарға жұмысшы мамандықтарын тегін алып шығуға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысының Жолдауын талқылауға №45 мектептің директоры Бауыржан Кабажаевич қатысты.
Оқу орнының басшысының сөзіне сәйкес, Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы – бұл іс-әрекет бойынша нақты нұсқаулық болып табылады. Мемлекет басшысының жолдауымен танысқаннан кейін ресурсты сақтау жұмыстарын, барлық заманауи тәуекелдерге сәйкес келетін Ұлт көшбасшысының жоспарын ерекше атап өтуге болады. Елдің дамуының басты мақсаты бүгінгі таңда – барлық қызмет салаларында мықты мемлекетке айналу қабілеті деп айтып өтті директор.
Өз сөзінде Бауыржан Кажабаевич Президент жолдауында білім беру жүйесіне баса назар аударылғанын айтып кетті. Біздің міндетіміз ІТ-технологиялар саласында жоғары құзыреттілікке ие, қаржылық сауаты мен құқықтық мәдениеті бар адам мен азаматты қалыптастыруға негізделеді. Біз қоғам алдында патриотизм мен жастардың азаматтық белсенділігін арттыру үшін жауапты боламыз деп түйіндеді өз сөзін мектеп басшысы.
Қорыта келе, қатысушылар Мемлекет басшысының Жолдауын толықтай қолдайтындарын жеткізді.