Нұрпейісов Жанат Ғазизұлы
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы
№1 сайлау округі
Нұрпейісов Жанат Ғазизұлы 1961 жылғы 16 қарашада Солтүстік-Қазақстан облысы Булаев ауданының Сүлышоқ ауылында туды. Қазақ, білімі жоғары. 1982 жылы экономист мамандығы бойынша Алматы халық шаруашылығы институтын аяқтады.
Еңбек қызметін Солтүстік-Қазақстан облысының Возвышенка аудандық қаржы бөлімінің ауыл шаруашылығы бойынша аға экономисі ретінде бастады. 1982-1984 жылдары Кеңес армиясы қатарында қызмет етті. 1984-1998 жылдары Возвышенка аудандық қаржы бөлімінің тексеруші-бақылаушысы және Солтүстік-Қазақстан облысы Возвышенка аудандық Мемлекетік салық инспекциясының бастығы, Ақмола қаласы Қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді. 1998-2016 жылдары «Астана қаласының Қаржы басқармасы» ММ бастығының орынбасары, кейін «Астана қаласының Қаржы басқармасы» ММ бастығының, ал содан соң «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысы орынбасарының және басшысының міндеттерін атқарды.
"Қаржы қызметінің үздігі" – 01.12.2011 ж.
Мемлекеттік наградалары бар.
- "Құрмет" ордені /2011/,
- «Астана» мерейтой медалі /2010/,
- "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» /2001/,
- "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" /2011/ мерейтой медалі.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі.
2016 жылдың 20 наурызында алтыншы шақырылым Астана қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды. Алтыншы шақырылым Астана қаласы мәслихатының хатшысы.
Телефон: 55-66-31.
E-mail: maslihat_org@mail.ru
Тұрғындардан Нүрпейсов Жанат Ғазизұлына алғыс
Астана қаласының мәслихат хатшысы Ж.Ғ.Нүрпейсов Орталық клиникалық госпиталь ардагерлерімен кездесті
Мәслихат хатшысы Ж.Г. Нурпиисовтың атына депутатқа алғыс білдірген хат келді
Мәслихат хатшысы Ж.Г. Нурпиисовтың атына депутатқа алғыс білдірген хат келді